Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАН НАСИХАТ

Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ Қ
Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ
Арна мекенжайы: @kuran_nasikhat
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.43K
Арнадан сипаттама

ҚМДБ Ұстаздардың уағыздар жинағы.

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 6

2023-04-27 06:23:52 ТІЛЕКТІҢ ҚАБЫЛ БОЛУЫНЫҢ 2 КІЛТІ БАР:

Біріншісі - намаз арқылы Алладан сұрау;
Екіншісі - "тілегім қабыл болмады" деп үмітсіздікке ұрынып кетпей, сабыр етіп нәтижесін күту!
Өйткені, Алла Тағала Құранда:
«Әй, мүміндер! Сабыр және намазбен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла сабыр етушілермен бірге», - деген.
(«Бақара» сүресі, 153-аят)

@kuran_nasikhat
3.3K views03:23
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 05:46:56 ОТБАСЫНДА БАҚЫТТЫ БОЛУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ 4 ҚАҒИДАСЫ

" Бақыт деген ерлі-зайыптыларға біреудің «мә» деп бере салатын заты емес. Бақытты әр адам өз еңбегімен, өз талпынысымен жасап алады.
Сондықтан «жылы сөзге жан семіреді» дегендей, жарыңызға өз сезіміңізді айтып, білдіріп тұрыңыз.
Себебі, ол бөтен адам емес, қосағыңыз. Одан тәтті сөздеріңізді аямаңыз.

Ренжіскен, өкпелі күйде ұйқыға кетпеңіз. Реніш туа қалса, оны іште бүкпей, өзара ақылдасып шешу керек. Себебі, реніш шер мен кекке, ал кек ауруға әкелуі әбден мүмкін.

Төзім мен өзара түсіністікті арттыру керек. Кешірімді болуға, болған істі тез ұмытып кетуге талпыныс жасау, жайдары болуға ұмтылу – бақытқа жетелейтін бірден-бір қадам.

Күндеріңізді бірқалыпты етіп өткізбей, әртүрлі етіп өзгертіп тұруға ұмтылыңыз. Отбасы мүшелерінің барлығына ұнайтын, сүйікті шараларды жасап, үйге көңілді атмосфера орнатуға болады. Әркімнің еңбегін, отбасындағы орнын бағалау, сыйлау да - бақыттың кілті.
1.4K views02:46
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 16:57:52 Рамазандағы оразаңыздың қабыл болғанының белгісі

Ғұлама Хафиз ибн Раджәб (р.а) оразаның қабыл болуы туралы былай деген екен:

"Адамның Рамазандағы оразасының қабыл болуының көптеген белгілерінің бірі ол адам Рамазан аяқталғаннан кейін құлшылығын нәпіл оразалармен жалғастырады. Өйткені, егер Алла бір құлдың құлшылығын қабыл еткен болса, Ол оған ғибадаты мен игі істерін әрі қарай орындауға жәрдемдеседі"
[«Ләтаиф әл-ма’ариф», 221]
2.6K views13:57
Ашу / Түсініктеме
2023-04-22 11:40:16 Егер Құран адамның терісі болғанда, ол ешқандай отқа жанбас еді!
===========
Сахабалардың бірі Уқба ибн Әмір (р.а) Алла Елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын жеткізген: «Егер Құран адамның терісі болса және ол адамды отқа салса, өрт оған титтей де зиянын тигізе алмас еді» (Ахмад, әт-Тахауи)
Иә, күнделікті өмірде де ештеңесі қалмай түгелдей жанып кеткен алып ғимараттардың ішінде тек Құран кітаптың жанбай немесе жартылай ғана от шарпып аман шығатынын көріп жүрміз. Бұл – Жаратушы тарапынан адам баласына анық ескерту ғана. Алланың сөзіне ешкім зиян келтіре алмаса, ол бұрмаланбай, қате-кемшіліктен ада күйде сақталатын болса, демек, жүрегіне Құран ұялаған пенде де дәл солай тозақ отынан аман қалатынына еш күмән жоқ.

