Get Mystery Box with random crypto!

Жолдар Пенделерден өздерін ай қып көрген, Еш сәтім жоқ тартын | Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Жолдар

Пенделерден өздерін ай қып көрген,
Еш сәтім жоқ тартынып тайқып көрген.
Қасқырмын деп кеуде керген талайларға,
Ит қылығын сан рет айтып бергем.
Тағы сонша таланып қайтып келгем.

Шындық деген сәттерде бүлінгенмін,
Жүз жеңіліп жүз тұрып бірін жеңдім.
Шіренген талайлардың шіріктерін,
Шімірікпей тіліммен тілімдедім,
Тағы сонша шалынып сүрінгенмін.

Басқа қонар тәңірдің бағы болса,
Басқа - басқа, бұл елдің соры қанша?
Басындырып көрмеппін басымды иіп,
Басым осы дегенмін шауып алса.
Тастың ізі арқамда тағы сонша...

Алда не болар екен?!

Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya
@QRjas_doretiwshiler
@AbdiqalyevMeyrambek