Get Mystery Box with random crypto!

           Қиыншылықтардың себебі Аллаһу тағала құлдарына ме | ILIM IZDEN

           Қиыншылықтардың себебі

Аллаһу тағала құлдарына мейірім етіп бүкіл ниғметтерді жаратты және бұларды қалай қолдану керектігін пайғамбарлары, ктаптары арқылы білдірді. Бұл білдірілген ілімдер жиынтығына дін делінеді. Құран кәрімде: «Ниғметтерімнің қадірін білсеңдер арттырамын.....",-делінді. (Ибраһим 7).Жүнәйд Бағдади хазреттері: «Шүкір дегеніміз - Аллаһ тағала нәсіп еткен ниғметтерді Ол қалағандай, Ол қалаған жолда қолдану деген сөз» деп айтқан.

Адамдар діннен алыстаған сайын бір-бірімен ара-қатынасы суып, жоқшылыққа ұшырап, жәбірлену және
қайғы-қасіреттен құтыла алмауда. Дүниелік ғылымдар, технологияда таңқаларлықтай ілгерілеу  жүзеге асып жатса да, жер бетіндегі бақытсыздықтың, қайғы-мұңның азаймағаны, тіпті көбейіп жатқандығы да айқын көрінуде.

Аллаһу тағала адамдардың бақытына себеп болатын нәрселерді әмір еткен. Пәлекеттерге себеп болатын нәрселерге тыйым салған. Иманды-имансыз кез-келген адам, біліп немесе білмей осы әмір мен тыйымдарға сәйкес әрекет еткен сайын, дүниеде тыныштық және бақытқа толы өмір сүреді. Бұл - өзіне пайлалы дәріні біліп-білмей ішкен адамдардың аурудан жазылып кетуіне ұқсайды. Дінсіз адамдардың және дінсіз елдердің көптеген істерінде жетістікке жетіп атқандарын көрудеміз. Олар өздері білмесе де Құран кәрімнің талаптарына сай еңбек етіп жатқанары үшін жетістікке жетуде. Бірақ, ахыретте де бақытқа қауыша алу үшін Құран кәрімге иман келтіріп, ниет етіп, сәйкес өмір сүру керек.

Қорыта айтқанда қиыншылықтың себептерінің біріншісі дінін білмеу және үйренбеу. Ал екіншісі білгендерімен, үйренгендерімен амал етпеу. Өйткені бақыттылық Аллаһу тағаланың әмірі мен тыйымдарын үйреніп бұларға мойынсұну арқылы жүзеге асады. Адамдарға дерт, қиыншылықтар күнә жолымен, ал бақыт пен тыныштық дінге мойынсұну жолымен келуде.
@ilimizden