Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арнадағы тақырыптар:
Серіктестік
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 20.60K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 17

2022-02-02 15:01:35 Халықаралық компанияда істеудің ерекшеліктері жиі сұрап жатады. Негізі, бұл өте қызық тәжірибе. Елде жүріп ондай experience алу қиын.

Менің командамда үндіс, қазақ, жапон, белорус, түрік, араб, бангладеш, американдық бар. Бір жерге жиналып сөйлесе бастасаң, әлемнің қаншалықты әр түрлі, ерекше екеніне көзің жетеді.

Мысалы, кеше менің индиялық әріптесім өзінің туып өскен жері туралы айтып берді. Жалпы, Индия тұтас мемлекет болғанымен, өзінің ішінде өте көп халықтар мен тілдер бар. Олар үшін хинди - өзара ортақ тіл ғана. Мен көрген үндістер бір-бірімен көбіне ағылшынша сөйлеседі.

Әріптесімнің фамилиясы Jain еді. Сөйтсем, ол сол жердегі діннің атауы екен. Айтқаннан соң, гуглдан іздей бастадым. Бұл джайнизм атты көне үнді діндердің бірі екен. Қызығы, бұл адамдар жерден өсіп шығатын жемістерді жемейді. Мысалы, картоп, сәбіз дегендей. Себебі, оларды жерден шығарсақ өлтіреміз деп сенеді.

Жануарларға тіпті жоламайды. Одан бөлек, біздегі "палау" мен "нан" оларда да тура солай айтылады екен. Оларға палауды біздің, яғни орта азиядан келгенін растап отыр. "Индиялық шай" деген түсінік оларды британдықтар жаулағаннан кейін ғана пайда болды дейді. Мен шайды бүкіл әлемге үндістер әкелді ма десем.

Айта берсең, әңгіме көп. Мынау соның бірі ғана. Сонда, мен бір кофе үстінде отырып, әлемнің ар жағында өмір сүріп жатқан өркениет мен мәдениетті біліп алдым. Ол жерде ешқашан болмасам да. Керемет емес пе?

Шетелге шығып жатсаңыз, міндетті түрде әр түрлі ұлт өкілдерімен араласуға тырысыңыз. Өте таң қаласыз. Олар да қазақтар туралы біраз мәлімет біліп қалар.

Индия туралы мәлімет қызық болды ма?)
11.3K viewsedited  12:01
Ашу / Түсініктеме
2022-02-02 15:01:32
9.6K views12:01
Ашу / Түсініктеме
2022-02-02 14:22:49 Менің Steppe баспасына берген сұхбатым шықты. Бұл жолы қазақша, лонгрид емес

https://the-steppe.com/steppe-qazaqsha/it-mamandy-a-yzy-ushyly-ym-olimpiadalar-a-atysuymnan-bastaldy-amsterdamda-y-programmist-inzhinermen-s-bat
11.3K views11:22
Ашу / Түсініктеме
2022-01-29 20:00:54 Кеше тікелей эфирдегі бір оймен бөлісейін дедім. Қонақтардың бірі Садық Шерімбек атты досым болды. Садық - өте ерекше қазақ мен үшін. Ол қазір Ordagen атты қазақ тілді балаларға арналған кітап баспасымен айналысады.

Садық осы айдың 4 күні Алматыда бейбіт шеруге шыққан қазақтардың бірі. Басында Алматы аренада жиналып, көшеде жүріп, бүлікшілерді көргенде үйіне қайтқан. Оның айтуынша, сол жиналған жігіттердің көбі Наурызбай немесе Төле би көшесінен төменгі аудандардың тұрғындары дейді.

Ойланып қарасақ, бұл аудандарда бір дұрыс университет, колледж, не мықты мектеп жоқ. Алматының орталығындағыдай коффейнялар, ТРЦ, кітапхана салынбаған. Былайша айтсақ, мешіттен басқа жастарға қайда шоғырланып, жиналатын жер қалмаған.

Өкінішке орай, қаланың шет жағында өмір сүретін, көшіп келген адамдар көбіне Алматының орталығын өзінің қаласы деп санамайды. Оны шерудегі жігіттердің өздері де растады. Сол үшін оларға "Французкий домды" тонау, акиматты өртеу ештеңеге тұрмайды. Оларға Алматының ерекше вайбы жетпегендей. Қала оларды баурап ала алмады. Өте өкінішті-ақ.

Бұл қаланың келесі әкімдеріне шешу керек үлкен проблема. Бірақ, оған халық та көмектесе алады. Тұрғындар өз ауданын әкіміне қаланың басқа ауданында бар институттарды талап етуге құқылы. Алайда, ол әкімдерді қайдан табамыз? Оларды сайлау керек.. Әкімдерді сайлау үшін мемлекетті де сайлау керек.

Бәрі бірімен байланысты екенін осы оқиғалар бізге анық көрсетті.

