Get Mystery Box with random crypto!

ILIM IZDEN

Telegram арнасының логотипі ilimizden — ILIM IZDEN I
Telegram арнасының логотипі ilimizden — ILIM IZDEN
Арна мекенжайы: @ilimizden
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 185
Арнадан сипаттама

🔷️Қош келдіңіз!
🔷️Бізбен кітап оқуға ниет етіңіз, іліміңізді арттырыңыз.
🔷️Кітаптан күнделікті 10-15 бет оқылып,тест сұрақтары беріліп отырады
🔷️Әбу Ханифа мәзһабы бойынша

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-02-13 13:18:27 Асыл-аналар.pdf
24 views10:18
Ашу / Түсініктеме
2022-02-13 13:17:16
Алла қаласа кезекті кітапты оқып бастамақпыз. Таңдалған кітап "АСЫЛ АНАЛАР"кітабы.Бұл кітапта әр заманда өмір сүріп, Ислам тарихында өшпестей із қалдырған, ардың туын асқақтатқан, өз дәуірін иман нұрымен айшықтаған асыл аналарымыздың өнегелі өмірінің жарқын беттері сөз болады.
23 views10:17
Ашу / Түсініктеме
2022-02-13 06:04:44 Халаф ибн Әйюбтан: «Шыбындар сені мазаламайды ма? Неге оларды қолыңмен жасқамайсың?» – деп сұрағанда, ол: «Намазымды бұзатын нәрселерге жол бергім келмейді» – деп жауап қайтарады.«Сонда оларға қалай шыдайсың?» – де-генде: «Патшаның алдында жазалы болып, дүре соқтырған адамдар сабауына шыдап, дыбыс шығармайды.Тіпті бұл жа-засын мақтаныш тұтады екен.Олай болса, мен Раббымның құзырында тұрғанда, болмашы ғана шыбынның ызыңын елемегенді дұрыс деп білем?» – деп, намазда тұрғанда көлденең ештеңеге көңіл бөлмеу керектігін ұқтырған екен.

Имам Ғазали, Иһия Улумуд-дин, 1 т.Рубғул - Ибадат, 414.б

@ilimizden
33 views03:04
Ашу / Түсініктеме
2022-02-13 06:02:53            Қиыншылықтардың себебі

Аллаһу тағала құлдарына мейірім етіп бүкіл ниғметтерді жаратты және бұларды қалай қолдану керектігін пайғамбарлары, ктаптары арқылы білдірді. Бұл білдірілген ілімдер жиынтығына дін делінеді. Құран кәрімде: «Ниғметтерімнің қадірін білсеңдер арттырамын.....",-делінді. (Ибраһим 7).Жүнәйд Бағдади хазреттері: «Шүкір дегеніміз - Аллаһ тағала нәсіп еткен ниғметтерді Ол қалағандай, Ол қалаған жолда қолдану деген сөз» деп айтқан.

Адамдар діннен алыстаған сайын бір-бірімен ара-қатынасы суып, жоқшылыққа ұшырап, жәбірлену және
қайғы-қасіреттен құтыла алмауда. Дүниелік ғылымдар, технологияда таңқаларлықтай ілгерілеу  жүзеге асып жатса да, жер бетіндегі бақытсыздықтың, қайғы-мұңның азаймағаны, тіпті көбейіп жатқандығы да айқын көрінуде.

Аллаһу тағала адамдардың бақытына себеп болатын нәрселерді әмір еткен. Пәлекеттерге себеп болатын нәрселерге тыйым салған. Иманды-имансыз кез-келген адам, біліп немесе білмей осы әмір мен тыйымдарға сәйкес әрекет еткен сайын, дүниеде тыныштық және бақытқа толы өмір сүреді. Бұл - өзіне пайлалы дәріні біліп-білмей ішкен адамдардың аурудан жазылып кетуіне ұқсайды. Дінсіз адамдардың және дінсіз елдердің көптеген істерінде жетістікке жетіп атқандарын көрудеміз. Олар өздері білмесе де Құран кәрімнің талаптарына сай еңбек етіп жатқанары үшін жетістікке жетуде. Бірақ, ахыретте де бақытқа қауыша алу үшін Құран кәрімге иман келтіріп, ниет етіп, сәйкес өмір сүру керек.

