Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-04-29 06:46:21
«Уа, мүминдер! Бәрің (күнәларың үшін өкініп) бірауыздан Аллаға тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер»

«Нұр» сүресі, 31-аят.

Жұма мүбәрак болсын!

@muftyat_kz
#күндердіңсұлтаны
292 viewsedited  03:46
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 16:42:41
Алла Тағала мың айдан да қайырлы Қадір түнінде дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!

@muftyat_kz
#қадіртүні2022
456 views13:42
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 15:53:24
Ертең мың айдан да қасиетті Қадір түніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы «Munara TV» тікелей эфирде арнайы бағдарлама ұсынады.

Елордасы Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінен ұсынылатын тікелей эфир Қадір түніне арналған құттықтаулармен ашылады. Одан әрі студиядан бірнеше сұхбат ұйымдастырылып, Қадір түнінің және Құран хатым дұғасы оқылады.

22:00-де басталатын тікелей эфирде Қадір түнінің қасиеті мен хикметіне қатысты түрлі тақырып төңірегінде салиқалы сұхбаттар мен әсерлі уағыз-насихаттар ұсынылады.

#қадіртүні2022
714 views12:53
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 09:53:03 Ибн Омардан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Алла елшісі (ﷺ) былай деген: «Ислам бес нәрсе үстіне құрылған. Олар – «Лә иләһа илләллаһу уә әннә Мухаммадән расулуллаһи» сөзі, намазды толық оқу, зекет беру, қажылыққа бару, Рамазан айында ораза тұту», – деген (Бұхари, Мүслим).

Исламда бұйырылған барлық парызды орындау – міндет. Алайда мұсылманның барлық ғибадатының қабыл болуы, сауап берілуі оның шын сеніміне (иманына) байланысты. Яғни Мұхаммед (ﷺ) пайғамбардың Алла Тағала тарапынан жеткізген нәрселерін шын жүрегімен қабылдап, намаз оқыса, ораза ұстаса, зекет берсе, қажылыққа барса және басқа да ізгі істерді істесе, дұға-тілегі қабыл болады, оған сауап беріледі. Демек барлық ізгі істің қабыл болуы – ең алдымен біздің иман етуімізге байланысты.

Алла Тағала ешбір істі марапатсыз немесе жазасыз қалдырмайды. Бұл туралы Құранда: «Ендеше, кімде-кім зәредей жақсылық жасаса, соның қарымын алады. Кімде-кім зәредей жамандық жасаса, соның жазасын тартады», – делінген («Зәлзәлә» сүресі, 7-8 аяттар).

Алла Тағала намаз оқымағаны үшін пенденің ұстаған оразасын ескерусіз қалдырмайды, оған тиісті сыйын, сауабын береді. Жаратушы Иеміз Өзінің әділеті жайында қасиетті Құранда былай дейді:

«Қиямет күні сол күнге тән дәл тартатын әділет таразыларын құрамыз да, адамдардың дүниедегі істерін түгелдей тартамыз. Ол күні ешбір жанға титтей де әділетсіздік жасалмайды. Істелген іс қышаның дәнегіндей мысқалдай болса-дағы оны таразыға тартамыз. Біз жауапқа тартушылар ретінде жеткіліктіміз» («Әнбия» сүресі, 47-аят).

Күніне бес уақыт намаз оқу мен Рамазан айында ораза ұстау – Ислам дінінде бұйырылған жеке-жеке ғибадаттар. Намаз оқымайтын адам да ораза ұстауы мүмкін. Бірақ намаздың қадір-қасиеті жоғары, оны орындамау үлкен күнә екенін де ұмытпаған жөн. Намаз – әрбір балиғат жасына жеткен, ақыл иесіне парыз. Намаз – күніне бес рет оқылатын құлшылық. Қияметте де ең бірінші сұралатын амал – намаз.

Пайғамбарымыз (ﷺ): «Қиямет күні ең алдымен пенде намаз жайында сұралады. Егер намазы дұрыс болса, құтылады әрі ұтады. Егер намазы болмаса, алданады әрі зиянға ұшырайды», – деген (Термизи, Әбу Дәуіт, Нәсаи).

Дайындаған Хасан АМАНҚҰЛ

@muftyat_kz
#сұрақжауап
593 views06:53
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 08:47:47
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада арнайы дастарқан жайып, Рамазан айында ораза тұтқан жамағатқа ауызашар берді.

#рамазан2022

https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2022-04-23/39346-akordada-auyzashar-berildi-foto
689 views05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 06:41:17
«Кім де кім «Кәһф» сүресін Жұма күні оқыса, ол оны келесі жұмаға дейін нұрмен арайландырып тұрады» (Хадис)

Жұма мүбәрак болсын, Қазақ елі!

#күндердіңсұлтаны
950 views03:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 20:57:33
Рамазан айының соңғы түні, соның ішінде тақ түндерге ерекше мән беріп, құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуге тырысайық. 83 жылдың сауабынан мақрұм қалудан Алла Тағала сақтасын.

Ниеттеріңіз қабыл болсын!

#қадіртүні2022
780 views17:57
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 11:00:17
Рамазан айының құрметіне Шымкент қаласының Құрсай мөлтек ауданында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында 537-баспана табысталды.

#елүлесіпәтерге

https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2022-04-20/39313-el-ulesi-pterge-kart-anaga-baspana-berildi-foto
1.3K views08:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 09:03:39
Дәрет алу, әрдайым дәретпен жүру адам баласының тәніне де, рухани әлеміне де пайдалы.
2.1K views06:03
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 09:28:32
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Стамбұл қаласындағы атақты Айя София мешітінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Түркия президенті Қазақстан мұсылмандарының Рамазан айымен құттықтап, қазақ еліне ыстық сәлемін жеткізді.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-04-15/39272-bas-mufti-aiia-sofiia-meshitinde-turkiia-prezidentimen-kezdesti-foto/
2.9K views06:28
Ашу / Түсініктеме