Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 23.81K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 14

2022-02-24 13:44:47 Пост на русском ниже

Мен алғаш рет Украина елінде 2017 жылы болдым. Шынын айтсам, мен ол ел жайлы тек ресейлік жаңалықтардан көретінмін. Ал ол жаңалықтар украиндықтарды белгілі деңгейде ұлтшыл деп айтатын.

Мен Киевке іс сапармен келгенмін. Келе салып, украин халқының өзгеше жылы екенін байқадым. Қазақ екенімді біліп, көп жақсы қарсы алды. Мұсылман екенімді ескеріп, қай тағамды жемеу керегін де ескертті. Ешқандай ұлтшылдықты байқамадым.

Киев өзінің ерекше әсем архитектурасымен таң қалдырды. Мына сурет "Площа незалежності" - Тәуелсіздік алаңында түсірілген. Ол жылы "Майданның" 3 жылдығына байланысты қалада іс шара өтіп жатты. Сол алаңда қаншама жанын тапсырған азаматтардың тізімін көрдім. Жаным түршігіп кетті.

Ол кезде алаңдағы бір ғимаратта "Freedom is our religion!" деген жазу көрдім. Аудармасы "Азаттық - біздің дін". Бір апта сол елде болып, осы сөзге көзім жетті.

Қазақ та, украин да еркін халықтар. Осы ұқсастығымыз әрқашан осылай қалса деймін. Мені оқып жатқан украиндықтар болса, сіздерге сабыр тіледім. Жүрегімнің бір бөлігі сіздермен бірге!


Я был впервые в Украине в 2017 году. Эта была рабочая поездка. Честно сказать, я об украинцах читал только из российских СМИ. Там же говорилось, что они националисты и ущемляют местный народ.

Когда прибыл в Киев, я был сильно впечетлен. Я сразу понял, что украинцы совсем другой народ, чем я себе его представлял. Они очень дружелюбные и увидев, что я казах - они начали дружить со мной еще сильнее.

Еще, узнав что я мусульманин по вере, они подсказывали какую еду мне не стоит кушать. Никакого национализма я не увидел совсем.

Киев - прекрасный город с невероятной архитектурой. В ту поездку в Украине было трехлетие трагических событий на Майдане. "Площа незалежності" должен был быть концерт в день Украинской армии. Тогда же я увидел списки людей, погибших на этой площади. Я был просто в шоке от этого.

На одном из зданий было написано - Freedom is our religion! И действительно, пожив там неделю, я понял, что украинцы такой же вольный народ как и казахи.

Это то, что объединяет нас. Стремление к свободе. Всем моим украинским читателям - терпения вам. Я буду молиться за вас. Частичка моего сердца всегда с вами.
2.3K viewsedited  10:44
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 13:44:41
2.3K views10:44
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 14:08:07 Абылай Кенжеалы @abylaik бауырымның мына жазбасын бөліспесем болмас. Қазір ғаламтор толықтай ашық болғаннан кейін шығар, адам мен мүлік ақысы мүлдем сақталмайды.

Бірде онлайн курс жасайтын досыммен сөйлесіп едім. Оның айтуынша, қазір тіпті курстың өзін ұрлап, сатудың өзі қалыпты болып кеткен. Бәлки, халық әлі “береке” сөзінің мағынасын түсінбеді-ау деген ой келеді. Осыны Данияр Жігітбек досыммен кейінгі эпизодта қозғап едік.

“Мемлекет неге ұрлап жатыр?” деп коммент қалдыратын адамдардың көбі қарапайым киноның өзін тегін пиратский сайттардан қарайды ғой. Оның өзі де ұрлық. Түсірген адамдардың ақысын жеп жатсыз.

Осыны ойлап, “Әр халық өз басшысына сай” сөзін түсіне бастайсың. Егер ақымыздың жемейтін билікті қаласақ, өзгенің ақысын жемейтін халық болайық.

Айтпақшы, Абылай бауырыммен подкаст жазғанбыз. Мен жазған эпизодтардың ең қызықтарының бірі. Тыңдап шығуға кеңес беремін.
976 views11:08
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 13:55:03 Меломанға кірсем, 30 беттік бір кітапша (аты жасырын болсын) 6990тг тұрады екен. Сол кітапты меломанда отырып-ақ 15-20 минутта оқи салуға болады.

Бірақ, тегін оқылған кітаптың пайда әкелуі екіталай.

Құрманғазы ұстазым айтпақшы:

“ Жұрттың қызметін тегін пайдаланып кетуді бір өзінде біткен пысықтық, меңгерген ептілік сияқты түсіну, лажы болса қай жерде де төлемей кетуге тырысу кедейлік санадан.

