Get Mystery Box with random crypto!

Кеше 31 мамыр, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні өт | Narikbi LIVE

Кеше 31 мамыр, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні өтті.

Осы ауыр тақырыпқа келгенде мен тыныш отыра алмайды екенмін. Мен мектепте оқығанда бұл туралы еститінмін. Бірақ, бұның масштабын түсінбегендей болдым.

Менің анам тарих пәні мұғалімі. Бір күні анама ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы сабағына көмектескен едім. Сол кезде көзім ашылғандай болды.

Алаш арыстарының сөздері бірінші рет саналы түрде оқып көрдім. Ойлана бастадым. Елестетіп көрші, сен жап жас, тепсе темір жігітсің. Астыңда мінген атың бар, жайлауда малың көп.

Шалқып өмір сүрудің орнына халықты көзін ашу үшін оқу оқисың. Елге келіп мектеп ашасың. Қазақ тілді алғаш газет ашасың. Кітап шығарасың.

Кеңес үкіметінің бір күні сенің артыңнан келетінін біле тұра бәрін жасайсың. Тыңбай еңбек етесің. Ақыры сол жолда құрбан боласың.

Бұл адамдарда не мотивация болған? Қазіргі заман "мотиваторларының" сөздері өтпейді бұнда. Бұл кісілердің құндылықтары бөлек болғаны сөзсіз.

Мен подкаст жасаған сайын кейбір қоғамдағы проблемалардың түбі осы ашаршылық пен ату жазасына кеткен зиялылардың жоқтығынан пайда болған 20 ғасырдағы қазақ трагедиясына тірелетіне көзім жетіп жатыр.

Мысалы, Қазақстанды бір Google секілді алып компания деп есестетіп көрейік. Енді топ менеджменттегі бүкіл 10мың адамды жұмыстан шығарып жіберейік. Ондай компанияның болашағы не болмақ? Бұл да соған ұқсайды.

Осы жайлы марқұм атамның жанында көп ойланатынмын. Менің атам сол ашаршылықта туылған. Қиыншылықтың дәмін кішкентайынан сезген. Бірақ сол кездерді көп еске ала бермейтін.

Керісінше, тек болашақты ойлайтын. Өзі көре алмаған өмірін біз арқылы көргісі келгендей. Дәл солай Алаш арыстары да болашақтың қамын ойлаған шығар.

Гректердің мына сөзі ойыма келіп тұр: қоғамның дамуының белгісі - ол үлкен кісілердің өздері ешқашан көлеңкесінде отырмайтын ағашты отырғызуы.

Біз де, сіз де сол ағашты бірге отырғызайық.