Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАН НАСИХАТ

Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ Қ
Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ
Арна мекенжайы: @kuran_nasikhat
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.43K
Арнадан сипаттама

ҚМДБ Ұстаздардың уағыздар жинағы.

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 2

2023-06-27 07:52:12 Видео от Абу Фатима
3.5K views04:52
Ашу / Түсініктеме
2023-06-26 20:35:00 Арапа күнінің артықшылығы мен бұл күні атқару абзал салынған амалдар туралы алты мәліметті бөліспекшіміз.

АРАПА - жылдың ең таңдаулы күндерінің бірі

Әнәс ибн Мәлік (радиаллаһу әнһ) жеткізген хадисте: "Арафа (күнінің) артықшылығы он мың күннің орнына татиды».

әт-Тарғиб, 2/200; Ләтәифул-Мағариф, 460

АРАПА ОРАЗАСЫ екі жылдық күнәлардың өтеуі

"Арапа күнгі ораза үшін өткен жылғы және келер жылғы (екі жылдық кіші) күнәларын кешіруді Алладан үмітпен тілеймін..."

Имам Мүслім, Абу Дауд, 2425; Насаи, 2384

Ең абзал дұға – АРАПА күнінде

Абдулла ибн Амр (радиаллаһу әнһума) жеткізген хадисте: «Ең жақсы дұға – бұл Арапа күнгі дұға, ал мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар Арапа күні айтқан ең жақсы дұға:

«Жалғыз, серігі жоқ Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті», - деген.

Тирмизи, 534/5, 3585

Арафа күні айтылатын дұға: Лә иләһа иллә-Ллаһ, уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уа ләһул-хамд, уа һууа ‘алә кулли шәй-ин қадир.

ТОЗАҚТАН адамдар босатылатын күн

Айша (радиаллаһу әнһә) Алла Елшісінің былай дегенін баяндаған: «Алла Өзінің көп құлдарын Тозақ отынан босататын Арапа күніндей басқа күн жоқ. Ақиқатында, Ол (оларға) жақындайды, ал содан соң періштелердің алдында: «Олар нені қалайды?» деп мақтанады». (Муслим, 1348)

Шайтанның қорланатын күні

Алла Елшісі айтады: «Шайтан Арапа күнінен басқа күндерде мұншалықты қорланған, жәбірленген, әлсіз, өшпенді күйде көрінбейді.»

Муатта, қажылық 1/422; ибн Мәжә, 3013

КЕШІРІМ күні

Алла Елшісі айтады: "Бұл күні өзінің қос құлағы, көзі не тілімен де харамға қол салмаған адамның күнә-кемшіліктері кешіріледі».

Муснад Ахмад сенімді тізбекпен; Мәжма’уз Зәуәйд, 3/251

Әзірлеген: @oraza_kz

Жазба ұнады ма? Ендеше лүпіл басып, достарыңмен бөліскейсіз
4.2K views17:35
Ашу / Түсініктеме
2023-06-26 20:33:42
3.5K views17:33
Ашу / Түсініктеме
2023-06-25 08:41:37 АЛЛА СЕНІ КЕШІРГЕНІН ҚАЛАЙСЫҢ БА?

Біз Алланың алдында өте көп қателестік. Оның әміріне бойұсынбай шалыс басқан сәттеріміз қаншама?!
Қателіксіз адам жоқ. Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ болмайды. Ал Алла Тағала сенің сол бүкіл шалыс басқан, ағат кеткен тұстарыңды кешіруін қалайсың ба?
Алла сенің қателіктеріңді кешіруін қаласаң, сен де Оның жаратқандарының қателіктерін кешір!

«Раббымыз! Бізді және бізден бұрын иманға келген бауырларымызды кешір! Әрі иманға келгендерге қарсы жүрегімізге жек көрушілік салма! Раббым! Ақиқатында, Сен – өте Мейірбан (Рауф), ерекше Мейірімдісің (Рахим)!»
(«Хашыр» сүресі, 10-аят)
4.0K views05:41
Ашу / Түсініктеме
2023-06-24 11:44:02
Бір құрбандық малы неше адамның атынан жарамды болады?

Жауап: Қой мен ешкі бір адамның атынан шалынады. Ал, түйе мен қарамал бір адамның атынан да, жеті адамның атынан да сойылса болады. Бірақ жеті адамнан асып кетуге болмайды. Бұған Жабирдің (Алла оған разы болсын): «Алла Елшісімен бірге Худайбияда бір түйені жеті адамның атынан, бір қарамалды жеті адамның атынан бауыздадық», – деп айтқан сөзі дәлел.

Алайда түйе мен қарамалды құрбандыққа шалуға біріккен кісілердің барлығының ниеті құрбандық құлшылығын өтеу мақсатында болуы керек. Егер олардың біреуі құрбандыққа тек ет алу ниетімен қосылса, барлығының құрбандығы құрбандық ретінде саналмайды. Ал құрбандық, қиран, таматтуғ, ақиқа, нәзір құрбандығын ниет етіп қосылуға болады. Бастысы бұлардың барлығының ниеті құлшылық мақсатында болуы шарт.

