ХАДИС: Ансарлық Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Бірде Пайғамбарым | NURLY.ISLAM
ХАДИС:
Ансарлық Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге жорыққа шыққан едік. Бір кезде ол бізге: «Мәдинада жорыққа шыға алмаған, алайда сендер қай жолмен жүріп, қай сайды кесіп өтсеңдер де (шынайы ниеттің арқасында) әрдайым сендермен бірге болған ерлер бар. Ауру-сырқау оларға қол байлау болды», – деп айтты», – деген.
Басқа бір риуаятта: «Олар (шынайы ниеттің арқасында) сендер кенелген сауапқа ортақ болады», – деп айтылған.