Get Mystery Box with random crypto!

Егін екпегеннің өнім күтуге ақысы жоқ Бір кісі Әбу Хафс хазре | ILIM IZDEN

Егін екпегеннің өнім күтуге ақысы жоқ

Бір кісі Әбу Хафс хазреттеріне келіп: «Мені балам ұрды, баламнан көңілім қалды» деп айтады. Хазреті Әбу Хафс: «Оған тәлім-тәрбие бердің бе, ілім үйреттің бе?» деп сұрады. Әлгі адам «жоқ» деп жауап берді. Әбу Хафс хазреттері «Құран кәрімді және Құранның ахлақын үйреттің бе?» деп сұрады. Әлгі кісі тағы да «жоқ» деп басын шайқады. Әбу Хафс хазреттері баласының немен айналысатынын сұрағанында, диқаншылықпен күнелтетінін айтты. Сонда хазрет: «Бәлкім балаң таңертеңгісін тұрып, есегіне мініп, өгізін алдына салып, Құран кәрім оқуды білмегендіктен өлең айтып, егіске жол артып келе жатқанында кенеттен саған соқысып, сені өгізі екен деп ойлап байқаусызда тартып жіберген болса керек. Сен Аллаһқа шүкір ет, басыңды жармағанына. Діннен, иманнан хабары жоқ адамнан басқа не күтуге болады?».

Бейнамаз, есірткіге салынған, арақ құмар, ойын-сауық, қыз-қыраңның соңын қуған жастар діни тәрбиесіз өсудің салдары. Менің балам мұндай болмайды деп ойламаңдар. Егістік қараусыз қалса арам шөптер қаптайтынын ұмытпаңдар!

@ilimizden