Get Mystery Box with random crypto!

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысырға сапар | Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысырға сапары барысында әл-Азһар уәкілі Мұхаммед ад-Дуинимен кездесті.

Кездесуде Мысырда діни білім алып жатқан қазақстандық шәкірттердің жай-күйі сөз болды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандық шәкірттердің Мысырдағы атақты әл-Азһар университетінде, Тіл орталығында оқығысы келетінін алға тартып, осы бағыттағы бірнеше нақты ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, Нұр-Мүбарак университетінде екі жыл оқып, қалған екі жылды Мысырда жалғау жайлы ұсыныс білдірді.

ҚМДБ Төрағасы Мысырдан Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) мүшелеріне арналған арнайы дәрістер өткізіп, тәжірибе алмасу мәселесін де алға тартты. Уәкіл мұндай қысқамерзімді курстардың тиімді және барлық шығынды өтеуге даяр екенін жеткізді.

Кездесу соңында Бас мүфти әл-Азһар уәкілін елімізде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне шақырды.