Get Mystery Box with random crypto!

Мүлк ауылында Біз кеше бейресми сапармен мынау, әму жағалауы | Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Мүлк ауылында

Біз кеше бейресми сапармен мынау, әму жағалауындағы, қазіргі күннің сыршыл да ойшыл, жас ақын Мейрамбек Әбдіқалевтың ауылына барып келдік. Ат басын бұрып, бізден екі жүз шақырым Тахтакөпірдей киелі топыраққа баруымыздың бірден-бір себебі. Мейрамбектің 11-сыныптағы шәкірті Мөкешов Айдар болатын. Айдардың әуеніне тәнті болған менің досым Досболат, сол жігітті көзімізбен көріп, бір-екі әнін тыңдап, құлақтың құрышын қандырып келейік деген болатын. Мен, әрине келісімімді беріп, біздің онлайн сайысымыздың қатысушысы Мөкешов Айдардың оқып жатқан мектебіне бардық. Біздің сол мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Мейрамбек ерекше илтифатпен күтіп алды. Мен өзім ақын болмасам да, өлеңді өнерді бағалайтын, поэзияның жан күйерімін. Мектептің кітапханасында отырып, Айдардың қазақтың қара домырасының сүйемелдеуінде бірнеше ән тыңдадық. Онан соң Мейрамбектің үйінде екі кесе шәймен Айдардан Қашағанның термелерін, Төреғалидің әндерін тыңдадық. Классикалық үлгідегі әндерден де тыңдадық. Мейрамбектің өзі де қаламына тиісті, сиясы кеппеген бірнеше өлеңдерінен оқыды. Мейрамбектің өлеңі тұнып тұрған поэзия екеніне өзі оқығанда сөз жоқ дара ақын екеніне сенген болатынмын. Қара өлеңмен анау батырлар жырындағы секілді шұбыртып ұйқастырып әкететін ақындар жетеді. Мейрамбектің өлең өрнектеуі өзгеше. Онан соң Мейрамбек өзінің қаламына тиісті "Қызылқұм" атты кітабына автогрф жазып ұсынды. Кітаптан қымбат сыйлық жоқ ғой! Ақынның өз кітабынан, өз қолынан алғанға ерекше қуанып кеттім.
Ұзын сөздің қысқасы сайыс тәмамдалмай тұрып біз сайыстың шартын бұздық. Бұзғанда былай ғой! Уәде еткеніміздей 1-2-3-орындарға жүлделер беріледі. Біз Мөкешов Айдарға "Аға жүлдегер" деген атпен 1-орыннан да жоғары тұратын жүлдені өз қолымызбен табыстап, қайттық. Біз енді оның орындаған өлеңін сайыстан шығарып, жәй ғана каналымызға салып қоямыз. Мен бұл мақаланы ат үсті (таксиде) асығыс жазып келе жатырмын. Қателіктер кеткен болса кешіріңіздер

Сәлеммен канал админстраторы

@tolegenaybergenov
@jets04
@Meyrambek_poeziya
@Aydar_tore1
@AbdiqalyevMeyrambek