Енді Алматы тұрғындарына сұрақ. Сіздер Алматыны өзімнің қалам деп есептейсіз бе? Не үшін?
4.4K viewsedited  17:00
Ашу / Түсініктеме
2022-01-28 19:55:14 FYI, біз жұма сайын кешке инстаграмда тікелей эфирлер жүргіземіз. Бірнеше қонақпен. Әр түрлі өзекті тақырыптар. Астана уақытымен 23:00, яғни 5 минуттан соң бұйырса. Қосылыңыздар.

https://www.instagram.com/narikbi/
4.2K views16:55
Ашу / Түсініктеме
2022-01-28 19:52:39 Лонгрид

Қазіргі таңда ең танымал емес контенттің түрі - лонгрид. Ағылшынша "long read" - ұзақ оқылатын текст деп түсіндіруге болады. Өкінішке орай, біздің елде бұны ескі заман журналистикасы деп те айтады. Себебі, қазіргі адам тек қысқа ғана контентті қабылдай алатын болып қалған. Әсіресе қазақ тілінде.

Мен болса лонгридтарды өте жақсы көремін. Қысқа текстке қарағанда, лонгрид мағынасы терең, детальдары көп, контекстке толы ақпарат береді. Өз басым британдық басылымдардың лонгридтарын ұнатамын.

Оның ішінде британдық Wired және The Economist журналдары. Бұлар кішкентай жаңалықтан, тұтас проблеманы түсіндіруге тырысады. Әлемде не болып жатқанын түсініп қаласың. Тегін апта сайын шығатын подкасттары да бар айтпақшы.

Лонгрид демекші, американдық Code story атты басылым жақында интернет сөнгенде біздің жігіттермен прокси қосқанымыз жайлы лонгрид жасады. Өте қызық шыққан. Әрбірімен жеке сұхбат жасап, өздерінің тұжырымын ұсынды. Ағылшынша және орысша нұсқасы бар.

https://www.codastory.com/authoritarian-tech/kazakhstan-shut-down-its-internet-these-programmers-opened-a-backdoor/

https://www.codastory.com/ru/internet-shutdown-kazakhstan/
4.8K viewsedited  16:52
Ашу / Түсініктеме
2022-01-27 00:34:06 Ал сұхбаттың өзі міне:


383 views21:34
Ашу / Түсініктеме
2022-01-27 00:32:53 Қазақстандық журналистика

Алдынғы күні Хабар24 арнасынан менің қысқа сұхбатым шықты. Менің арна тілшісіне берген бір сағаттық сұхбатымның тақырыпқа байланысы жоқ 1-2 минут қана алыныпты.

Мендегі негізгі мақсат - мемлекеттік арнада біздің елдің ақпаратты тұтынудағы проблемаларын қозғау еді. Алайда, менің бұл жайлы бір де бір сөзім кірмепті.

Ең қызығы, елде осы дүрбелең жағдай орын алып отқанда, мемлекет интернетті сөндіріп, халыққа теледидар арқылы жаңалық қарасын деп шешті. Алайда, сол жаңалық берген тілшілердің өзідері біз қосқан прокси арқылы жаңалық таратып отты.

Маған осыны тілшінің өзі айтты. Басым жарылып кетеді жаздады бұны естігенде. Ойланып қараңызшы, мемлекет сеніп тапсырған тв арналар байланыссыз ақпарат таратты. Сонда интернет өшкеннің не пайдасы болды?

Мен интернет сөнгенде Хабар24 арнасының беріп жатқан жаңалықтарып қарап, таң қалып отырдым. Мүлдем кешігіп келетін актуалды емес ақпараттар, қысқа ғана түсіндірмелер. Іліп алатын информация жоқ.

Оның жанында ресейлік Дождь арнасы қайда актуалды ақпарат беруге тырысты. Бірақ, олардың да өз қателіктері болды. Қанша дегенімен, ресейлік арнаның өз қызығушылығы бар.

Бұл орайда, болып жатқан жағдай жайлы нақты ақпарат айтып отқан жалғыз біздің отандық тәуелсіз БАҚ өкілдері ғана болды. Оларға үлкен респект. Мемлекеттік арналарға бөлінетін бюджетпен балыстырсақ, олар тегін жұмыс істеп жатыр деуге де болады.

Соңғы 30 жыл мемлекет барлық тәуелсіз БАҚ өкілдерін тұншықтыруға тырысты. Алайда, бұлар мынаны ескермеді: ақпараттық кеңістік ешқашан бос қалмайды. Елдің ішінде БАҚ өкілдері жетіспесе, олар шетелден келеді бастайды. Тура Дождь арнасы секілді.

Тәуелсіз журналистиканың дамуы - ол біздің ақпараттық қауіпсіздігіміздің гаранты. Олар мемлекетке ыңғайсыз сұрақтар қоя алады. Олар басшылыққа жағуды ойламайды. Бұл демократия дамуыдың басты құралы. Осыны біздің басшылық түсінсе деймін.

Мен қазір Амстердам жанындағы Пурмеренд атты кішкентай қалашықта тұрамын. Алматыдағы Қаскелен сияқты жер. Бірақ, тіпті осы жерде маған апта сайын жергілікті газет үйге келіп тұрады. Суретте көрсеңіздер болады.

Сол үшін мен әрқашан отандық баспаларды, газеттерді, журналдарды, барлық медиа өкілдерін қолдауға тырысамын. Сіздерге де соған кеңес беремін.
486 views21:32
Ашу / Түсініктеме
2022-01-27 00:32:45
451 views21:32
Ашу / Түсініктеме
2022-01-25 15:42:35
Бүгін теледидардан мына баланы көрсеңіз, таң қалмаңыз. Кешірек осыған байланысты ойымды жазып кетемін.

#оқырманнан #отподписчика
5.2K views12:42
Ашу / Түсініктеме