Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАН НАСИХАТ

Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ Қ
Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ
Арна мекенжайы: @kuran_nasikhat
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.43K
Арнадан сипаттама

ҚМДБ Ұстаздардың уағыздар жинағы.

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 5

2023-05-04 16:17:30 Жүректе шүкірлік болмаса, адамға ештеңе жақпайды. Мына үйіне разы емес адам ертең өзі ойлағандай үйге қол жеткізгенде одан да жақсысын ойлап, мазасы қашады. Мына киіміне көңілі толмаған адамның бір күні жаңа киімінен де жалығып, шағым айтып отырғанын көресің.
Дәл қазіргі жұмысын қиынсынып жүрген адам біраз уақыт өткенде «бұрынғы жұмысым жақсы еді, тым болмағанда бұлай қиналмайтын едім» дейді.

Соған қарағанда...
Соған қарағанда, проблема үйде не киімде, жұмыста емес, проблема – сол адамның жүрегінде екен. Проблема көзінің тойымсыздығында, пейілінің тарлығында екен.
Сондықтан ойланайық.

@kuran_nasikhat
5.2K views13:17
Ашу / Түсініктеме
2023-05-03 17:34:48
ҚОЛЫҢНАН КЕЛСЕ КЕШІРЕ САЛ!

@kuran_nasikhat
902 views14:34
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 18:33:30
АЛЛАНЫ ТАНИ БІЛ дейді.
374 views15:33
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 09:46:56 ЕГЕР БАЛАҢЫЗ...

Егер балаңыз бірдеңені дұрыс жасамаса, «сен жамансың» деп оны төмендетудің қажеті жоқ. «Сен жақсысың, бірақ мына іс жаман» деп бала мен оның амалын бір-бірінен ажырата отырып түсіндіру керек;

Егер оған бірдеңені үйреткіңіз келсе, өзіңіз жасап кетпей, шыдамдылық танытып, соңына дейін күтіңіз;

Егер балаңыз бірдеңе айтқысы келсе, жұмыстың барлығын ысырып қойып, қарама-қарсы отырып, оның екі қолын ұстап отырып тыңдаңыз;

Балаңызды өзіңіз істеп жүрген істерге араластырыңыз. Оның көмегіне көбірек жүгініңіз. «Бірге істейік», «мынаны апара сал», «мынаны тазалайық», «сен ананы істей салшы», т.б. Бұл арқылы ол өзінің сізге пайдалы адам екенін сезінеді. Және мақтау мен алғыс естіген сайын елге пайдалы болуға, жақсылық жасауға асығып тұрады;

Егер балаңыз үнемі тіліңізді алып, айтқаныңызды екі етпей орындаса, көңіліңізден шығатын әрекеттер жасаса, сіз оған ешқандай қарсылық көрсетпейсіз. Бұл қалыпты жағдай секілді іштей қуанып, балаңызға көңіліңіз толып жүре бересіз. Егер бір күні аяқ астынан бірдеңені дұрыс жасамаса, бірден ашуланып, ренжіп шыға келесіз. Ата-ананың басты қателігі де осы жерде. Қателік жасаған кезінде ашуланып, ренжігеніңіздей, ол тыңдап, тәртіпті болып жүрген кезінде де қуанып, оған разы екеніңізді көрсетіп тұруыңыз керек. Яғни эмоцияңызды көрсетіп тұрсаңыз, ол сізді көбірек ренжітуге емес, қуантуға асығатын болады.

@kuran_nasikhat
323 views06:46
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 03:41:27 АЗАМАТ ДЕП ЖҮРГЕН ЕРІҢІЗ ЕЗ БОП ШЫҚПАСЫН

Ұл баланың тәрбиесіне көп ретте әкесінің тигізер әсері мол. Қалай дегенмен де, ол ұл болған соң, өз табиғатына сай жігіттікті, мәрттікті, уәдеге беріктік пен салқынқандылықты, тегеуірінділікті талап етіп тұратыны анық. Сондықтан әке ауызбен айтқаннан гөрі баласына көп нәрсені өзі істеп көрсеткені абзал.

«Әке – балаға сыншы» дейді қазақ. Шынымен де, баланың мақсат-мұраттарын айқындап, оған бағыт көрсетіп беретін бірден-бір жан – оның әкесі. Мысалы, Абай секілді алып тұлғаны тәрбиелеп өсірген Құнанбай қандай еді? Баласының бойынан ерекше зеректік пен алғырлықты байқаған ол Абайды он жасында медресеге берген. Абай төрт жыл бойы сол медреседе оқып, қара таныған. Әдебиеттерді ақтарған. Төрт жыл оқығаннан кейін Құнанбай баласын ауылға алдырып, оны ел басқару ісіне баули бастаған. Ел ішіндегі жақсылармен араластырған.
Мұның барлығы не үшін еді? Яғни Құнанбай осылайша болашақтағы ел азаматының, елге жөн сілтеген алып Абайдың тұлғасын қалыптастырған еді.

