Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-04-15 03:14:45
«Мені еске алыңдар. Мен де сендерді еске аламын. Маған шүкірлік етіңдер және әсте күпірлік қылмаңдар»

«Бақара» сүресі, 152-аят.

Жұма мүбәрак болсын, ағайын!

@muftyat_kz
#күндердіңсұлтаны
3.7K viewsedited  00:14
Ашу / Түсініктеме
2022-04-14 16:37:42
ҚМДБ 2022 жылы Қазақстанға қажылық орындарын алуды қажылыққа баруға ниет білдірген еліміздің азаматтарының нақты санын, сондай-ақ қажылық саласында қызмет көрсететін қазақстандық туристік фирмалардың мүмкіндіктерін ескере отырып шешуді жөн көріп отыр.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-04-14/39248-kazhylyk-oryndaryn-alu-boiynsha-konkurs-zhariialandy
3.4K views13:37
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 20:51:22
Рамазанда тұтқан оразаларыңыз, оқыған тарауық намаздарыңыз қабыл болсын!

#рамазан2022
3.7K views17:51
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 10:43:54
Кеше елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен мемлекет пен қоғам қайраткерлері, мұсылман елдерінің құрметті елшілері, өнер мен мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдеріне ауызашар берілді. ҚМДБ ауызашарына сондай-ақ Қариялар үйінің ақсақалдары, Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мешіт жамағаты да қатысты.

#рамазан2022

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-04-13/39227-kmdb-elorda-zhurtyna-auyzashar-berdi-foto
3.3K views07:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 08:40:07 Сәресіне ұйықтап қалсақ не істейміз?

Жазғы уақытта түннің қысқа болу себебінен ораза ұстайтын адамдарға сәресіне ертерек тұруға тура келеді. Ал күндіз жұмыс істеп немесе оқып, түнде хатым Құранға қатысатындар кейде шаршап сәресіне тұра алмай жатады. Осындай жағдайда да Ислам діні парыз саналатын оразаны қалдырмауды бұйырады.

Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған адам оянып, аз болса да, бірер нәрсе жеп-ішіп, оразаны ниет етемін десе, ниеті де, сол күні ұстайтын оразасы да дұрыс болмайды. Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған адам оянғанда оразаны бұзатын, яғни жеп-ішу, жыныстық қатынас секілді істерді тоқтатып, осы күннің оразасын тұтуды ниет етеді. Тал түске дейін ниет етуге болады.

Сәләма есімді сахабадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Асләм тайпасынан бір кісіге былай бұйырды: «Адамдарға жарияла, кім де кім бүгін тамақ ішкен болса, күннің қалған бөлігінде жемесін. Кім де кім ешнәрсе жемеген болса, ораза тұтсын. Өйткені бүгін – Ашура күні» (Бұхари, Мүслим). Бұл хадисте Рамазан оразасы Ашура күніне қияс етілген (салыстырып қаралған). Себебі Исламның алғашқы уақытында Ашура оразасы парыз болған еді (Иғлаус-сүнән).

Имам Тахауи: «Бұл хадисте белгілі бір күнде ораза тұтуы қажет адам түнде ниет етпеген болса, оның күндіз ниет етуі дұрыс екеніне дәлел бар», – деген. Сондай-ақ таң атқаннан кейін оразаны бұзатын істер жасалмаса, оның зауалға (күн ауғанға) дейін ниет етуі дұрыс болып есептеледі. Егер таң атқаннан кейін әдейі немесе ұмытып тамақ, су ішсенемесе жыныстық қатынас жасаса, бұдан кейін оның сол күнгі оразаға ниет етуі дұрыс болмайды (Фәтәуа Һиндия, Шарх Тахауи).

Демек Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған адам оянған кезде ешнәрсе жемей, ішпей ораза ұстауды ниет етіп, әрі қарай оразасын ұстауы міндет болады.

Хасан АМАНҚҰЛ,

«Мұнара» газеті, №6, 2022 жыл

@muftyat_kz
#сұрақжауап
3.5K viewsedited  05:40
Ашу / Түсініктеме
2022-04-11 12:58:26
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматыда көпшілікке ауызашар берілді.

#рамазан2022

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-04-10/39204-dini-baskarma-almatyda-zhamagatka-auyzashar-berdi-foto/
3.4K views09:58
Ашу / Түсініктеме
2022-04-08 06:34:17
Рамазанның алғашқы жұма күні жасаған амалдарыңыз, тұтқан ораза қабыл болсын!

#рамазан2022
5.3K views03:34
Ашу / Түсініктеме
2022-04-08 02:01:04
Рамазан айы – нағыз руханиятты шыңдайтын және нәпсіні тәрбиелейтін ай. Бұл айда әдеттегі қалыптан шығып, өзіңізді рухани «бәйгеге» толық арнауыңыз керек. Тән артық тамақтанудан демалса, рух керісінше артық «тамақтануды» қалайды. Оның «тағамы» – ғибадаттар. Жылына бір келетін 30 күнді барынша пайдалы әрі сауапты түрде өткізгіңіз келсе, келесі кеңестерді назар аударыңыз.

Әділет Көпен

#рамазан2022

https://www.muftyat.kz/kk/articles/ramazan-dristeri/2022-04-07/39185-en-kemel-ramazan-bolsyn-deseniz/
4.8K views23:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-04 16:10:56
ОРАЗА ЖАЙЛЫ САУАЛДАРҒА ЖАУАП БЕРЕДІ

Қасиетті Рамазан айының басталуына орай ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі көрермен сұрақтарына жауап береді.

«Оразадағы өзекті сұрақтар» атты сұрақ-жауап форматындағы онлайн бағдарлама Діни басқарманың МУФТИЯТ ҚМДБ YouTube-арнасынан және Instagram желісіндегі @muftiyatkz парақшасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сауалдарды алдын ала direct-ке жолдауға мүмкіндік бар.

Өтетін уақыты: 5 сәуір, сағат 15:00

Сұраңыздар, жауап береміз! Ниеттеріңіз қабыл болсын!
5.9K viewsedited  13:10
Ашу / Түсініктеме
2022-04-04 12:59:47
Рамазан айы – Алла Тағаланың мүмин пенделеріне берген үлкен нығметі. Бұл айда Раббымыздың мейірімі төгіледі. Әсіресе Оның біз үшін берілетін ғинаяты артады.

Хасан Аманқұл

#рамазан2022

https://www.muftyat.kz/kk/articles/ramazan-dristeri/2022-04-04/39127-mubrak-aidyn-berekesi/
4.4K views09:59
Ашу / Түсініктеме