Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАН НАСИХАТ

Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ Қ
Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ
Арна мекенжайы: @kuran_nasikhat
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.43K
Арнадан сипаттама

ҚМДБ Ұстаздардың уағыздар жинағы.

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 9

2023-04-13 15:23:11 Niyet Hajj & Umrah компаниясы шәууәл айында керемет жеңілдікпен Умра қажылығын жасауға шақырады

Эконом пакет $1 130

Пакет құнына кіреді:
Виза (мультивиза 1 жыл);
Әуе тасымалдау: бару және қайту ұшақ билеттері;
Қонақ үй;
Тамақ: +$120 (2 мезгіл)
Гид қызметі;
Экскурсия:
Медина
Мекке
Трансфер;

Сыйлық: Умра анықтамалығы кітапша, қажы жиынтығы


Байланыс:

Алматы қ., Бузурбаев к., 23
+7 778 477 76 66
+7 747 790 25 23
+7 707 995 95 99
+7 702 445 44 45

Шымкент қ.,17-микрорайон 10А/3
+7 775 444 55 33
+7 700 294 97 21
2.1K views12:23
Ашу / Түсініктеме
2023-04-13 10:36:02 Бірде адамдар Хасан əл-Басриден оның тақуалығының сырын сұрайды. Сонда ол бұл сұраққа былай деп жауап берген екен:

«Өзіме бөлінген ризықты менен басқа ешкім ала алмайтынын білген соң жүрегім тынышталды;

Менің жұмысымды менен басқа ешкім жасамағандықтан, онымен өзім шұғылдандым;

Жəне де Алла мені барлық жерде көретінін білген соң, Ол мені күнə жасап жатқан кезде көрмесе екен деп Одан ұялдым;

Өлімнің хақ екенін біліп, Раббыммен жолығуға дайындалдым»

@kuran_nasikhat
2.4K views07:36
Ашу / Түсініктеме
2023-04-11 13:53:34
Қадір түні жайыл Сахих Хадистер, Ерлан Ақатаев ұстаздың Ислам Ғибадаты кітабынан үзінді, толық оқып шығуға кеңес береміз.
1.3K views10:53
Ашу / Түсініктеме
2023-04-11 06:48:16
Әне-міне дегенше Рамазанның да соңғы он күніне аяқ бастық. Мұсылмандар айрықша мән беретін соңғы он күннің тақ түндерінің бірі мың айдан да қайырлы Қадір түні екені хадисте айтылған.

Ендеше 83 жыл 4 ай ғибадат жасағанның сауабы берілетін Қадір кешін құр өткізіп алмайық!

Алла Тағала сауабын үміт етіп ұстап жатқан оразамызды, барша ғибадат-құлшылығымызды қабыл еткей, әмин!
2.9K views03:48
Ашу / Түсініктеме
2023-04-11 01:21:23
Бауыржан Әлиұлының естен кетпес естеліктері l Ерлан Ақатаев l Мухиддин Исаулы
112 views22:21
Ашу / Түсініктеме
2023-04-10 20:12:17 Ұстаз Ерлан Ақатаев:
Рамазанның соңғы  күндерінде балаларыңыз үшін мына  дұғаны жасаңыз-
  *Я, Раббым!!!*
Қызымды, ұлымды маған өзің аманат еткендей, оларды өзің қорға, қамқорыңа ал!

