Get Mystery Box with random crypto!

Бірде адамдар Хасан əл-Басриден оның тақуалығының сырын сұрайд | ҚҰРАН НАСИХАТ

Бірде адамдар Хасан əл-Басриден оның тақуалығының сырын сұрайды. Сонда ол бұл сұраққа былай деп жауап берген екен:

«Өзіме бөлінген ризықты менен басқа ешкім ала алмайтынын білген соң жүрегім тынышталды;

Менің жұмысымды менен басқа ешкім жасамағандықтан, онымен өзім шұғылдандым;

Жəне де Алла мені барлық жерде көретінін білген соң, Ол мені күнə жасап жатқан кезде көрмесе екен деп Одан ұялдым;

Өлімнің хақ екенін біліп, Раббыммен жолығуға дайындалдым»

@kuran_nasikhat