Get Mystery Box with random crypto!

          Кейбір жаман әдеттер Біреудің жанында жасырын тү | ILIM IZDEN

          Кейбір жаман әдеттер

Біреудің жанында жасырын түрде сөйлесу, сыбрласу.

Айтып жатқан адамның сөзін соңына дейін тыңдамау.

Айтылып жатқан нәрсені ұнатпайтынын білдіру.

Біреудің затын рұқсатсыз қолдану.

Адамды кемшілігін айтып мазақтау.

Берген уәдесін орындамау.

Жасырын түрде біреудің сөзін тыңдау.

Айтылып жатқан сөзді білетінін көрсету.

Жасаған жаман істерін мақтанып айту.

Тамақ жеген кезде тамақтың жақсы жерлерін таңдап жеу.

Алған қарызын уақытылы қайтармау.

Әдепсіз, жаргон сөздермен сөйлеу.

Сөйлеп жатқан адамның сөзін бөлу.

Өзі туралы көп айту.

Өзгелердің мазасын алу.

Өзін басқаларға күттіруден ұялмау.

Әрдайым өзінікін дұрыс деп ойлау.

Ең жақсы жерді таңдап отыру.

Адамдарға қабақ түйіп қарау.

Жоғары дауыспен сөйлеу.

Тәкаппар болу.

Біреудің сырларын айту.

Кемшіліктерін бетіне айту.

Адамдардан жиі-жиі қарыз сұрау.

Адамдардың жасырын нәрселерін қазбалау.

Қырсығып сөз таласу.

Көп ант етіп сөйлеу.

Біреулерден сыйлық алуды қалау

@ilimizden