Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-07-25 06:57:10
Сауд Арабиясына ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мекке қаласында ұмра тауабын жасады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жанында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да болды. Президент бастаған Қазақстан азаматтарына қасиетті Қағбаның ішіне кіріп, екі рәкағат намаз оқуға рұқсат берілді. Сауд Арабиясы басшылары Қағбаның есігін ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашатыны белгілі. Демек бұл – Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметі.

Алла Тағала ел Президентінің ұмра құлшылығы мен ел үшін жасаған дұға-тілегін қабыл етсін!

#muftyatkz
1.2K views03:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 07:49:03
Жұма мүбәрак болсын!

#күндердіңсұлтаны
1.3K views04:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 05:57:37
Меккеде қажылық парызын өтеп, Мәдинада қасиетті орындарды зиярат еткен қажылардың алды елге орала бастады.

#қажылық2022

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-07-16/40093-1000-ga-zhuyk-kazhy-elge-oraldy-foto/
938 views02:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 11:52:19
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика көлемінде «Qurban-2022» қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

#qurban2022

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-07-13/40072-kurban-2022-korytyndysy-kmdb-129-040-zhanuiaga-kurbandyk-etin-ulestirdi-foto
569 views08:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 14:38:02
QURBAN-2022: 9-11 шілде аралығында офлайн және онлайн шалынған құрбан малының қорытынды есебі

Қой - 31 053;
Ешкі - 2444;
Ірі қара - 1322;
Түйе - 19.

Ет таратылған отбасылар саны - 129 040.

Алла Тағала шалған құрбандығымызды қабыл етсін!

#qurban2022
1.2K views11:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 14:05:00
Құрбан айттың үшінші күні республика бойынша 48 252 мұқтаж отбасыға құрбандық еті жеткізілді.

#qurban2022

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-07-12/40061-kurban-aittyn-ushinshi-kuni-48-252-otbasyga-et-taratyldy-110722
900 views11:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 10:37:08
Қасиетті Құрбан айттың екінші күнінде де еліміз бойынша құрбан шалу рәсіміне қатысты ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары жүйелі түрде өтті.

Үйлестіру жұмыстарына бекітілген ҚМДБ және мешіт қызметкерлері өз міндеттерін тиісті деңгейде орындады.

Мұсылман қауымының ұлық мейрамында қайырымдылық шарасын жандандыра түсу мақсатында құрылған арнайы жұмыс тобы Құрбан айттың екінші күні республика бойынша 6578 қой, 618 ешкі, 456 ірі қара мен 11 түйе сойылса, 33 981 мұқтаж отбасыға құрбандық еті жеткізілді.

Сондай-ақ еліміз бойынша www.qurban2022.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы да ойдағыдай орындалды. Айттың екінші күні qurban2022.kz сайты арқылы құрбан шалуға 1 591 тапсырыс келіп түссе, 1149 қой, 239 ешкі, 36 ірі қара және 7 адам бірігіп шалу бойынша 170 ірі қара сойылыпты. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі жіберілді.

#qurban2022
472 views07:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 09:27:06
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және WWW.QURBAN2022.KZ сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отыр.

#qurban2022

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-07-10/40039-kmdb-kurban-aittyn-birinshi-kuni-46-807-otbasyga-et-taratyldy-090722
856 views06:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 08:31:50
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Құрбан айтпен құттықтауы

#құрбанайт2022

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-07-09/40022-kurban-ait-kutty-bolsyn/
1.1K views05:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 04:55:11
Айт құтты болсын, ағайын!
1.5K views01:55
Ашу / Түсініктеме