Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАН НАСИХАТ

Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ Қ
Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ
Арна мекенжайы: @kuran_nasikhat
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.43K
Арнадан сипаттама

ҚМДБ Ұстаздардың уағыздар жинағы.

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 7

2023-04-18 19:18:29 Өмірімізде қанша жыл ораза ұстадық?
Біреу 10 жыл, біреу 2 жыл, бәлкім, біреу 30 жыл бойы ұстап жүрген болар?!
Бірақ мәселе онда емес. Мәселе - біздің жақсылыққа қарай қадам басуымызда, жақсы жаққа қарай өзгеруімізде. Бұған дейін ұстаған оразаларымыздың пайдасын көре алдық па?
Ораза бізді тәрбиеледі ме?
Ораза бізді ата-анамызға қайырлы перзент ете алды ма?
Туыс-туғанымызға жақындатты ма?
Рамазанда Құдайды тани алдық па?
Құранды қаншалықты жаттадық?
Құдайға жақынбыз ба?..
***
Рамазанның соңғы күндерде өзіңе АЙҚЫН МАҚСАТ қой:
«Бұл Рамазаннан мен өте көп пайда аламын;
Құдайға жақындаймын;
айналама жұғымды, көркем мінезді боламын;
Алланың тыйымынан тыйылып, разылығын алуға ұмтыламын» де!
Оңға қарасаң да, солға қарасаң да, артыңа қарасаң да, алдыңа қарасаң да – барлық жерде осы бір ғана мақсат тұрсын. Сол кезде ғана соған қарай ұмтыласың, соған жетуге талпынасың. Және Алланың қалауымен жетесің! Себебі, Алла: «Кім Маған бір алақан жақындаса, Мен оған бір білекке жақындаймын, кім Маған бір білекке жақындаса, Мен оған бір құлашқа жақындаймын, ал кім Маған қарай жүрсе, онда Мен оған қарай жүгіремін!» – деген.
(Бұхари, Муслим)

@kuran_nasikhat
194 views16:18
Ашу / Түсініктеме
2023-04-18 02:13:07 «НАМАЗ ОҚУҒА ӘЛІ ДАЙЫН ЕМЕСПІН...» ДЕП ЖҮРСІЗ БЕ?

Намаз – адамның барлық арман-тілектерінің қабыл болатын сәті. Адамды күнәдан тазартатын әрі сол арқылы сол күнә-қателіктің кесірінен басыңызға келетін бәле-жала, жолыңыздың жабылуы сияқты бәлекеттердің алдын алатын ұлы құлшылық!

Төрт-ақ қимылдан тұратын, Алла парыз еткен құлшылықтардың ең жеңілі. Адамның Аллаға ең жақын болатын кезі де - осы намаздың ішінде. Сондықтан да Алласын таныған әрбір қазақтың жүрегінің түкпірінде «әйтеуір бір намаз бастауым керек» деген құлшыныс тығылып жатыр. Бұл құлшыныспен бірге шайтан салатын күдікті ойлар да қатар жүреді. Бұл, сөзсіз, діннің емес, жынның салған шатпағы.
*
Егер сіз «Намаз оқуға әлі дайын емеспін» немесе «намазды бастаған соң тастамау керек, ал мен тастап кетемін ғой. Өйтіп намазды қорлағанша оқымай-ақ қойғаным жақсы» деген ойларға тұншығып жүрген болсаңыз, мынаны оқыңыз:
*
«Намаз оқуға әлі дайын емеспін» деген сөз сіздің шынымен де дайын емес екендігіңізді білдірмейді. Бұл - жай ғана шайтанның салған ойы. Ғылымда мұны «прокастинация» деп атайды. Яғни адам «мен мұны кемеліне жеткізуім керек» дейді де, кейінге шегере береді. Түбінде ол іс жасалмайды. Намазды ешкім толық дайын болып бастамаған. Намаз бастап кетуіңіз үшін оның парыз екендігі әрі сізге әкелетін пайдасы жеткілікті дәлел. Сізге біреу «маған күнде 5 рет келіп тұрсаң қомақты қаражат беріп тұрамын» десе, сіз ешқашан оны ертеңге қалдырмас едіңіз. Ал намаз – барлық берекенің есіктерін ашатын қысқа әрі жеңіл амал!