*Раббым!*
Мені балаларыммен сынама!!!
*Я, Раббым!!!*
Оларды ашық немесе жасырын  жасалған әртүрлі күнәлардан қорға, алыстат!
*Я, Раббым!!!*
Оларды Кітабына қызмет ететін, дінін  шын жүректерімен сүйетін, ғибадаттарына барынша  мұқият қарайтын, көркем мінезбен безендірілген Салих құлдарыңнан қыл. Дүниедегі ең бақытты және молшылық, кеңдік ішінде өмір сүрген адамдардың қатарында болуларын нәсіп ет!
*Я, Раббым!!!*
Оларды харам нәрселерден қорға және өзіңнен басқаға мұқтаж етпе!
*Я, Раббым!* Кітабыңды қорығаныңдай оларды да шайтанның арбауынан қоры!
*Я, Раббым!!!*
Оларды ең қайырлы  келбеттермен, ең таза мінез құлықпен , саған деген сеніммен рызықтандыр!
*Я, Раббым!!!*
Оларды түрлі аурулардан қорға. Олармен бірге  бақытты өмір сүруімізді нәсіп ет!
*Я, Раббым!!!*
Өмірде олардың жақсылықтарымен  мені бақытқа бөле және өлімімнен кейін де олардың дұғаларымен мені жарылқа!
*Я, Раббым!!*
Жүрегімнің бірер паршасы болған балаларымды саған аманат еттім. Әр нәрсе Саған аян.  Ұлы да Асқақ мәртебеңе лайық түрде оларды қорға!
*Я, Раббым!*
Балаларымызды әртүрлі жамандықтардан, қауіптерден, арам пиғылдардан алыстат. Оларға Ислами  сана нәсіп ет. Өзіңе құл, *Пайғамбарына* (с.ғ.с) үммет ет!
*Я, Раббым!*
Ақылдарын әртүрлі бос нәрселерден тазала. Aқыл мен  парасат иесі болуларын нәсіп ет!
*Я, Раббым!*
Нәпсі азғындығына жол берме,  оларға дұрыс жол көрсет!
*Я, Раббым!*
Оларға мейіріміңді төк. Оларға ұзақ, бақытты өмір бер.Өмірлерінің соңына дейін тура жолыңнан тайдырма және ризашылығыңа бөле!
*Я, Раббым!*
Оларға ата - аналарына, барлық *Мұхаммед* (с.ғ.с) үмметіне жақсылық жасайтындай,  қайырлы болатындай көркем мінездер нәсіп ет!
*Я, Раббым!!!*
Бауырлар арасындағы бауырмалдықтарын, махаббаттарын, тазалықтарын арттыр. Бір- біріне жақындастыр.  Соңғы демдеріне дейін иман мен Құран жолымен  жүруді бұйырт!
*Я, Раббым!*
Біле тұра айта алмаған, түсіне тұрып жеткізе алмаған адами қасиеттердің ең кемелін бүкіл мұсылман бауырларымның балаларына және өзімнің балаларыма да  нәсіп ет!
*Я,Раббым!*
Саналарын қайырлы болатын нәрселермен рызықтандыр
664 views17:12
Ашу / Түсініктеме
2023-04-10 11:48:37 Пайғамбарымыздың ﷺ дұғасы:

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ وَالْعَجْزِ وَالْكَسَلِ وَالْبُخْلِ وَالْجُبْنِ وَضَلَعِ الدَّيْنِ

Аллаһумма инни а'узу бикә минәл һәмми уәл хәзән уәл 'аджзи уәл кәсәл уәл бухли уәл джубн уә дала'ит дәйн

«Уа, Алла! Уайым мен қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, қорқақтық пен сараңдықтан және қарызға батудан Өзіңнен пана сұраймын!»
1.7K views08:48
Ашу / Түсініктеме
2023-04-08 03:47:10 РАМАЗАН -  МАХАББАТ АЙЫ!

"Раббым, Сен мен үшін шөлдегендегі салқын судан да сүйіктісің!"

"Раббым, Сен мен үшін ашыққандағы адал астан да артықсың!"

"Раббым, Сен мен үшін нәпсі құмарлықтарымнан да қымбатсың!"

Сөзсіз, отыз күн оразаға ниетті әр мұсылманның жүрегінде осындай сұлу сезім, ыстық ықылас бар. Бұл - "махаббат" деп аталады!

Бізді жоқтан бар еткен, өміріміздегі әрбір жақсылықтың ИЕСІНЕ деген мөлдір махаббат! Рамазан - осы махаббатты дәлелдейтін ай. Жаратушымыз бізге "осы айда басқа уақытта адал болған асты Мен үшін тастай аласың ба?" деді. Ал ораза ұстаушы "Иә, Раббым!" деп жан-тәнімен отыз күн уәдесінде тұрып береді. Және риясыз разылықпен отыз күн бойы СҮЙІКТІСІ мен ОНЫҢ СҮЙІКТІ ҚҰЛЫ бұйырғандай, көрсеткендей, үйреткендей көркем құлшылықтарды атқарумен болады.
Және оның тілін құрғатпай айтатын дұғасы осы болмақ:

Иә, Алла! Мен Сеннен Өзіңді жақсы көруді және Сенің мені жақсы көруіңді сұраймын және Сенің жақсы көруіңе жақындататын әрбір амалды жақсы көруді маған нәсіп етуіңді сұраймын.
«Аллаһумма инни әс-әлукә хуббәкә уә хуббә мән йухиббукә, уә хуббә куллә ъамә лин йуқаррибуни илә хуббик"
193 views00:47
Ашу / Түсініктеме
2023-04-07 06:44:14 Кімде-кім Аллаға қарсы келуден қорқып сақтанса, Алла оған тығырықтан шығатын жол ашып береді. Сондай-ақ ондай пендесіне еш ойламаған жерден ризық-несібе нәсіп етеді.

«Талақ» сүресі, 2, 3-аяттар.

Жұма мүбәрак болсын!
356 views03:44
Ашу / Түсініктеме
2023-04-06 22:07:10
Мұсылманның ел әлсіз жері
158 views19:07
Ашу / Түсініктеме