Get Mystery Box with random crypto!

Ұстаз Ерлан Ақатаев: Рамазанның соңғы  күндерінде балаларыңыз | ҚҰРАН НАСИХАТ

Ұстаз Ерлан Ақатаев:
Рамазанның соңғы  күндерінде балаларыңыз үшін мына  дұғаны жасаңыз-
  *Я, Раббым!!!*
Қызымды, ұлымды маған өзің аманат еткендей, оларды өзің қорға, қамқорыңа ал!

*Раббым!*
Мені балаларыммен сынама!!!
*Я, Раббым!!!*
Оларды ашық немесе жасырын  жасалған әртүрлі күнәлардан қорға, алыстат!
*Я, Раббым!!!*
Оларды Кітабына қызмет ететін, дінін  шын жүректерімен сүйетін, ғибадаттарына барынша  мұқият қарайтын, көркем мінезбен безендірілген Салих құлдарыңнан қыл. Дүниедегі ең бақытты және молшылық, кеңдік ішінде өмір сүрген адамдардың қатарында болуларын нәсіп ет!
*Я, Раббым!!!*
Оларды харам нәрселерден қорға және өзіңнен басқаға мұқтаж етпе!
*Я, Раббым!* Кітабыңды қорығаныңдай оларды да шайтанның арбауынан қоры!
*Я, Раббым!!!*
Оларды ең қайырлы  келбеттермен, ең таза мінез құлықпен , саған деген сеніммен рызықтандыр!
*Я, Раббым!!!*
Оларды түрлі аурулардан қорға. Олармен бірге  бақытты өмір сүруімізді нәсіп ет!
*Я, Раббым!!!*
Өмірде олардың жақсылықтарымен  мені бақытқа бөле және өлімімнен кейін де олардың дұғаларымен мені жарылқа!
*Я, Раббым!!*
Жүрегімнің бірер паршасы болған балаларымды саған аманат еттім. Әр нәрсе Саған аян.  Ұлы да Асқақ мәртебеңе лайық түрде оларды қорға!
*Я, Раббым!*
Балаларымызды әртүрлі жамандықтардан, қауіптерден, арам пиғылдардан алыстат. Оларға Ислами  сана нәсіп ет. Өзіңе құл, *Пайғамбарына* (с.ғ.с) үммет ет!
*Я, Раббым!*
Ақылдарын әртүрлі бос нәрселерден тазала. Aқыл мен  парасат иесі болуларын нәсіп ет!
*Я, Раббым!*
Нәпсі азғындығына жол берме,  оларға дұрыс жол көрсет!
*Я, Раббым!*
Оларға мейіріміңді төк. Оларға ұзақ, бақытты өмір бер.Өмірлерінің соңына дейін тура жолыңнан тайдырма және ризашылығыңа бөле!
*Я, Раббым!*
Оларға ата - аналарына, барлық *Мұхаммед* (с.ғ.с) үмметіне жақсылық жасайтындай,  қайырлы болатындай көркем мінездер нәсіп ет!
*Я, Раббым!!!*
Бауырлар арасындағы бауырмалдықтарын, махаббаттарын, тазалықтарын арттыр. Бір- біріне жақындастыр.  Соңғы демдеріне дейін иман мен Құран жолымен  жүруді бұйырт!
*Я, Раббым!*
Біле тұра айта алмаған, түсіне тұрып жеткізе алмаған адами қасиеттердің ең кемелін бүкіл мұсылман бауырларымның балаларына және өзімнің балаларыма да  нәсіп ет!
*Я,Раббым!*
Саналарын қайырлы болатын нәрселермен рызықтандыр