Get Mystery Box with random crypto!

ҚАДІР ТҮНІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН 7 СҰРАҚ ⠀ ҚАДІР ТҮНІ Қ | ҚҰРАН НАСИХАТ

ҚАДІР ТҮНІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН 7 СҰРАҚ

ҚАДІР ТҮНІ ҚАШАН БОЛАДЫ?
Жауап: Қадір түні - Рамазан айының соңғы он түнінің бірі. Яғни, он түннің біріне жасырылған. Ал 27-түн - Қадір түні болуы ең ықтимал түн.

ҚАДІР ТҮНІ ҰЙЫҚТАМАУ КЕРЕК ПЕ?
Жауап: Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат - тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға-тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз оқып, садақа беру, ізгілікке ұмтылу.

ҚАЙ УАҚЫТТА БАСТАЛЫП, ҚАЙ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ?
Жауап: Ол күн батып, ауыз ашқан сəттен бастап, таң ататын уақытқа дейін жалғасады.

ҚАДІР ТҮНІ ҚЫДЫР АТА КЕЛЕ МЕ?
Жауап: Қадір түні де, басқа түні де Қыдыр ата келмейді. Ол - қате түсінік. Қадір түнін дұға, тілек, құлшылықпен өткізген адамға бір жыл бойы береке-бақыт, байлық, ырыс-несібе келеді.

"ҚАДІР" ДЕГЕН СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫ ҚАНДАЙ?
Жауап: Қадір деген сөз "қадірлі" жəне "өлшем", "тағдыр" деген мағыналарды береді. Ол сөздер бұл түннің аса қадірлі екенін жəне адамның бір жылдық тағдыры өлшеніп берілетін сəт екенін білдіреді.

ҚАДІР ТҮНІ ДАСТАРХАН ЖАЙЫП, ЕСІК-ТЕРЕЗЕЛЕРДІ АШЫП ҚОЮ КЕРЕК ПЕ?
Жауап: Қадір түнінің құрметіне дастархан жаюдың қажеті жоқ. Үйге жақсылық кіреді деп есік-терезелерді ашып қою да - қате түсінік. Керісінше, Алла сіздің дұға жасап, намазға жығылғаныңызды, кешірімді, мейірімді адамға айналғаныңызды қалайды. Бұл түні сізден өзгеріп, мүлде жақсы адамға айналғаныңызды күтеді.

ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ЕҢ ЖАҚСЫ АМАЛ ҚАНДАЙ?
Жауап: Қадір түнгі ең жақсы амал - Құран оқу, аудармасын оқып, мағынасын түсінуге ұмтылу. Дұға жасау (тілек тілеу), намаз оқу, ата-ананы қуанту.