Get Mystery Box with random crypto!

Меломанға кірсем, 30 беттік бір кітапша (аты жасырын болсын) 6 | Narikbi LIVE

Меломанға кірсем, 30 беттік бір кітапша (аты жасырын болсын) 6990тг тұрады екен. Сол кітапты меломанда отырып-ақ 15-20 минутта оқи салуға болады.

Бірақ, тегін оқылған кітаптың пайда әкелуі екіталай.

Құрманғазы ұстазым айтпақшы:

“ Жұрттың қызметін тегін пайдаланып кетуді бір өзінде біткен пысықтық, меңгерген ептілік сияқты түсіну, лажы болса қай жерде де төлемей кетуге тырысу кедейлік санадан.

Өзінің атын, танысын салып, бір жерге тегін жеткізіп берсе, қызметті тегін алсам деу, тегін ала салсам, қатыса салсам деу, лажы болса түрлі жолдармен көпшілікке тиісті мүлікті өз атына иемдене салу кедейлік, ашкөздік санасы.

Ол санадан шыға алмаған адам кедейлік аймағынан шыға алмайды. Кедейліктен шыға алмаған соң, айналадан кінәліні іздейді.

Өкінішке орай осы төмен сана, әдет қоғамымызда кең жайылған. Кедейлік себебінің бастылары осы.

Ал кедейлік ақшасы жоқтық емес, бар бола тұрса да тоқтаудың, ашкөздікке тыйымның жоқтығынан.”