Қорыта айтқанда қиыншылықтың себептерінің біріншісі дінін білмеу және үйренбеу. Ал екіншісі білгендерімен, үйренгендерімен амал етпеу. Өйткені бақыттылық Аллаһу тағаланың әмірі мен тыйымдарын үйреніп бұларға мойынсұну арқылы жүзеге асады. Адамдарға дерт, қиыншылықтар күнә жолымен, ал бақыт пен тыныштық дінге мойынсұну жолымен келуде.
@ilimizden
31 views03:02
Ашу / Түсініктеме
2022-02-12 06:06:15           Кейбір жаман әдеттер

Біреудің жанында жасырын түрде сөйлесу, сыбрласу.

Айтып жатқан адамның сөзін соңына дейін тыңдамау.

Айтылып жатқан нәрсені ұнатпайтынын білдіру.

Біреудің затын рұқсатсыз қолдану.

Адамды кемшілігін айтып мазақтау.

Берген уәдесін орындамау.

Жасырын түрде біреудің сөзін тыңдау.

Айтылып жатқан сөзді білетінін көрсету.

Жасаған жаман істерін мақтанып айту.

Тамақ жеген кезде тамақтың жақсы жерлерін таңдап жеу.

Алған қарызын уақытылы қайтармау.

Әдепсіз, жаргон сөздермен сөйлеу.

Сөйлеп жатқан адамның сөзін бөлу.

Өзі туралы көп айту.

Өзгелердің мазасын алу.

Өзін басқаларға күттіруден ұялмау.

Әрдайым өзінікін дұрыс деп ойлау.

Ең жақсы жерді таңдап отыру.

Адамдарға қабақ түйіп қарау.

Жоғары дауыспен сөйлеу.

Тәкаппар болу.

Біреудің сырларын айту.

Кемшіліктерін бетіне айту.

Адамдардан жиі-жиі қарыз сұрау.

Адамдардың жасырын нәрселерін қазбалау.

Қырсығып сөз таласу.

Көп ант етіп сөйлеу.

Біреулерден сыйлық алуды қалау

@ilimizden
7 views03:06
Ашу / Түсініктеме
2022-02-12 05:55:07 Оқыған намазымызды Аллаһқа есеп беру деп бағаласақ, жамандыққа беттемейтініміз анық.Сондықтан болар Ибн Масғуд (р.а.): «Пенденің оқыған намазы оны жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыймайтын болса, онда ол Аллаһтан алыстатқаннан басқа ештеңеге жарамайды»,- деген екен.
Әбу Лайс Самарқанди, Танбиһул - ғафилин, 531 б.
@ilimizden
8 views02:55
Ашу / Түсініктеме
2022-02-11 12:44:02 Егін екпегеннің өнім күтуге ақысы жоқ

Бір кісі Әбу Хафс хазреттеріне келіп: «Мені балам ұрды, баламнан көңілім қалды» деп айтады. Хазреті Әбу Хафс: «Оған тәлім-тәрбие бердің бе, ілім үйреттің бе?» деп сұрады. Әлгі адам «жоқ» деп жауап берді. Әбу Хафс хазреттері «Құран кәрімді және Құранның ахлақын үйреттің бе?» деп сұрады. Әлгі кісі тағы да «жоқ» деп басын шайқады. Әбу Хафс хазреттері баласының немен айналысатынын сұрағанында, диқаншылықпен күнелтетінін айтты. Сонда хазрет: «Бәлкім балаң таңертеңгісін тұрып, есегіне мініп, өгізін алдына салып, Құран кәрім оқуды білмегендіктен өлең айтып, егіске жол артып келе жатқанында кенеттен саған соқысып, сені өгізі екен деп ойлап байқаусызда тартып жіберген болса керек. Сен Аллаһқа шүкір ет, басыңды жармағанына. Діннен, иманнан хабары жоқ адамнан басқа не күтуге болады?».

Бейнамаз, есірткіге салынған, арақ құмар, ойын-сауық, қыз-қыраңның соңын қуған жастар діни тәрбиесіз өсудің салдары. Менің балам мұндай болмайды деп ойламаңдар. Егістік қараусыз қалса арам шөптер қаптайтынын ұмытпаңдар!

