Get Mystery Box with random crypto!

Мереке күні Айша анамыз пайғамбардан (ﷺ) эфиоптардың ойынын кө | NURLY.ISLAM

Мереке күні Айша анамыз пайғамбардан (ﷺ) эфиоптардың ойынын көруге рұқсат сұрайды. Рұқсат беріледі. Сөйтіп, ол мешіттің алдында өткен ойынды Алла Елшісінің (ﷺ) артында тұрып, тамашалайды. Расулалла жұбайына кедергі келтірмес үшін бір иығын түсіріп тұрады. «Мен иегімді оның иығына қойып, бетімді жағына жақындаттым», – дейді Айша анамыз. Алла Елшісінің (ﷺ) аяғы талып, шаршаса керек: «Уа, Айша, көріп болдың ба?» – деп сұрағанда: «Жоқ», – деп жауап береді. Бұл жауабын анамыз былай түсіндірген екен: «Оларды көргім келгендіктен емес, өзге әйелдердің менің жас екеніме қарамастан, Расулалланың (ﷺ) маған қалай қарым-қатынас жасайтынын көргендерін қаладым...».

Күндеріңіз сәтті, берекелі махаббатқа толы болсын!