Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАН НАСИХАТ

Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ Қ
Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ
Арна мекенжайы: @kuran_nasikhat
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.43K
Арнадан сипаттама

ҚМДБ Ұстаздардың уағыздар жинағы.

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 11

2023-04-02 02:49:02 Рамазан тозақтан азат етілу айы.

Ұстаз Ерлан Ақатаев.

@Kuran_nasikhat
1.3K viewsedited  23:49
Ашу / Түсініктеме
2023-03-31 15:54:17 АУЫЗАШАР ӘДЕПТЕРІ

Ауызашар – бұл ораза ұстаушының оразасы тоқтатылатын күн батқан мезгіл немесе мұны қарапайым тілмен ақшам намазына азан шақырылған кез деп түсіндіруге болады. Омар ибн әл-Хаттабтан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «... күн батқан кезде ораза ұстаушылардың оразасы тоқтатылады», - деген. (Бұхари, Муслим)

АУЫЗДЫ НЕМЕН АШУ КЕРЕК?

Сүннет бойынша ауызды құрмамен немесе сумен ашқан абзал. Себебі, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден біреу ауыз ашатын болса, құрмамен ашсын, ал егер құрма болмаса, онда су ішсін, өйткені, расында, ол тазартады», - деген (Әбу Дәуд, Тирмизи, Ибн Мәжаһ)

АЛДЫМЕН АҚШАМ НАМАЗЫН ОҚИМЫЗ БА, ӘЛДЕ АУЫЗ АШАМЫЗ БА?

Ауызды намаз оқудан бұрын ашу керек. Бұл туралы сахаба Әнас ибн Мәлик (р.а) былай деген: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ораза кезінде сумен болса да ауызын ашпастан бұрын ақшам намазын оқығанын ешқашан көрген емеспін» (Әбу Яғлә, Ибн Хузайма)

АУЫЗ АШАР АЛДЫНДА ДҰҒА ЖАСАУ КЕРЕК ҚОЙ?!

Иә, көп адам ауыз ашар алдында тілек тілеуді ұмытып жатады. Ал шын мәнінде, ауыз ашар алдында жасалған дұға мен Алланың арасында перде болмайды. Сондықтан адам бұл мүмкіндікті пайдаланып, Алладан бар керегін сұрап қалуға тырысуы керек. Бұл туралы Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, ораза ұстаушының ауызашар алдында жасаған дұғасы қайтарылмайды», - деген. (Ибн Мәжаһ, әл-Хаким)

АУЫЗ АШҚАН СОҢ ШЕ, ОДАН КЕЙІН ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА БАР МА?

Иә, бар. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ауызын ашқан соң: «Шөл басылды, тамырлар нәрге толды, Алла қаласа, сауап та бізді күтіп тұр», - деп айтатын. (Әбу Дәуд, Бәйһақи)
Оқылуы: Зәһаба ззома-у уәбталләтил-‘уруқ, уә сәбәтәл-әжру иншә-Алла.
ذهب الظمأ وابتلت العروق وثبت الاجر إن شاء الله

УАҚЫТЫ КІРГЕНДЕ АУЫЗ АШУҒА АСЫҒУ КЕРЕК ПЕ?

Иә, ораза ұстаушы адам ауыз ашар уақыты кірсе де, оразасын бұзуға асықпай, уақыт өткізіп жүре беруіне болмайды. Себебі, "ауыз ашуды кешіктіру яһудилер мен христиандарға тән" (Әбу Дәуд, Нәсаи, Хаким). Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдар ауызашарларына асығып жүргендеріне дейін игілікте болады», - деген (Бұхари, Муслим)

АУЫЗ АШАР УАҚЫТЫНЫҢ ТАҒЫ ҚАНДАЙ ИГІЛІГІ БАР?

Ең кереметі, ауызашар - бұл жай ғана тамақ ішетін кез емес, бұл кезде Алла кей құлдарын тозақтан азат етеді!
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Ұлы әрі Құдіретті Алланың әрбір ауызашар кезінде Оттан босататын құлдары бар. Әрі бұл босату әрбір түн сайын орын алады!» - деген (Ибн Мәжаһ)

Ендеше, осынша құлшылық, сауап, игілік жасырылған ауыз ашарға, оның уақытына, әдептеріне мұқият болайық. Алла осы Рамазанда күнәларымызды кешіріп, бізді де оттан босаған құлдарының қатарынан етсін. Әмин!

