Get Mystery Box with random crypto!

ӘДЕП Әдеп - жақсы тәрбие, жақсы мәміле, көркем мінез, ұяттылы | ILIM IZDEN

ӘДЕП

Әдеп - жақсы тәрбие, жақсы мәміле, көркем мінез, ұяттылық, нәзіктік, сыпайылық деген сияқты мағыналарға келеді.Хадис шәрифте: «Бала-шағаларыңды әдепті, тәрбиелі етіп өсіріңдер» делінген. Дініміздің негізі- әдеп. Әдеп - құл өзін Аллаһу тағаланың қалауына бағындыру, жақсы мінезді болу дегенді білдіреді. Хадис шәрифте: «Араларыңдағы ең жақсыларың, ең көркем мінезді болғандарың» делінген.

Хазреті Омар «Әдеп - ілімнен бұрын келеді» деген.Ол өте айбатты болуына қарамай, әдептілігінен, ұяттылығынан Расулуллаһтың ﷺ жанында өте ақырын сөйлейтін еді. Пайғамбарымыз да, бір адамның жанында тізерлеп отыратын, ол адамға құрмет көрсету үшін мүбәрәк аяғын тік көтеріп отырмайтын еді. Әбу Саид Худри хазреттері Расулуллаһтың ұяты, бойдақ ислам қыздарының ұятынан да көп еді» дейтін.

Ибн Мүбәрәк хазреттері «Барлық ілімдерді білетін адамның әдебінде кемшілік бар болса, онымен көріспегеніме өкінбеймін, мұны өзіме зиян деп білмеймін. Бірақ әдепті адаммен көрісе алмасам өкінемін» дейтін.

Әдеп - өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу, шектен асып кетпеу деген сөз. Отбасында, жұмыс орнында, қоғамда барлық жердің бір шекарасы, ережесі бар. Барлық қиындықтар мен адамдармен сыйыспаушылықтар үнемі шектен асып кетуден пайда болады. Әркім өзінің шегін (орнын) біліп, шамадан тыс кетпесе, мысалға: бір үйдің әйелі мен күйеуі де өздерінің шегінен аспай, соған сәйкес әрекет етсе, ол үй - жаннаттай болады.Әрбір мәселеде дініміздің әміріне мойынсұнып, соған сәйкес әрекет еткен адам, шамасын біліп, шегінен аспауға болады. Ондай жағдайда ұрыс-керісте, сыйыспаушылық та, төбелесте болмайды. Дүние гүл бақшасына айналады.Барлық нәрсенің шегін дініміз білдіруде.

@ilimizden