Демек, сіз де кейбір маңызды істерде балаңызды өзіңізбен бірге ала жүріп, оған оң мен солды, ақ пен қараны көрсете жүргеніңіз дұрыс. Әсіресе, ұл баланы отбасындағы маңызды істерге араластырғаныңыз абзал. Оның үйде істейтін жұмыстары, қоқыс шығару, қарындасының сабағына көмектесу, інісінің қарындашын ұштап беру, анасымен бірге дүкенге бару деген секілді міндеттері болуы керек.

@kuran_nasikhat
183 views00:41
Ашу / Түсініктеме
2023-04-29 18:54:44 БАЛА НЕНІ КӨРІП ӨССЕ, СОНЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ

Егер ата-ана өздерінің әке-шешесіне көп жақсылық жасаса,

Ешкімді жамандамай, үнемі адамдарға көмектесіп жүретін болса,

Ақшасы түскенде белгілі бір бөлігін садақаға берсе,

Көршілерін қонақ етіп, сыйласа,

Үлкендерге құрмет көрсетіп, кішіпейілдік танытса,

Өзгелердің алдында менменсінбей, қарапайым болса,

Білім алуға, жаңа, пайдалы нәрселермен сусындауға ұмтылса,

Аға-бауыр, ағайын-жекжатпен қарым-қатынасын суытпай, араласып тұрса,

Қоғамға пайдалы іспен айналысса,

Елін сүйсе...

Міне, ата-ана кішкентай кезінен-ақ балаға осындай тәрбиені көрсетіп өсірсе, онда ол бала ешқашан жаман болмайды. Қазақ «тегінде бар тек жатпайды» деп бекер айтпаған. Ата-ананың көрсеткен үлгісі, салып берген жолы балаға міндетті түрде әсер етіп, ол бір күн болмаса да, бір күні ұрпақтың бойынан көрініс беріп қалады. Сондықтан әркім өзінің төккен теріне қарай жемісін жейтінін ұмытпауы керек.

@kuran_nasikhat
2.7K views15:54
Ашу / Түсініктеме
2023-04-29 10:09:52 «...Мен сонда балықты ұмыттым. Оны еске түсіруді шайтан ғана ұмыттырды», - делінеді «Кәһф» сүресінің 63-аятында. Иә, адам миы барлық ақпараттарды бірдей сақтай беруге қауқарсыз. Бүгін жатталған дүние ертең-ақ есіңізден шығып, ұмытылып жатады. Сондықтан мүмкіндігінше алған іліміңіздің ұзағырақ есте қалуына жағдай жасай жүріңіз.

P.S: Біздікі тек амал, себеп жасау ғана. Қалғаны – Әлемнің Раббысы Алланың құзырында.

@kuran_nasikhat
2.4K views07:09
Ашу / Түсініктеме
2023-04-29 10:09:52 ҰМЫТШАҚТЫҚТАН АРЫЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ...

1. ҰЙҚЫ РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫ
Алла Тағала Құранда: «Ал ұйқыларыңды тынығу еттік. Әрі түнді жамылғы етіп жасадық», - дейді («Нәба» сүресі, 9-10-аяттар). Біздің өмірімізде ненің пайда, ненің зиян екенін өзімізді жаратқан Алла Тағаладан артық ешкім біле алмайды. Ерекше Мейірімді, Қамқор Жаратушымыз түнді жаратса, демек, оның бекерден-бекер болмағаны. Ғалымдардың пайымдауынша, ми жасушалары адамның ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, миды тазарту жұмыстарын жүргізеді, яғни, күндіз қабылданған ақпараттар түнгі ұйқы кезінде бас ішінде сараланып, рет-ретімен тізіледі екен. Сондықтан ұйқының жетіспеушілігінен адам миының қабаттары зардап шегеді. Ал оның салдары есте сақтау қабілетінің төмендеуіне алып келеді.

2. Тез жаттаудың тағы бір жолы – ТҰШЫНЫП ӘРІ ДАУЫСТАП ОҚУ.
Себебі, адам көрумен қоса, есту арқылы да біраз нәрсені санасында жаңғырта алады. Әр сөздің тереңіне бойлап, мән-мағынасын түсініп оқыған адамның санасында ең болмағанда, оқыған дүниелерінің елесі, сұлбасы қалады. Адам сол арқылы өткенді есіне түсіруге мүмкіндік ала алады.

3. КҮНӘДАН ТЫЙЫЛУ
Расында, күнәнің адам баласына тигізетін зардаптары өте көп. Соның бірі – ұмытшақтық дертіне ұрындыру. Бұған имам Шафиғидің басынан өткен мына бір оқиға дәлел бола алады. Бірде имам Шафиғи ұстазы имам Мәликке кітап оқып беріп отырады. Имам Мәлик оның даналығы мен түсінігінің тереңдігіне таң қалып: «Сенің жүрегіңе Алла нұр орнатқан екен. Сен оны күнәлардың кесірімен кетіріп алма», - дейді. Расында, имам Шафиғидің жаттау қабілеті өте керемет болған. Ол кісі кітабын ашып көзін салса болды, ондағы аяттарды немесе хадистерді көңіліне түйіп, санасына сақтап алады екен. Сол үшін жаттау кезінде екі беттегіні араластырмау үшін, кітаптың бір бетін жауып отыратын болған. Бірде ол жаттау қабілетінің аздап әлсірегенін сезеді. Уайымдап, Уақиғ деген ұстазына барып осы іс жайында кеңес сұрайды. Кейін ұстазының айтқан ақыл, өсиетін өлең жолдары арқылы жазып қалдырған екен:

Шағым еттім ұстазыма ардақтаулы,
Жаттауымда пайда болған шабандықты.
Кеңес етті күнәлардан алшақтауды,
Жуытпа деп маңайыңа жамандықты.

