Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-06-10 08:44:10
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысырға сапары барысында әл-Азһар уәкілі Мұхаммед ад-Дуинимен кездесті.

Кездесуде Мысырда діни білім алып жатқан қазақстандық шәкірттердің жай-күйі сөз болды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандық шәкірттердің Мысырдағы атақты әл-Азһар университетінде, Тіл орталығында оқығысы келетінін алға тартып, осы бағыттағы бірнеше нақты ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, Нұр-Мүбарак университетінде екі жыл оқып, қалған екі жылды Мысырда жалғау жайлы ұсыныс білдірді.

ҚМДБ Төрағасы Мысырдан Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) мүшелеріне арналған арнайы дәрістер өткізіп, тәжірибе алмасу мәселесін де алға тартты. Уәкіл мұндай қысқамерзімді курстардың тиімді және барлық шығынды өтеуге даяр екенін жеткізді.

Кездесу соңында Бас мүфти әл-Азһар уәкілін елімізде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне шақырды.
1.1K views05:44
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 13:18:33
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр мүфтиі, доктор Шауқи Ибраһим Алламмен кездесті.

Кездесуде екі елге ортақ маңызды мәселелер айтылды. Соның бірі де бірегейі – Мысыр елінің ұйымдастыруымен өткен діни экстремизмге қарсы конференцияда айтылған жайттар. Бас мүфти ең алдымен конференцияға ықыласпен шақырып, көрсеткен құрметі үшін Шауқи Алламға алғыс білдірді.

Кездесуде Мысыр мүфтиі елімізден білім алуға ниетті жандарды қолдауға әр кез дайын екенін айтты. Сондай-ақ діни экстремизге қарсы бірлесе жұмыс істеу идеясын ұсынып, ортақ жоба жасау қажеттігін алға тартты. Бас мүфти Шауқи Алламды елімізде өтетін Дәстүрлі дін лидерлерінің съезіне құрметпен шақырды. Өз кезегінде Мысыр мүфтиі шақыртуды қабыл алып, қонақ болатынын айтты.

Кездесу соңында тараптар қалыптасқан достық байланысты нығайтып, игі бастамаларды қолдайтынын мәлімдеді.
1.1K views10:18
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 10:34:20
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – мейірімге толы мереке. Себебі баланың қуанғанынан, оның шат күлкісінен артық ештеңе жоқ. Біз үшін балаларымыздың болашағы маңызды. Өйткені олар – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын нағыз кемел ұрпақ. Сондықтан оларға сапалы білім, жақсы тәрбие беру – бізге міндет.

Наурызбай қажы Тағанұлы

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-06-01/39681-meiirimge-toly-mereke/
979 views07:34
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 07:27:59
«Уа, мүминдер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар»

«Тәубе» сүресі, 119-аят.

Жұма мүбәрак болсын!

@muftyat_kz
#күндердіңсұлтаны
288 views04:27
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 14:58:57 Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен белгілі ғалым, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі марқұм Бауыржан Әлиұлының отбасына Алматы қаласынан үш бөлмелі пәтер сыйға берілді.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-05-25/39629-bauyrzhan-ustazdyn-otbasyna-pter-berildi-foto/
400 views11:58
Ашу / Түсініктеме
2022-05-20 06:41:38
«Уа, иман келтіргендер! Маңдай терлеріңмен тапқан малдарыңды және біздің сендер үшін жерден шығарғандарымызды Алла жолында сарп етіңдер!»

«Бақара» сүресі, 267-аят

@muftyat_kz
#күндердіңсұлтаны
1.0K views03:41
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 13:28:39
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мекке қаласындағы қасиетті Қағбаның кисуасын тігу іс-шарасына қатысты.

#қажылық2022

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-05-16/39568-mekkede-kagbanyn-kisuasyn-tigu-is-sharasy-otti-foto
1.1K views10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 13:51:15
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ұстаз, ғалым Бауыржан Әлиұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.

«Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым, ұстаз Бауыржан Әлиұлының қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Бұл – діни саладағы барша қызметкерлер үшін үлкен қайғы. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, діни саладағы барша қызметкерлерге, өзімнің және ҚМДБ ұжымы атынан қайғыра көңіл айтамын.

Оның әсерлі уағыздары мен пайдалы дәрістері шәкірттердің жадында мәңгі қалады деген сенімдемін. Алла Тағала Бауыржан Әлиұлы бауырымызды алдынан жарылқап, мейіріміне бөлегей! Жаратушы Иеміз артында қалған отбасы мен туыстарына көркем сабыр нәсіп етсін! Әмин» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Бақұл бол, Бауыржан ұстаз!..
1.1K views10:51
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 05:29:12
«Араларыңдағы мал-дүниелеріңді бұзық жолмен (ұрлау, тонау, алдап-арбау т.б. сынды харам жолдармен) жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың дүниелерінен бір бөлім жеу үшін басшыларға (пара ретінде) апармаңдар»

«Бақара» сүресі, 188-аят.

Жұма мүбәрак болсын!

@muftyat_kz
#күндердіңсұлтаны
975 views02:29
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 13:35:21
«Жақсы адам әрқашан өз жанын тергеп тұрады, күнәһар адам өз жанын тергемей жүре береді»

Хасан әл-Басри (Алла оны рақымына алсын)

...Рамазаншыл емес, Раббышыл болайық! Жақсылығы мен құлшылығы көп мүминдердің қатарынан болуды Алла Тағала нәсіп еткей!

#muftyatkz
316 views10:35
Ашу / Түсініктеме