Get Mystery Box with random crypto!

РАМАЗАН -  МАХАББАТ АЙЫ! ⠀ 'Раббым, Сен мен үшін шөлдегендегі | ҚҰРАН НАСИХАТ

РАМАЗАН -  МАХАББАТ АЙЫ!

"Раббым, Сен мен үшін шөлдегендегі салқын судан да сүйіктісің!"

"Раббым, Сен мен үшін ашыққандағы адал астан да артықсың!"

"Раббым, Сен мен үшін нәпсі құмарлықтарымнан да қымбатсың!"

Сөзсіз, отыз күн оразаға ниетті әр мұсылманның жүрегінде осындай сұлу сезім, ыстық ықылас бар. Бұл - "махаббат" деп аталады!

Бізді жоқтан бар еткен, өміріміздегі әрбір жақсылықтың ИЕСІНЕ деген мөлдір махаббат! Рамазан - осы махаббатты дәлелдейтін ай. Жаратушымыз бізге "осы айда басқа уақытта адал болған асты Мен үшін тастай аласың ба?" деді. Ал ораза ұстаушы "Иә, Раббым!" деп жан-тәнімен отыз күн уәдесінде тұрып береді. Және риясыз разылықпен отыз күн бойы СҮЙІКТІСІ мен ОНЫҢ СҮЙІКТІ ҚҰЛЫ бұйырғандай, көрсеткендей, үйреткендей көркем құлшылықтарды атқарумен болады.
Және оның тілін құрғатпай айтатын дұғасы осы болмақ:

Иә, Алла! Мен Сеннен Өзіңді жақсы көруді және Сенің мені жақсы көруіңді сұраймын және Сенің жақсы көруіңе жақындататын әрбір амалды жақсы көруді маған нәсіп етуіңді сұраймын.
«Аллаһумма инни әс-әлукә хуббәкә уә хуббә мән йухиббукә, уә хуббә куллә ъамә лин йуқаррибуни илә хуббик"