@kuran_nasikhat
1.6K views08:40
Ашу / Түсініктеме
2023-04-21 13:02:08 Сүйінші


https://www.instagram.com/reel/CrSZAHGrB46/?igshid=MDJmNzVkMjY=
1.7K viewsedited  10:02
Ашу / Түсініктеме
2023-04-21 11:05:52
1.9K views08:05
Ашу / Түсініктеме
2023-04-20 13:38:43 ҚИМАЙМЫН...
*
Жанымды баурап едің бал әнім боп,
Жаутаңдап қабағыңа қарадым көп.
Айым-ау, мен ешқашан ойламаппын,
Мұншалық бауыр басып қаламын деп.
*
Жайраңдап ертең тағы күн шығады,
Шашсам деп шуағымды құлшынады.
Сол күнмен сен кетесің, мен қаламын,
Ащы өксік тереңінде тұншығады.
*
Деп жүрсем бақытымның кепілісің,
Сен бірақ келіпсің ғой кету үшін.
"Барыңда бағалай да алмаппын" деп,
Өзекті өртеп жатыр өкінішім.
*
Қасымда ​ неге асықтың бола тұрмай?
Балауса жыр арнар ем бала ақындай!
Жабығып жаным менің жылап жатыр,
Көре алмай енді қайтып қалатындай...
***
Рамазан, сені сүйіп, ұнатқалы,
Кеудемде күнде ататын Жұмақ таңы.
Жаратқан Айт мейрамын беріпті ғой,
Ортайған ​ көңілдерді жұбатқалы!
Serik Kaliev
1.3K views10:38
Ашу / Түсініктеме
2023-04-20 06:52:12
2.0K views03:52
Ашу / Түсініктеме
2023-04-20 06:32:00 Сіздерде де осындай қимастық бар ма?
Кеше ғана сағындырып келген қасиетті аймен қоштасқалы тұрмыз... Алла келесі Рамазанда бізге бұдан да жақсы, бұдан да ізгі амалдарды жасауды нәсіп етсе екен!
Бұл Рамазаннан бар күнәсі кешіріліп, "тозақтан азат" деген мәртебені алып шыққан құлдардың қатарынан болайық!
Әмин!

@kuran_nasikhat
1.9K views03:32
Ашу / Түсініктеме
2023-04-19 15:37:05 ПІТІР САДАҚАСЫ ЖАЙЛЫ...

Пітір садақа оразада кеткен кемшіліктердің орнын толтырады, пітір садақа сауаптарыңызды еселейді, пітір садақа игілік пен жақсылықтың, ризықтың есігін ашады! Ендеше, бүгін сол пітір садақа туралы бірнеше сұрақтарға жауап бере кетсек дейміз

1. ПІТІР САДАҚАНЫ БЕРУ КІМДЕРГЕ МІНДЕТ БОЛАДЫ?

Пітір садақа беру - мүмкіншілігі бар әрбір мұсылманға міндет. Бұл туралы Ибн Умар: «Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) зәкат әл-фитрді бір са’ азық-түлік ретінде таратуды бұйырды. Ол мұны мұсылмандардан болған құл мен еркін адамға, еркек пен әйелге, кіші мен қартқа бұйырып, оны айт намазына шығудан бұрын беруді әмір етті», - деген. (Бұхари 1503) Ал шамасы келмейтін мұсылмандарға пітір садақа парыз емес. Бұл туралы «Мүмкіншілігі жоқ кісі фитрді беруге міндетті емес екеніне ғалымдар бірауыздан келіскен» деген Имам Ибн әл-Мунзирдің қолтаңбасына сүйенсек болады.

2. ПІТІР САДАҚА ҚАЙ УАҚЫТТА БЕРІЛЕДІ?
 
