Get Mystery Box with random crypto!

Абылай Кенжеалы @abylaik бауырымның мына жазбасын бөліспесем б | Narikbi LIVE

Абылай Кенжеалы @abylaik бауырымның мына жазбасын бөліспесем болмас. Қазір ғаламтор толықтай ашық болғаннан кейін шығар, адам мен мүлік ақысы мүлдем сақталмайды.

Бірде онлайн курс жасайтын досыммен сөйлесіп едім. Оның айтуынша, қазір тіпті курстың өзін ұрлап, сатудың өзі қалыпты болып кеткен. Бәлки, халық әлі “береке” сөзінің мағынасын түсінбеді-ау деген ой келеді. Осыны Данияр Жігітбек досыммен кейінгі эпизодта қозғап едік.

“Мемлекет неге ұрлап жатыр?” деп коммент қалдыратын адамдардың көбі қарапайым киноның өзін тегін пиратский сайттардан қарайды ғой. Оның өзі де ұрлық. Түсірген адамдардың ақысын жеп жатсыз.

Осыны ойлап, “Әр халық өз басшысына сай” сөзін түсіне бастайсың. Егер ақымыздың жемейтін билікті қаласақ, өзгенің ақысын жемейтін халық болайық.

Айтпақшы, Абылай бауырыммен подкаст жазғанбыз. Мен жазған эпизодтардың ең қызықтарының бірі. Тыңдап шығуға кеңес беремін.