«Құрбандық пәтуалары» кітабынан

#құрбанайт2023
4.2K viewsedited  08:44
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 21:39:23
4.0K views18:39
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 21:39:18 Niyet Hajj & Umrah

Жаңа маусым

Комфорт пакет $1 450

Пакет құнына кіреді:
Виза (мультивиза 1 жыл);
Әуе тасымалдау: бару және қайту ұшақ билеттері;
Қонақ үй;
Тамақ: 2 мезгіл;
Гид қызметі;
Экскурсия:
Мекке
Медина
Трансфер;

Сыйлық: қажы жиынтығы, 5л Зам Зам


Байланыс:

Алматы қ., Бузурбаев к., 23
+7 778 477 76 66
+7 707 995 95 99
+7 702 445 44 45

Шымкент қ.,17-микрорайон 10А/3
+7 775 444 55 33
+7 700 294 97 21
4.0K views18:39
Ашу / Түсініктеме
2023-06-10 17:08:47 Осы дұғаларды оқып жүру арқылы өзімізді, отбасы, бала-шағамызды шайттаның азғыруынан, түрлі бәле-жаладан қорғап жүрейік!

1. Үйден шыққан кезде айтылатын дұға:
Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім. Алла (Тағаланың) күш–қуатынан асатын ешқандай күш – қуат жоқ.
«Бисмилләһ, тәуәккәлту ъаләллаһ, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ»

2. Үйге кірер кезде айтылатын дұға:
Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық. Раббымызға тәуекел еттік. ( Кейін үй ішіндегілерге сәлем берсін делінген).
«Бисмилләһи уәләжнә, уә бисмилләһи харажнә, уә ъалә раббинә тәуәккәлнә»

3. Әжетханаға кірер кезде оқылатын дұға:
Иә, Алла! Шын мәнінде, мен ер және әйел жын-шайтандардан Өзіңе сыйынамын.
«Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл -хубси уәл-хабәис»

4. Әжетханадан шыққан кезде айтылатын дұға:
(Иә, Алла!) кешіріміңді сұраймын.
«Ғуфранәк»

5. Тамақтанар алдында айтылатын дұға:
Иә, Алла! Бізге бұл тамаққа береке бер және бізге одан жақсысын нәсіп ет.
«Аллаһуммә бәрик ләнә фиһи уә атъимнә хайрам-минһ»
Немесе, «Бисмилләһ» (Алланың атымен ) деп айтуларыңызға болады.

6. Көлікке мінген кезде айтатын дұға:
Алланың атымен, Аллаға шүкір!
«Бисмилләһ(и), әлхамду лилләһ”

7. Ұйықтар алдында оқылатын дұға:
Екі алақанын біріктіре жайып, көкірек тұсына әкеледі де, кейін: «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін оқып, алақанына үрлеп дем салады. Кейін Әятул – Курсиді оқиды.

8. Таңертең ұйқыдан оянған кезде айтылатын дұға:
Бізді жан тапсырған соң қайта тірілткен Аллаға шүкір! Әрі біз Оған қайтушымыз.
«Әлхәмду лилләһил-ләзи ахйәәнә бәъдә мә әмәәтәнә уә иләйһин - нушур»
2.1K views14:08
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 05:43:45 АДАМДЫ БАҚЫТСЫЗДЫҚҚА ҰРЫНДЫРАТЫН 18 СЕБЕП

1. Үнемі «басқалар не айтар екен?» деп алаңдап жүру;
2. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүретін жолды таңдау;
3. Жалқаулану;
4. Тәуекел етуден қорқу;
5. Барлығына жағуға тырысу;
6. Жақындарың мен ата-анаңды ұмыту, олардың разылығын алмау;
7. Бос уақытты төрт қабырғада өткізу;
8. Өзіңді кінәлай беру;
9. «Қолымнан келмейді» деп үміт үзу;
10. Өкіну, өткен күннің шырғалаңынан шыға алмау;
11. Кек сақтау, біреуді жек көру;
12. Жауапкершіліктен қашу;
13. Орындай алмайтын уәде беру, сөзде тұрмау;
14. Жаман нәрселерді ойлау;
15. Біреудің жетістігін көре алмау, қызғану;
16. Үнемі өзгелерді кінәлауға асығу;
17. Жаман әдетке салыну (шылым шегу, арақ ішу, құмар ойын, т.б)
18. Өмірге, тағдырға налу. Баста тұрған бақытты бағалай алмау.

Күндеріңіз сәтті өтсін!
Жұма мүбәрак болсын!
@kuran_nasikhat
2.6K views02:43
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 13:37:07 "ЖАҚСЫ ІСТЕР АДАМҒА СҰЛУЛЫҚ БЕРЕДІ!"

Сахабалардың бірі Ибн Аббас (р.а) былай деген:
Жақсы істер:
Адамның жүзіне нұр береді, түрін сұлуландырады
Жүрегіне жылу;
Денесіне күш-қуат сыйлап,
Ризық-несібесін молайтады
және адамдардың оған деген махаббатын арттырады,
ондай адамды барлық жаратылыс жақсы көріп тұрады. Оның адамдар арасындағы қадір-құрметі артады!

Ал жаман іс (күнә):
адамның жүзіне қатқылдық, салқындық беріп,
жүрегін қарайтады,
өзін әлсіздікке ұрындырып, несібесінің ортаюына әкеліп соқтырады.
Және мұндай адамның дүние-мүлкі азайып, шығыны көбейе түседі.
(әл-Уабил әл-Сайиб, 34, 36-беттер)

Шынында да, кейде бір адамдарды көріп жүзің қуанады. Саған ештеңе істемесе де сыртынан жақсы көріп тұрасың, оған деген махаббатың оянады. Сонымен араласқың, дос болғың келеді. Біздің бабаларымыз «Түсі игіден түңілме» деп сондықтан айтқан екен ғой!

@kuran_nasikhat
2.8K views10:37
Ашу / Түсініктеме