Get Mystery Box with random crypto!

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр мүфтиі, | Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр мүфтиі, доктор Шауқи Ибраһим Алламмен кездесті.

Кездесуде екі елге ортақ маңызды мәселелер айтылды. Соның бірі де бірегейі – Мысыр елінің ұйымдастыруымен өткен діни экстремизмге қарсы конференцияда айтылған жайттар. Бас мүфти ең алдымен конференцияға ықыласпен шақырып, көрсеткен құрметі үшін Шауқи Алламға алғыс білдірді.

Кездесуде Мысыр мүфтиі елімізден білім алуға ниетті жандарды қолдауға әр кез дайын екенін айтты. Сондай-ақ діни экстремизге қарсы бірлесе жұмыс істеу идеясын ұсынып, ортақ жоба жасау қажеттігін алға тартты. Бас мүфти Шауқи Алламды елімізде өтетін Дәстүрлі дін лидерлерінің съезіне құрметпен шақырды. Өз кезегінде Мысыр мүфтиі шақыртуды қабыл алып, қонақ болатынын айтты.

Кездесу соңында тараптар қалыптасқан достық байланысты нығайтып, игі бастамаларды қолдайтынын мәлімдеді.