Өзінің атын, танысын салып, бір жерге тегін жеткізіп берсе, қызметті тегін алсам деу, тегін ала салсам, қатыса салсам деу, лажы болса түрлі жолдармен көпшілікке тиісті мүлікті өз атына иемдене салу кедейлік, ашкөздік санасы.

Ол санадан шыға алмаған адам кедейлік аймағынан шыға алмайды. Кедейліктен шыға алмаған соң, айналадан кінәліні іздейді.

Өкінішке орай осы төмен сана, әдет қоғамымызда кең жайылған. Кедейлік себебінің бастылары осы.

Ал кедейлік ақшасы жоқтық емес, бар бола тұрса да тоқтаудың, ашкөздікке тыйымның жоқтығынан.”
2.2K views10:55
Ашу / Түсініктеме
2022-02-15 20:00:46 ​​Fail fast Нәтижеге жетудің көп жолы бар. Біз көбіне бәрін идеалды түрде жасағымыз келеді. Соңына дейін созып, дайындықпен жүреміз. Бірақ, бұл әдіс керек нәтижеге алып келмей жатады. Мысалы, сіз ағылшыннан IELTS тестін тапсыруыңыз керек. Ол үшін жарты…
3.7K views17:00
Ашу / Түсініктеме
2022-02-15 19:45:38 ​​Fail fast

Нәтижеге жетудің көп жолы бар. Біз көбіне бәрін идеалды түрде жасағымыз келеді. Соңына дейін созып, дайындықпен жүреміз. Бірақ, бұл әдіс керек нәтижеге алып келмей жатады.

Мысалы, сіз ағылшыннан IELTS тестін тапсыруыңыз керек.
Ол үшін жарты жыл курсқа қатысасыз. Біраз кітап пен материалдар сатып аласыз. Көп уақыт жұмсайсыз. Бірақ, соңында ойлаған баллды жинамай қалуыңыз мүмкін.
Неге? Өйткені, сіз тестке дайындалғанымен, тесттің өзін бірінші рет тапсырдыңыз.

Ағылшын тілінде мынадай принцип бар - Fail fast. Мағынасы - барынша тез құлауға тырысу.

Жоғарыдағы мысалға оралайық. Сіз IELTS тапсыруға бел буғаннан кейін бірденен сол тестті тапсырып көресіз. Еш дайындықсыз, курсқа қатыспай.
Неге?
1. Сіздің ағылшыныңыз тәуір болып бірденен жақсы баллды алуыңыз мүмкін. Қаншама уақыт пен ақша үнемдедіңіз.

2. Керек баллды алмасаңыз да, өз деңгейіңізді тексересіз. Тесттің қай тұсында әлсіз екеніңізді біліп аласыз. Дайындық барысында сол заттарға көбірек көңіл бөлесіз.

3. Тесттегі атмосфераны сезесіз. Бірінші рет тапсыру әрқашан қиын. Қобалжу көп, сәйкесінше керек емес қателер жасайсыз. Келесі рет тапсырғанда еш толғанбай отырасыз.

Бұл әдіс өмірдің барлық тұсына келе бермейді. Сол үшін ағылшында басқа сөз бар: Don’t Fail Fast — Fail Smart.
Құр бостан бос құлай бермей, ақылмен құлаңыз.

Осы әдіс өмірде көптеген жетістікке жетуге көмектескен. Әсіресе, жұмысқа тұруда. Мен кезінде интервью өтуден рекордсмен болған шығармын :))

Пайдалы болды ма?

P.S.: Суретте студент болып жұмыс істеп жүрген кезім
727 views16:45
Ашу / Түсініктеме
2022-02-12 23:58:17 https://twitter.com/Snowden/status/1492591511279751172
886 views20:58
Ашу / Түсініктеме
2022-02-12 23:57:58
Мені шок қылған твит.

Әйгілі программист һәм сөз бостандығы күрескері Эдвард Сноуден өзінің твиттерінде біздің жігіттермен қаңтар айында Қазақстанға интернет таратқанымыз жайлы жазды.

Оқып отырып, өзім 2014 жылы Сноуден жайлы түсірілген Citizenfour деректі фильмін көргенім әлі есімде. Көрмесеңіз, міндетті түрде қарап шығыңыз.

Осындай да күн болады ау.
960 viewsedited  20:57
Ашу / Түсініктеме
2022-02-11 16:15:56 300,000 евро Бірнеше күн бұрын үйіме хат келді. Жіберген Gemeente, біздің тілмен айтқанда - жергілікті ЦОН. Текст голланд тілінде жазылған, ортасында арабша және түрікше сөйлемдері бар. Қызықтың көкесі хатты Google Translate-пен аударғаннан кейін басталды.…
1.5K views13:15
Ашу / Түсініктеме