@ilimizden
18 viewsedited  09:44
Ашу / Түсініктеме
2022-02-11 06:25:30                 Зимем дәптері

Зимем - зиммет сөзінің көпше түрі. Зиммет сөзінің бұл жердегі мағынасы қарыз дегенді білдіреді. Зимем дәптері қарыздар жазылатын дәптер деген сөз. Азық-түлік дүкендерінде қарызға алған тұрғындардың тізімі,қарыздарының мөлшері жазылатын дәптер. Осман мемлекетінде байлар кедейлердің қарызын құтылуға көмекші болып сауап жинауға тырысатын. Сондай-ақ өз есімдерінің белгісіз қалуына қатты мән беретін, яғни бұл қайырымдылықты жасырын жасайтын. Жағдайы нашар тұратын кедейлерді, қарызын төлей алмай қиналып жүрген адамдарды анықтап қарыздарын төлеп кететін. Егер қиналып жүрген адамды таба алмаса кездейсоқ бірнеше беттегі қарыздарды есептетіп,төлеп, сол беттерді жыртқызып немесе өшіргізіп кететін. Мұндай қайырымдылық көбінесе Рамазан айының алдында жасалатын. Рамазан айының алдында дүкенге қарыздар болғандықтан оны төлеуге шамасы жетпей, тағы қарызға азық-түлік алуға қысылып, оразаға жөнді қамдана алмайтындар болатын. Осындай қиын қыстау жағдайдағы бұл көмектің қаншалықты үлкен сый екенін бұл жағдайды кешкендер жақсы түсінсе керек. Сондай-ақ бұл қайырымдылықтың жасырын болуына мән беретіні соншалық байлар кейде бөгде ауылдарға, өзін танымайтын елді-мекендердегі дүкенге келіп зимем дәптерін сұрап, қарыздарды төлеп кететін. Бай кімнің қарызын төлегенін білмейді. Яғни ертең кездескенде оған істеген жақсылығы есіне түсіп, маңғаздана, тәкаппарлана амайтын болады. Кедей де қарызын кім төлегенін білмейді, яғни ертең оны көргенде ұялып, қысылып жүрмейді. Дүкеншілердің адалдығы да сонша
дереу қарызы төленген кедейлерді хабардар ететін.

@ilimizden
24 viewsedited  03:25
Ашу / Түсініктеме
2022-02-09 13:11:30 ӘДЕП

Әдеп - жақсы тәрбие, жақсы мәміле, көркем мінез, ұяттылық, нәзіктік, сыпайылық деген сияқты мағыналарға келеді.Хадис шәрифте: «Бала-шағаларыңды әдепті, тәрбиелі етіп өсіріңдер» делінген. Дініміздің негізі- әдеп. Әдеп - құл өзін Аллаһу тағаланың қалауына бағындыру, жақсы мінезді болу дегенді білдіреді. Хадис шәрифте: «Араларыңдағы ең жақсыларың, ең көркем мінезді болғандарың» делінген.

Хазреті Омар «Әдеп - ілімнен бұрын келеді» деген.Ол өте айбатты болуына қарамай, әдептілігінен, ұяттылығынан Расулуллаһтың ﷺ жанында өте ақырын сөйлейтін еді. Пайғамбарымыз да, бір адамның жанында тізерлеп отыратын, ол адамға құрмет көрсету үшін мүбәрәк аяғын тік көтеріп отырмайтын еді. Әбу Саид Худри хазреттері Расулуллаһтың ұяты, бойдақ ислам қыздарының ұятынан да көп еді» дейтін.

Ибн Мүбәрәк хазреттері «Барлық ілімдерді білетін адамның әдебінде кемшілік бар болса, онымен көріспегеніме өкінбеймін, мұны өзіме зиян деп білмеймін. Бірақ әдепті адаммен көрісе алмасам өкінемін» дейтін.

Әдеп - өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу, шектен асып кетпеу деген сөз. Отбасында, жұмыс орнында, қоғамда барлық жердің бір шекарасы, ережесі бар. Барлық қиындықтар мен адамдармен сыйыспаушылықтар үнемі шектен асып кетуден пайда болады. Әркім өзінің шегін (орнын) біліп, шамадан тыс кетпесе, мысалға: бір үйдің әйелі мен күйеуі де өздерінің шегінен аспай, соған сәйкес әрекет етсе, ол үй - жаннаттай болады.Әрбір мәселеде дініміздің әміріне мойынсұнып, соған сәйкес әрекет еткен адам, шамасын біліп, шегінен аспауға болады. Ондай жағдайда ұрыс-керісте, сыйыспаушылық та, төбелесте болмайды. Дүние гүл бақшасына айналады.Барлық нәрсенің шегін дініміз білдіруде.

@ilimizden
3 views10:11
Ашу / Түсініктеме
2022-02-09 09:42:23
10 views06:42
Ашу / Түсініктеме