Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАН НАСИХАТ

Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ Қ
Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ
Арна мекенжайы: @kuran_nasikhat
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.43K
Арнадан сипаттама

ҚМДБ Ұстаздардың уағыздар жинағы.

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 8

2023-04-17 08:26:27 Не үшін дұға жасауым керек?
Қандай дұға жасаймын ?
Дұғаның қабыл болу шарттары қандай?
Дұғаның жасалынатын мекендері
Дұға қабыл болатын уақыттар
Дұғаның әдептері
Құран және хадистің ішіндегі дұғалар
Проблемадан арылатын дұғалар бар ма?
Қарыздан құтылып, Жетістікке жету үшін қандай дұға жасаған дұрыс ?

және тағы да басқа Сұрақтардың жауабын тек "ДҰҒА ҰЛЫ МҮМКІНДІК" кітабынан таба аласыздар

ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН

8 700 679 11 73 (what’s App)

Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің Раббыларың – Ұялшақ және Жомарт. Ол өзіне қол жайып сұраған құлының қолын бос қайтаруға ұялады» деген болатын (Әбу Дәуд, Тирмизи).

@duga_kitap
@duga_kitap
@duga_kitap
2.2K views05:26
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 08:21:12 ҚАДІР ТҮНІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН 7 СҰРАҚ

ҚАДІР ТҮНІ ҚАШАН БОЛАДЫ?
Жауап: Қадір түні - Рамазан айының соңғы он түнінің бірі. Яғни, он түннің біріне жасырылған. Ал 27-түн - Қадір түні болуы ең ықтимал түн.

ҚАДІР ТҮНІ ҰЙЫҚТАМАУ КЕРЕК ПЕ?
Жауап: Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат - тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға-тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз оқып, садақа беру, ізгілікке ұмтылу.

ҚАЙ УАҚЫТТА БАСТАЛЫП, ҚАЙ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ?
Жауап: Ол күн батып, ауыз ашқан сəттен бастап, таң ататын уақытқа дейін жалғасады.

ҚАДІР ТҮНІ ҚЫДЫР АТА КЕЛЕ МЕ?
Жауап: Қадір түні де, басқа түні де Қыдыр ата келмейді. Ол - қате түсінік. Қадір түнін дұға, тілек, құлшылықпен өткізген адамға бір жыл бойы береке-бақыт, байлық, ырыс-несібе келеді.

"ҚАДІР" ДЕГЕН СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫ ҚАНДАЙ?
Жауап: Қадір деген сөз "қадірлі" жəне "өлшем", "тағдыр" деген мағыналарды береді. Ол сөздер бұл түннің аса қадірлі екенін жəне адамның бір жылдық тағдыры өлшеніп берілетін сəт екенін білдіреді.

ҚАДІР ТҮНІ ДАСТАРХАН ЖАЙЫП, ЕСІК-ТЕРЕЗЕЛЕРДІ АШЫП ҚОЮ КЕРЕК ПЕ?
Жауап: Қадір түнінің құрметіне дастархан жаюдың қажеті жоқ. Үйге жақсылық кіреді деп есік-терезелерді ашып қою да - қате түсінік. Керісінше, Алла сіздің дұға жасап, намазға жығылғаныңызды, кешірімді, мейірімді адамға айналғаныңызды қалайды. Бұл түні сізден өзгеріп, мүлде жақсы адамға айналғаныңызды күтеді.

ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ЕҢ ЖАҚСЫ АМАЛ ҚАНДАЙ?
Жауап: Қадір түнгі ең жақсы амал - Құран оқу, аудармасын оқып, мағынасын түсінуге ұмтылу. Дұға жасау (тілек тілеу), намаз оқу, ата-ананы қуанту.
2.3K views05:21
Ашу / Түсініктеме
2023-04-16 13:39:35
ҚАДІР ТҮНІ - ҚИЫНДЫҚТАН ҚҰТЫЛЫП, ДЕРТТЕН АЙЫҒАТЫН ТҮН!
580 views10:39
Ашу / Түсініктеме
2023-04-16 13:37:38 НЕГЕ ҚАДІР ТҮНІНІҢ НАҚТЫ ҚАЙ ТҮН ЕКЕНІ ЖАСЫРЫН БОЛАДЫ?

Ғалымдардың айтуынша, Қадір түнінің нақты қай күні екенінің белгісіз болуының себебі - мұсылмандар тек осы күнгі құлшылықтарына ғана сенім артып қоймай, Рамазан айының соңғы он түндерінің барлығын ықылас, ыждағатпен өткізулері үшін осылай болған.
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі де Рамазанның соңғы он түнінің бәрінде де құлшылықтарында ерекше ынта танытатын. Бұл туралы Айша анамыз (р.а):

«Рамазанның соңғы он күні келгенде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түндерін намазбен өткізетін, отбасы мүшелерін оятып, құлшылықтарында ерекше құлшыныс танытатын», - деген. (Бұхари, Муслим)

Ендеше, біз де аспаннан періштелер жауып, тілек-дұғалар сөзсіз қабыл болатын берекелі түннен қапы қалмайық.

@kuran_nasikhat
639 viewsedited  10:37
Ашу / Түсініктеме
2023-04-15 17:25:39
Бүгін тақ күн, Қадір түні болуы ықтимал, Қадір түнін қашан болатынын еш кім білмейді. Егер сіз Алла жолында Медресеге 100 тг беретін болсаңыз 83 жыл салақа бергендей боласыз.
284 views14:25
Ашу / Түсініктеме
2023-04-15 12:43:15 قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ يَقُمْ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ. (ق)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Кімде-кім ізгілігіне сеніп және қарымын тек Алладан үміт етіп Қадір түнін өткізсе (дұға жасап, нәпіл намаз және Құран кәрім оқып құлшылықпен өткізсе), бұрынғы күнәлары кешіледі” (Mуттәфәқун аләйһ)

ҚАДІР ТҮНІ МҮБӘРАК БОЛСЫН!
1.2K views09:43
Ашу / Түсініктеме
2023-04-15 12:36:33 Қадір түні қашан

Ұстаз Арман Қуанышбаев

@kuran_nasikhat
1.1K viewsedited  09:36
Ашу / Түсініктеме
2023-04-14 06:13:33 ЖҮСІП ПАЙҒАМБАР (А.С) МЕН РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҰҚСАСТЫҒЫ!

Имам Ибн әл-Жаузи былай дейді:
"12 ай Яқуб (Жақып) пайғамбардың 12 ұлы секілді. Жүсіп (а.с) - Яқубтың ең сүйікті ұлы болғанындай, Рамазан да – айлардың ішіндегі Аллаға ең ұнамды уақыт. Және бір ғана Жүсіп пайғамбардың дұғасы үшін Алла Тағала оның 11 бауырын кешіргені секілді, Алла Рамазан айындағы құлшылығың арқылы сенің 11 айдағы күнәңді кешіреді! "
Аллаһу Акбар!

Жұма мүбәрак болсын

@kuran_nasikhat
1.6K views03:13
Ашу / Түсініктеме
2023-04-13 18:40:22
2.4K views15:40
Ашу / Түсініктеме
2023-04-13 15:23:22
2.1K views12:23
Ашу / Түсініктеме