Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 23.81K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2022-04-13 15:43:29 Everything Everywhere All at Once

Мен жақсы кино көрмегелі көп уақыт өтті. Осылай жалғаса бере ма десем, кеше "Все везде и сразу" атты фильм мені таң қалдырды. Осындай әр сценаға егжей-тегжейлі мән берген фильм көрмеппін.

Киноның негізгі идеясы - біздің әр қабылдайтын шешіміміз өміріміздің танымайтындай өзгерте алады. Мысалы, бір тұлға кішкентай кезде ауылдан қалаға кеткен болса, басқа нұсқасында ол мен ауылда қалада. Кейінгі екі өмірі мүлдем әр түрлі траекторияда өтеді.

Әр шешім - бөлек әлем. Алайда, фильм барысында бұл әлемдер шатасып кетеді. Сол кезде нағыз қызықтар басталады. Ең қызығы, фильмдегі бас кейіпкер өзін ең сәтсіз адам (неудачник) деп санайды.

Басқа әлемде өзінің опера жұлдызы немесе бизнесвуман бола алатынын біледі. Бірақ, ол әлемде де болып, бақытсыз екенін көреді. Бақыттың материалдық затта емес екенін түсінеді.

Сонда, ең сәтсіз өмірі ең бақыттысы болып шығады. Айтпағы - адам ешқашан идеал шешім қабылдай алмайды. Әр шешімнің өз жақсы, не жаман салдары болады. Бары осы ғана.

Спойлер болмасын деп ары қарай айтпай-ақ қояйын. Әлі кинотеатрда көрсетіп жатқанда, барып алыңыздар. Кейін пікіріңізді айтып кетіңіз.

Сіз қандай кино ұсынасыз?
14.6K views12:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 12:41:08

13.0K views09:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 12:40:54 Qazaq grammar

Кеше менің сүйікті тыңдап қарайтын @dopesoz подкасты @QazaqGrammar жобасының жігіттерімен эпизод шығарды. Бұл екі жобаны әрқашан қолдауға тырысамын. Осы жолы @QazaqGrammar туралы айта кетейін.

Бұл қазақ тілінің қазіргі қоғамда дұрыс қолдануын дәріптеп жүрген жоба. Өз басым күніге қазақша сөйлеп жүрсем де, қазақ тілінің толығымен заман талабымен дамып жатқанын байқамаймын. Подкастта мына ой жақсы айтылды: мектепте қазақ тілі көбіне өткен дәуірмен байланысты. Ол тарих, әдебиет, ертегі-эпостар, және т.б.

Менің подкастты қазақша жасайтынымның бірден бір себебі осы. Тіл өткенді ғана емес, бүгінгі күн мен болашақты айта білуі керек. Сіз бен біз өзекті айти, кино, блог, инвестиция жайлы қазақша еркін сөйлей алуымыз қажет.

Мен тіпті мына тренді байқадым. Қазақ тілінің жанашырлары көбіне өзге елден көшіп келген қазақтар. Мен жақында Қазақстанда Steppe world баспасына бардым. Бұл баспа қазақ тілінде заманауи балалар әдебиетін шығарады. "Хәрри Поттер"-ды қазақша шығарған адамдар да осы.

Қызығы, баспа негізін қалаушысы Раиса Кадер ханым, Моңғолиядан көшіп келген. Жұмысшылардың ішінде Қытайдан келген қазақтар да бар. Олардың айтуынша, елге келген қандастар ана тілінде кітап таппай, өздері шығара бастаған.

Мен бірде Амстердам кітапханасына болдым. Бұл орталық вокзалдың жанындағы 10 этажды алпауыт ғимарат. Таң қалғаным - шамамен кітапхананың 6 этажы тек голланд тіліндегі кітаптар. Тіпті Абайдың қара сөздері де бар. Соны көріп бізге де осы күн келсе екен деп армандап алдым.

Ал бұл арманды орындау үшін осындай жанашыр жобаларды қолдайық.
16.1K viewsedited  09:40
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 15:37:13
Айлықтың қанша % азық-түлікке жұмсалады?
Anonymous Poll
6%
5-10%
12%
10-20%
18%
20-30%
18%
30-40%
15%
40-50%
13%
50-60%
8%
60-70%
6%
70-80%
5%
90-100%
4.3K voters16.7K views12:37
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 15:34:59 Grocery spendings experiment

Мен Қазақстанға шамамен әр жарты жыл сайын келеді екенмін. Осылай ары бері ұшып жүрген сайын екі елдің айырмашылығын көбірек байқайды екенсің.

Оның бірі - бағалар. Мен алғаш кеткенімде Амстердамдағы бағалар сұмдық қымбат болып көрінетін. Себебі, бәрін тенгеге ауыстыра беретінмін. Алайда, жергілікті жалақыға шаққанда бәрі орынына келеді.

Мысалы, менің жеке зерттеуім бойынша голландықтар азық-түлікке өз жалақысының 7-10% жұмсайды екен. Бұл орташа есеппен. Кейін осы бағаларға үйренген кезде Алматының бағалары тым арзан көрінетін болдым.

Қызығы - мен Алматыға келген сайын бағалардың өсіп жатқанын байқаудамын. Бір соммаға жарты жыл сайын біздің супермаркеттерде азырақ тауар алатынымды байқадым. Кеше көз алдымда бір апайдың бір пакет тауарға 15мың теңге төлегенін көрдім.

Ойланып қарасам, бұл Амстердамнан кішкене ғана арзан. Алайда, бұл екі елдің жалақысын салыстыру мүмкін емес. Numbeo сайтына сүйенсек, Алматыдағы орта жалақы 418.63 € (214,776.81 ₸), Амстердамда 3,564.60 € (1,828,808 ₸). Бұл 8,5 есе көп.

