Get Mystery Box with random crypto!

НЕГЕ ҚАДІР ТҮНІНІҢ НАҚТЫ ҚАЙ ТҮН ЕКЕНІ ЖАСЫРЫН БОЛАДЫ? ⠀ Ғалым | ҚҰРАН НАСИХАТ

НЕГЕ ҚАДІР ТҮНІНІҢ НАҚТЫ ҚАЙ ТҮН ЕКЕНІ ЖАСЫРЫН БОЛАДЫ?

Ғалымдардың айтуынша, Қадір түнінің нақты қай күні екенінің белгісіз болуының себебі - мұсылмандар тек осы күнгі құлшылықтарына ғана сенім артып қоймай, Рамазан айының соңғы он түндерінің барлығын ықылас, ыждағатпен өткізулері үшін осылай болған.
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі де Рамазанның соңғы он түнінің бәрінде де құлшылықтарында ерекше ынта танытатын. Бұл туралы Айша анамыз (р.а):

«Рамазанның соңғы он күні келгенде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түндерін намазбен өткізетін, отбасы мүшелерін оятып, құлшылықтарында ерекше құлшыныс танытатын», - деген. (Бұхари, Муслим)

Ендеше, біз де аспаннан періштелер жауып, тілек-дұғалар сөзсіз қабыл болатын берекелі түннен қапы қалмайық.

@kuran_nasikhat