Get Mystery Box with random crypto!

​​Fail fast Нәтижеге жетудің көп жолы бар. Біз көбіне бәрін | Narikbi LIVE

​​Fail fast

Нәтижеге жетудің көп жолы бар. Біз көбіне бәрін идеалды түрде жасағымыз келеді. Соңына дейін созып, дайындықпен жүреміз. Бірақ, бұл әдіс керек нәтижеге алып келмей жатады.

Мысалы, сіз ағылшыннан IELTS тестін тапсыруыңыз керек.
Ол үшін жарты жыл курсқа қатысасыз. Біраз кітап пен материалдар сатып аласыз. Көп уақыт жұмсайсыз. Бірақ, соңында ойлаған баллды жинамай қалуыңыз мүмкін.
Неге? Өйткені, сіз тестке дайындалғанымен, тесттің өзін бірінші рет тапсырдыңыз.

Ағылшын тілінде мынадай принцип бар - Fail fast. Мағынасы - барынша тез құлауға тырысу.

Жоғарыдағы мысалға оралайық. Сіз IELTS тапсыруға бел буғаннан кейін бірденен сол тестті тапсырып көресіз. Еш дайындықсыз, курсқа қатыспай.
Неге?
1. Сіздің ағылшыныңыз тәуір болып бірденен жақсы баллды алуыңыз мүмкін. Қаншама уақыт пен ақша үнемдедіңіз.

2. Керек баллды алмасаңыз да, өз деңгейіңізді тексересіз. Тесттің қай тұсында әлсіз екеніңізді біліп аласыз. Дайындық барысында сол заттарға көбірек көңіл бөлесіз.

3. Тесттегі атмосфераны сезесіз. Бірінші рет тапсыру әрқашан қиын. Қобалжу көп, сәйкесінше керек емес қателер жасайсыз. Келесі рет тапсырғанда еш толғанбай отырасыз.

Бұл әдіс өмірдің барлық тұсына келе бермейді. Сол үшін ағылшында басқа сөз бар: Don’t Fail Fast — Fail Smart.
Құр бостан бос құлай бермей, ақылмен құлаңыз.

Осы әдіс өмірде көптеген жетістікке жетуге көмектескен. Әсіресе, жұмысқа тұруда. Мен кезінде интервью өтуден рекордсмен болған шығармын :))

Пайдалы болды ма?

P.S.: Суретте студент болып жұмыс істеп жүрген кезім