Ислам ғалымдары: «Фитрді өз уақытында бермеген адам күнә жасады! Ол фитр беруді кешіктіргені үшін тәубе етіп, бәрібір оны кедейлерге беруге тиіс» деген қорытынды шығарған. Әрине, бұл туралы білмей қалған адамның жағдайы басқа. Сонымен, мұндай күнә жасамас үшін «пітірді қай уақытта беру керек?» деген сауалдың жауабына назар салғанымыз абзал. Ибн Умар былай дейді: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) фитрді айт намазына шығардың алдында беруді әмір еткен» (Бұхари 1503). Сондай-ақ, Имам Ибн әт-Тин: «Фитр беру уақыты - таң намазынан бастап айт намазына дейін», - деген (“әл-Мутауари” 135, “Фатхуль-Бари” 3/478).
Әйткенмен, егер мұсылман айт намазына дейін беруге үлгермей қаламын деп қауіптенсе, онда оны айт намазына дейін бір-екі күн бұрын берсе болады. Бұл жалпы ережеден тыс жағдай. Нәфи` былай деген: «Ибн Умар кейде зәкат әл-фитрді айттан бір-екі күн бұрын беретін еді» (Бұхари 1511, Муслим 986). Кейбір ғалымдардың айтуынша, Ибн `Умар пітірді бір-екі күн бұрын кедейлердің өзіне емес, пітір жинауға тағайындалған кісіге беретін еді. Бұл мағлұматты басқа хабарлар растайды. Нәфи: «Ибн `Умар зәкат әл-фитрді айттан бір-екі күн бұрын оны жинап жүрген адамға жіберетін», - деп айтқан (Мәлик 1/285).
Алайда егер адам пітірді беруге үлгермей немесе оны ұмытқан болса, онда ол төлеуді талап ететін қарыз болып табылатындығына ғалымдар бірауыздан келіскен.
 (“Мәусу’әтул-фиқһия” 41/43)

3. ПІТІР САДАҚА КІМГЕ БЕРІЛЕДІ?

Пітір тек кедейге берілген кезде ғана төленген болып есептеледі. Ол кедейге немесе фитрді жинайтын сенімді кісіге уақытылы жетуі керек. Кедей адам өзіне тиесілі зекетті жинауды басқа біреуге тапсыруына болады.
Ал «Базарларда немесе көшеде қайыр тілеп жүргендерге пітір садақа беруге бола ма?» деген сауалға Ислам ғалымдары «Фитр кедей мұсылмандарға беріледі, тіпті егер олар күнәһар болса да, бірақ діннен шықпаған болса. Кедейдің сыртқы жағдайына қарау керек, тіпті егер ол іс жүзінде бай болып шықса да. Алайда, шама келгенше шынайы кедейлерді іздеу керек. Егер адам берген зекетінің жағдайы бар адамның қолына түскенін білсе, онда бұл оның зекетіне зиян тигізбейді» деп жауап берген. (“Фәтауа № 3055)
Пітір-садақаны басқа дін өкілдеріне және діннен шыққан адамдарға беруге болмайды, өйткені зекеттің парыз үкімдерінде оларға ештеңе тиесілі емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды Исламға шақыру үшін Му`азды Йеменге жібергенде, былай деген: «Егер олар саған бұл нәрседе (яғни бірқұдайшылық пен намаз оқуда) бағынса, онда Алла олардың байларына кедейлерінің пайдасына зекет берулерін әмір еткенін оларға хабарла» (Бұхари 3/225, Муслим 19)

Сондай-ақ, ата-анасы, балалары мен әйелі сияқты өзі асырауға міндетті кісілірге пітір-садақасы берілмейді. Бұл туралы Имам Малик: «Өзің асырауға міндетті жақын туысқандарыңның қатарындағы кісілердің ешқайсысына зекет берме!», - деді (  “әл-Мудауина” 1/344)

4. ПІТІР САДАҚА БАРЛЫҚ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ ҮШІН ТӨЛЕНЕ МЕ?

Иә
211 viewsedited  12:37
Ашу / Түсініктеме