Тыңда деді сөзіме көңіл бұрып,
Сөз суырып білімнің тереңінен: «Ілім - ол нұр. Ал Алланың ондай нұры -
Орнамайды күнәһардың жүрегіне!
Демек, адам білім дейтін жарқыраған уытты нұрды жүрекке қондыру алдымен үшін күнәдан тыйылу керек екен

4. ҚҰРАН ТЫҢДАУ
Соңғы кездегі әртүрлі зерттеулер мен сараптама нәтижелері Құран тыңдаған адамның иммунитеті күшейіп, жүрегі мен миы қорғауда болатынын, бұзылған жасушаларының қалпына келетінін жар салып жазып та, айтып та жатыр. Ал Әлемдердің Раббысы Мейірімді Алла: «Құран оқылған кезде мейірімге бөлену үшін оны ден қойып тыңдап, тыныштық сақтаңдар», - деген («Аъраф» сүресі, 204-аят)

5. Күнделікті ІШІП-ЖЕМ, АЗЫҚ-ТҮЛІККЕ МӘН БЕРУ.

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Медицина саласы мамандары, әсіресе, балды өте көп тұтынуға кеңес береді. «Сендерге емделудің екі құралы берілген – бал мен Құран» (Ибн Мәжәһ) «Нахл» сүресінің 68-69 аяттарында Алла Тағала бізге бал аралары
жайында хабарлайды: «(Әй, Мұхаммед) «Раббыңыз бал араға әмір етті: «Тауларға, ағаштарға және (адамдар) құратын індерге (яғни құрылыстарға) ұя сал. Сонан соң түрлі жемістерден жеп, Раббың (сен үшін) қолайлы етіп қойған жолдармен ұшып жүр!». Оның қарынынан адамдар үшін шипа болған әртүрлі реңді ішімдік - бал шығады. Әлбетте, бұл істе ойлап пікірлесетін ел үшін (Алланың бар екендігіне) аят-белгі бар». Сонымен бірге күнделікті тұрмыста асқабақ, сәбіз сынды көкөністерді пайдалану, жаңғақты көп тұтынып, майлы тағамдардан алшақтау да ми жұмысына өзінше ықпал етеді екен. Жаңғақтың құрамындағы белоктализин мен фосфатид ми жасушаларын жандандырып, жүйке қуатын жоғарылатады.

6. СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУ.

Миннесота университеті профессоры Дэвид Якобсонның зерттеу қорытындысы бойынша, жас кезінде жаттығуларды жиі жасап тұратын адамның басқа адамдарға қарағанда жаттау қабілеті жақсырақ болады. Жүзу, жүгіру және басқа да спорттық белсенділік ми жұмысын жақсартады. Бұл миға келетін қанның көлемін арттырады.
2.4K views07:09
Ашу / Түсініктеме
2023-04-28 15:56:13 НЕ ЕКСЕҢ, СОНЫ ОРАСЫҢ!

Бүгін сенің қолың бос. Өзіңе де, өзгеге де пайдалы болардай не жасадың? Алдағы демалыс күндеріне жоспарың қандай? Алдағы күндер демей-ақ қояйық, тіпті, сенің дәл қазіргі бір сағаттың ішінде-ақ бір-екі пайдалы істі атқарып тастауға шамаң бар. Ол үшін, ең алдымен, көптен бері хабарласпаған ата-анаңа телефон шал. Егер қасыңда болса, оларды бір жерге алып бар, көңілін көтер. Ешқайда апара алмасаң, қасына барып, істеп жатқан жұмыстарына қол ұшыңды бер, көмегіңді тигіз. Қасыңда тұрған бір-екі адамға жымиып қара, оларға жақсы сөз (комплимент) айт, арқасынан қақ. Итіңе сүйек таста, мысығыңа сүт бер. Көршіңнің шөбін түсіріс. Мешітке барып кел. Бір аят болса да, естіп қалуға тырыс. Әйтеуір, аз болса да бір-екі амал жасап қалудың қамына кіріс.

Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаға ең ұнамды амал –аз болса да үздіксіз орындалатыны», - деген (Бұхари).
Бостық, қаперсіздік – шебер ұры. Ол ештеңені сездірмейді. Ендеше, алтындай уақытыңның тағы да ештеңе істемей, құр босқа өтуіне жол берме!

@kuran_nasikhat
2.8K views12:56
Ашу / Түсініктеме
2023-04-28 14:41:27
2.6K views11:41
Ашу / Түсініктеме