Алайда азық-түлік бағаларын алсақ, Амстердам 1,5x есе ғана қымбат екен. Бұл өте қорқынышты статистика. Осыған орай, сіздермен қосылып зерттеу жасағым келіп тұр.

Сізден екі сан керек: айлығыңыз (salary) және айына азық түлікке жұмсалатын ақша (grocery_spending).
Кейін осы екі санды бір біріне бөліңіз (delta = grocery_spending / salary).

Мысалы, salary=500,000 тг, grocery_spending=50,000 тг, delta = 50,000 / 500,000 = 0.1 (10%).

Яғни, бұл мысалда азық түлікке айлықтың 10% жұмсалады. Осыны есептеп, төмендегі опросқа жауап тастап кетіңіз.
16.6K viewsedited  12:34
Ашу / Түсініктеме
2022-03-29 14:10:34 Салем достар, мен каналда пост жазбағалы тура 20 күн өтіпті. Жаңалықтарым көп.

Ең бастысы - мен үйлендім. Отбасылы өмірдің қызығын енді көріп жатырмын. Тойды ұйымдастыру өте көп уақыт пен энергия алады екен. Шүкір аман есен бұны да өткіздік. Ол туралы бөлек жазу керек-ау.

Қазір туған қалам Алматыдамын. Өте сағынып қалыппын. Қаңтар оқиғаларынан кейін бірінші рет қаланы көрдім. Акимат ғимараты әлі де қорқынышты көрінеді. Алаңдағы ғимараттарда әлі де оқтардың ізі тұр.

Уақытша келсем де, жоспар көп. Соның бірі - осында рамазанды өткізу. Жамағатпен ораза ұстауды өзі бөлек екен. Оны елден жырақ кеткенде ғана сезіндім.

Тағы, бұйырса жақында алғаш ютуб подкасттарым шыға бастайды. Алматыда уақыт бос өткізбей подкасттарды да жазуды жоспарлап жатырмын. Қонаққа кімді шақырайын?

Қысқаша осы. Енді жиі жазып тұруға тырысамын.
Айтпақшы, комменттерді аштым.
21.8K views11:10
Ашу / Түсініктеме
2022-03-09 12:52:57 Ақшамды қайда сақтағаным дұрыс?
Теңге құнсызданып жатыр. Долларда сақтайын ба?

Доллардың өзі де құнсызданып жатыр. Онда акцияда ма?

Қор нарығының өзі қазір тұрақсыз. Кіретін уақыт емес.

Биткоинде ме? Риск өте жоғары.

Ойландым да, ақыры ең дұрысы, қазір ақшамды садақаға жұмсап, Алланың "есепшотында" сақтау керек екенін түсіндім. Себебі "Алла садақаны еселеп қайтарады" және "Садақа мал-мүлікті құнсызданудан сақтайды".

https://t.me/dzhigitbek
30.6K views09:52
Ашу / Түсініктеме
2022-03-04 18:02:45 VPN своими руками

В России со вчерашнего дня начали блокировать все соц. сети и новостные сайты. Все идет к полному блэкауту независимого русского интернета. Это печально, учитывая, что у народа не будет альтернативных свособов получения информации.

Во время январьских событий в Казахстане, мы с ребятами сделали инструкции как создавать свои VPN. Это не сложно, но и не легко. Стоит не дорого, около $5-10 / месяц.

Почему стоит сделать это самому? Популярные VPN приложения могут просто заблокироваться. А ваши личные наврядли. Даже если так, вы можете поднять новый.

Ниже я оставлю ссылки на инструкции как их делать самому. Для этого нужно скачать приложение WireGuard VPN в AppStore / Google Play.

Как сделать VPN через Digital Ocean

Как сделать VPN через Amazon AWS

Как сделать VPN через Outline. Это проект Google для развертывания своих VPN. На сайте можно найти полную инструкцию.

Прошу переслать сообщение друзьям из России.

Если начнут блокировать Телеграм, то скину инструкцию как поднять прокси для него.

@narikbi_live
46.6K views15:02
Ашу / Түсініктеме
2022-03-03 16:51:18 Вчера вышло мое интервью порталу @protenge о митингах, в которых я учавствовал в Амстердаме в это воскресенье.

Я этим пытался донести, что я лично против этой войны. Надеюсь, и вы тоже. Только как я выразить, если власти запрещают проводить митинги?

Живя в Амстердаме, я понял насколько мирные митинги влияют на общество. Это особый инструмент, который можно и нужно пользоваться.

Более подробно можно прочесть в статье. Не забудьте поделиться с друзьями.

Ссылка на пост:
https://www.instagram.com/p/CamqjqYMN3p/
25.4K viewsedited  13:51
Ашу / Түсініктеме
2022-03-03 13:45:01 Кеше осы мәселесені Руслан Берденов ағамызбен талқылап едік. Ресей бізді "буфферная зона" ретінде қолданып, өз нарығына тауарларды тасымалдауы мүмкін.

АҚШ пен Еуропа ақымақ емес. Ол жағдайда біз де санкцияға түсеміз. Біраз шетелдік партнерлар өздерінің есебімен доллардың құны 650 тг барады деп жоспарлап отыр дейді.

Бұл соғыстың Қазақстанға тікелей қаупы бар. Ресейдің бұл соғысын қолдап жатқан қазекеңдерді көріп, олардың қай әлемде өмір сүріп жатқандарын әлі түсінбей келемін..
24.8K viewsedited  10:45
Ашу / Түсініктеме