Get Mystery Box with random crypto!

Оңаша ойлар Сенің күлкің біреуге кектей болады, Сенің гүлің б | Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Оңаша ойлар

Сенің күлкің біреуге кектей болады,
Сенің гүлің басқаға шөптей болады.
Әзілің өтіп жүрген жандарға кейде,
Шындығың өтпей қалады.

Сұлулық кейде дерттей қонады,
Тәтті жемістер көктей солады.
Ең соңғы жазған хатың да бірде,
Себепсіз, кетпей қалады.

Жақсының сөзі - серттей болады,
Жаманның ойы - өрттей болады.
Бағыңды әрең тапқанда оған,
Бір қадам жетпей қалады.

Ал, арамызда қаншама шақырымдар...

Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya
@AbdiqalyevMeyrambek