@kuran_nasikhat
316 views23:13
Ашу / Түсініктеме
2023-04-18 00:11:50
Раббым әр дайым мұқтаждарға көмек беретін жағдай берші бізге. Раббым бүгінгі қадір түнінде берген садақамды қабыл етші. Раббым бізде қияметте бай болатын тағдыр берші бізге. Әмин
59 views21:11
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 21:22:35 Ұстазымыздың дұғасы

@kuran_nasikhat
1.1K views18:22
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 21:17:29
Әмиин
1.1K views18:17
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 20:40:50 Біз кейде қалағанымыз орындалмай қалса, «менің тілегім қабыл болмай жатыр» деп асығамыз. Құдайға тіл тигіземіз. Кейде шаршап, қолды бір-ақ сілтейміз. Тілек тілеуді, дұға жасауды ысырып қоямыз. Бірақ сол дұғаға Құдай емес, өзіміздің мұқтаж екеніміз есімізден шығып кететін сияқты...

МЫНАҒАН ҚАРАҢЫЗШЫ!

Ғұлама Фудайл ибн Ъияд былай дейді:
"Бір күні мен мешітке жаяу бара жатыр едім, жолдағы үйлердің бірінен анасының ұлына айқайлап, оны жазалап жатқанын байқадым. Арада көп уақыт өткен жоқ, есік айқара ашылды да, үйден әлгі бала жүгіріп шығып, қашып кетті. Анасы да ашуланып, есігін ішінен жауып алды. Дəл сол күні кешкісін үйге қайтқанда əлгі үйдің жанынан өттім. Әдейі жақындап көріп ем, бетін жас жуған әлгі бала табалдырыққа отырып ұйықтап кетіпті. Тасаланып артын күтпекке бекіндім. Анасы қайта-қайта терезеге қарап, қиналып жүрді де, ақыры есікті ашып, баласын құшақтап үйіне кіргізіп алды"
Фудайл ибн Ъияд осыны айтқаннан кейін ұзақ жылады. Сөйтті де: "Алла пəк! Егер құл Алланың мейірім қақпасының алдында дəл осылай сабыр сақтап, дұға есігінің алдынан кетпей тұрып алса, Алла оған міндетті түрде сол есікті ашар еді ғой" - деді...
1.4K views17:40
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 17:20:32 Мың айданда артық қадір түнінде мың тг аякмаңыз.
1.9K views14:20
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 17:17:53 Тағдырдың тәлкегіне ерте ілінген сәбилер!

Иә, менің қолымдағы Айлин қарындасым небәрі 2 жасында әкеден айрылып 4 бауырымен бірге жетім атанды . Рамазан айы - сансыз сауабқа бөленетін ай !
Біз бұл балапандарға әкенің қамқорлығын бере алмаймыз. Тағдырында кездесетін түрлі сынақтарды да алып тастай алмаймыз. Бірақ, ел болып, жұрт болып жылы ұя мен болашаққа зор үміт сыйлауға себепкер бола аламыз!

Алла баршаларыңыздың ниеттеріңізді қабыл етсін

KASPI GOLD : 8707-325-15-95

Қайрат я

@meyirim_qory
@kairat_abu_fatima
1.8K views14:17
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 16:36:43
1.9K views13:36
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 08:31:34 ҚАДІР ТҮНІ ПЕРІШТЕЛЕР ДҰҒА ЖАСАСЫН ДЕСЕҢІЗ! | ҚАДІР ТҮНІНДЕ НЕ СҰРАУ КЕРЕК?

Ұстаз
Ерлан Ақатаев
2.3K viewsedited  05:31
Ашу / Түсініктеме