Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-06-28 07:22:15
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы журналистерді бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады.

«Құрметті журналистер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ел игілігі жолындағы жұмыстарыңызға береке тілеймін. Халқымызды бірлік пен игілікке, ізгілік пен имандылыққа ұйытуда ақпарат құралдары өкілдерінің қызметі айрықша.

Бүгінде Діни басқарма ақпарат саласындағы жұмыстарын уақыт өткен сайын жандандырып келеді. Біз санаулы мерзім аралығында Мүфтияттың төл телеарнасын, медиа орталығын және тәулік бойы жұмыс істейтін діни ақпарат беру орталығын аштық.

Мен осы ретте біздің игі бастамаларымызға қолдау көрсетіп, ізгіліктің жаршысы болып жүрген журналистерге өзімнің және Діни басқарма ұжымы атынан айрықша алғысымды, риясыз ризашылығымды білдіремін. Алла разы болсын!» делінген ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауында.

#журналистеркүні
2.5K views04:22
Ашу / Түсініктеме
2022-06-27 06:51:31
Алла қаласа санаулы күндерден кейін қажылық науқаны басталады. Биылғы қажылық пандемиядан кейінгі араға екі жыл салып өткелі тұрған алғашқы қажылық болмақ. Осы ретте биылғы қажылық науқанына дайындық барысын білу үшін ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітовпен аз-кем сұхбаттасқан болатынбыз.

#қажылық2022

https://www.muftyat.kz/kk/articles/interview/2022-06-27/39895-zhndilla-bekzhigitov-kazhylyk-naukanynda-14-kompaniia-kyzmet-korsetedi/
2.6K views03:51
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 15:59:25
Бүгін ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай қаласында осы  аймақтағы дін қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында имамға қызметтік пәтер кілтін табыстады.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-06-24/39879-kmdb-toragasy-5-imamga-kyzmettik-pter-kiltin-tabystady-foto
628 views12:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 08:04:39
Жұма мүбәрак болсын!

#күндердіңсұлтаны
710 views05:04
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 12:45:03
Бүгін елордада «Мұнара» рухани-танымдық газетінің ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында журналистер арасында үстел теннисінен турнир өтті.

#мұнарагазеті

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-06-18/39829-munara-gazeti-bak-kyzmetkerleri-arasynda-ustel-tennisinen-turnir-otkizdi-foto/
955 views09:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 15:54:40
Бүгін Алматы Орталық мешітінде ұйымдастырылған «Әдемі әуезді Азаншы» V республикалық азаншылар жарысы қорытындыланды.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-06-17/39825-bas-mufti-demi-uezdi-azanshylardy-marapattady-fotovideo/
833 views12:54
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 05:32:15
«Бес нәрсе келмей тұрғанда бес нәрсенің қадірін біліңдер: Өлмей тұрып өмірдің қадірін, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін, өмірде ақыреттің жағдайын жасаудың қадірін, қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін, кедей болмай тұрып байлықтың қадірін»

Хаким хадистер жинағы

Жұма мүбәрак болсын!

@muftyat_kz
#күндердіңсұлтаны
925 views02:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 13:30:59
Бас мүфти Президентпен бірге «Жошы хан» кесенесіне барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президентпен бірге «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне арнайы барды.

«Жошы хан» кесенесіне зиярат барысында Бас мүфти Құран аяттарын оқып, барша қазақ хан-сұлтандары мен батырларының рухына дұға бағыштады.
1.4K views10:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 13:29:37 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы pinned a photo
10:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 08:43:31
Асыл дініміз Исламдағы бес парыздың бірі – қажылық. Қажылық сөзінің тілдік мағынасы «ұлық тұтқан нәрсеге талпыну және ниеттену, оны мақсат тұту» деген ұғымды білдіреді. Фиқһ іліміндегі қажылық сөзінің мағынасы мынадай: балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы сау әрі қаражат мүмкіншілігі табылған әр мұсылманның Алла үшін ғұмырында бір мәрте шариғат белгілеген мерзімде арнайы шарттарға тәуелді құлшылық рәсімдерін орындауға дара тағайындалған қасиетті орынды зиярат етуі.

Айдос Жамбылұлы

#қажылық2022

https://www.muftyat.kz/kk/articles/sermons/2022-06-06/39720-perishteler-slem-beretin-sapar/
709 views05:43
Ашу / Түсініктеме