@kuran_nasikhat
506 views12:54
Ашу / Түсініктеме
2023-03-31 12:07:16 1000 тг Құлы

Ұстаз Ерлан Ақатаев

@Kuran_tapsir
226 views09:07
Ашу / Түсініктеме
2023-03-31 03:20:40
Оразаның Жұмасында берген садақаларыңыз қабыл Алла тағала қабыл етсін. Құран айында, Құран жаттайтын орталыққа неге қол ұшын бермеске

Kaspi Gold: 87472666638
4400430261009598
ABYLKHAN ASSYLKHANOV
Абылхан А.
1.3K views00:20
Ашу / Түсініктеме
2023-03-31 03:12:14 Кімде-кім Аллаға қарсы келуден қорқып сақтанса, Алла оған тығырықтан шығатын жол ашып береді. Сондай-ақ ондай пендесіне еш ойламаған жерден ризық-несібе нәсіп етеді.

«Талақ» сүресі, 2, 3-аяттар.

Жұма мүбәрак болсын!
1.5K views00:12
Ашу / Түсініктеме
2023-03-29 11:22:33 Тарауих намазын оқыған адам күнәларынан тазарады!

Cахабалардың бірі Әбу Һурайра (р.а) былай деп айтқан:
«Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазанда қосымша түнгі намаздарды орындауға адамдарды ынталандырған, бірақ оны үзілді-кесілді бұйырған жоқ. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Рамазанның түндерінде иманмен және Алланың сауабына деген үмітпен намаз оқыған адамның алдыңғы күнәлары кешіріледі», - деген.
(Бұхари, Муслим)
143 views08:22
Ашу / Түсініктеме
2023-03-28 16:26:33
1.4K views13:26
Ашу / Түсініктеме
2023-03-28 16:26:17 Ас-Саламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух!

Niyet Hajj & Umrah компаниясы Рамадан айында жеңілдікпен Умра жасауға шақырады

Ұшу рейсі Алматы, Түркістан және Шымкент қалаларынан Толық ақпарат алу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласа аласыз. Ниеттеріңіз қабыл болсын!


Алматы қ., Бузурбаев к., 23
+7 778 477 76 66
+7 707 995 95 99
+7 702 445 44 45

Шымкент қ.,17-микрорайон 10А/3
+7 702 747-65-83
+7 700 294 97 21
1.4K views13:26
Ашу / Түсініктеме
2023-03-28 11:21:16 Нұрлан имам қателесті. “Әсіре діншілдік” деген не?

Ұстаз Арман Қуанышбаев


@ustaz_arman_kuanyshbaev
2.0K views08:21
Ашу / Түсініктеме
2023-03-28 01:43:30 СӘРЕСІ УАҚЫТЫНДА ОРЫНДАЛАТЫН 3 САУАПТЫ АМАЛ

Сәресі уақытында орындалатын 3 түрлі құлшылық бар. Үшеуінің де сауабы мен сыйы ұшан-теңіз. Олар:

1. ИСТИҒФАР, яғни Алладан кешірім сұрау. Бұл туралы Алла Құранда: "Олар сахарда (яғни түннің үшінші бөлігінде) кешірім тілейтін еді", - деген. ("Зәрият" сүресі, 18-аят)

2. ДҰҒА. Себебі, дәл осы уақытта, түннің соңғы бөлігінде тілеген тілектер қабыл болады. Бұл туралы Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Пенденің Раббысына ең жақын болатын кезі – түннің соңғы бөлігі. Егер сол сағатта Алланы зікір етушілерден бола алсаң, бол», - деген (Тирмизи) Сонымен бірге «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла әрбір түннің соңғы үштен бір бөлігінде: «Маған дұға қылып жатқан кім бар екен, жауап берейін. Менен сұрап жатқан кім бар екен, сұрағанын берейін. Менен күнәсін кешіруді тілеп жатқан кім бар екен, кешірейін», – дейді», – деген (Бұхари)

3. СӘРЕСІН ІШУ. Иә, сәресіне оянып, оны ішу де - құлшылық. Себебі, сіз ұйқыңызды қиып тұрып, Пайғамбарымыз (ﷺ) нұсқаған сүннет амалды жасадыңыз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Сәресі ішіңдер. Себебі, сәресінде береке бар", "Бір жұтым сумен болса да сәресін ішіңдер", "Расында, сәресінде игілік бар, сондықтан оны қалдырмаңдар», - деп үмметін Рамазан айында сәресін ішуге үндеген. (Ахмад)
Бір ғана сәресінің өзіне осынша құлшылық пен сауапты жасырып қойған АЛЛА ҰЛЫҚ! Бүгінгі күндеріңіз сауап пен берекеге толы болсын!

@kuran_nasikhat
1.2K views22:43
Ашу / Түсініктеме