Get Mystery Box with random crypto!

ILIM IZDEN

Telegram арнасының логотипі ilimizden — ILIM IZDEN I
Telegram арнасының логотипі ilimizden — ILIM IZDEN
Арна мекенжайы: @ilimizden
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 185
Арнадан сипаттама

🔷️Қош келдіңіз!
🔷️Бізбен кітап оқуға ниет етіңіз, іліміңізді арттырыңыз.
🔷️Кітаптан күнделікті 10-15 бет оқылып,тест сұрақтары беріліп отырады
🔷️Әбу Ханифа мәзһабы бойынша

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-01-01 09:17:58 Бос кетпе

Әйел әулиелерден Рабиа-и Адуийа хазреттері таңға дейін намаз оқып, Құран кәрім оқитын еді. Бір күні түнде ұзақ уақыт намаз оқып, қамыстың үстінде ұйықтап қалады. Сол кезде үйіне бір ұры кіреді. Үйдің әр жерін тінтеді, бірақ ұрлайтын еш нәрсе таба алмайды. Кетер кезде «Ақыры кіргеннен кейін бос шықпайын» деп, Рабиа хазреттерінің сыртқа киетін киімін алып кетеді.Бірақ үйден шығар кезде адасып, есікті таба алмай қалады. Артқа қайтып, киімін алған жеріне қояды. Бұл жолы есікті қиналмай табады. Есікті тапқан кезде артқа қайтып, киімді тағы да алады. Бірақ тағы да есікті таба алмайды. Бұл жағдай 7 рет қайталанады. Киімді 7-ші рет қолына алған кезінде мынандай бір дауыс естиді: «Ей жігіт, өзіңді әуреге салма! Ол өзін қанша жылдан бері бізге тапсырған. Шайтанның оған жақындауға күші жетпегенде, ұрының оның киіміне жақындауы мүмкін бе? Кет, босқа әуре болма! Ол ұйықтап жатқан болса да, досы ояу және оны қорғауда!» Ұры қатты қорқып кетеді. Абдырап тұрғанында іштен хазреті Рабианың дауысын естиді: «Бос шықпа! Бақшада құман бар, ең болмаса дәрет алып шық!».Ұры жақсылап дәрет алып, тәубе етіп, бұл жаман әдетінен тыйылады.

@ilimizden
24 views06:17
Ашу / Түсініктеме
2022-01-01 09:13:05
20 views06:13
Ашу / Түсініктеме
2021-12-31 15:59:09
"Бал арасы "дегенді білдіретін Құранның 16-шы сүресі
Anonymous Quiz
22%
Нәмл
11%
Нәжм
56%
Нахл
11%
Тәбағун
9 voters21 views12:59
Ашу / Түсініктеме
2021-12-31 15:57:26
Аллаһ тарапынан пайғамбарларға жіберілген кітаптардың кейбірі бірнеше беттерден тұратын кішкене кітапшалар.Олар қалай аталады?
Anonymous Quiz
38%
Жуз
50%
Сұхуф
13%
Муснад
0%
Мустадрак
8 voters21 views12:57
Ашу / Түсініктеме
2021-12-31 15:55:37
"Негізінен Құранды .......түсірдік".(Қадр сүресі 1 аят)
Anonymous Quiz
20%
Хира үңгірінде
0%
Қасиетті күні
80%
Қадыр түнінде
0%
Жауабын білгім келеді
10 voters18 views12:55
Ашу / Түсініктеме
2021-12-31 15:53:45
Дәуіт пайғамбарға жіберілген кітап
Anonymous Quiz
38%
Тәурат
63%
Забур
0%
Інжіл
0%
Евангелия
8 voters19 views12:53
Ашу / Түсініктеме
2021-12-31 15:52:44
Аллаһтың пайғамбарларға жіберген хабарлары
Anonymous Quiz
0%
Зуһд
0%
Сукут
0%
Уахид
100%
Уахи
9 voters19 views12:52
Ашу / Түсініктеме
2021-12-31 15:51:54
Құран Кәрімде аты аталған пайғамбарлар саны
Anonymous Quiz
0%
10
11%
30
0%
7
89%
25
9 voters20 views12:51
Ашу / Түсініктеме
2021-12-31 15:51:07
Адамзат баласының әкесі әрі әуелгі пайғамбар болып табылады
Anonymous Quiz
0%
Мұхаммед ﷺ
100%
Адам (аләйһис-сәләм)
0%
Ибраһим (аләйһис-сәләм)
0%
Нұх (аләйһис-сәләм)
9 voters19 views12:51
Ашу / Түсініктеме
2021-12-31 08:18:54 Біз білеміз!!!

Жаңа жылды тойлады қай бабамыз,
Жаңа жылда биледі қай анамыз?
Дәстүрде жоқ, дінде жоқ бұл
мейрамды,
"Мейрамым" деп несіне жар саламыз?!
Оқымадым тарихта тойлағанын,
Шәкәрімнің шыршамен ойнағанын.
Абылайдың арақты аузына алып,
Жыр Жамбылдың дастархан жайлағанын.
Сұлтан менен Сәкеннің салют ұстап,
Диско бардың жағасын бойлағанын.
Үш бәйтерек Төленің білеміз біз,
Арақ, сыра төріне қоймағанын.
Аяз бидің киініп қызыл шапан,
Аяз-ата сақалын байлағанын.
Құнанбайдың білеміз Абай үшін,
Хайуанаттың киімін алмағанын!
Әлия мен Мәншүктің тақпақ айтып,
Сорлы шалдың алдында тұрмағанын.
Біз білеміз дұғаны шалға емес,
Жаратушы Аллаға арнағанын.
Дина менен Сараның қысқа киіп,
Ақшақар боп шаштарын жаймағанын.
Біз білеміз жастардың желтоқсанда,
Қазақ үшін сүйегі жаурағанын.
Танкі астында тапталған қыздарының,
Өліктері Ақсайда аунағанын.
Желтоқсанда желпілдеп жүретіндей,
Білмеппіз қәдірлері болмағанын.
Желтоқсанда жаңа жыл тойлаймын деп,
Намысымен Қайраттың ойнамағын.
Білеміз біз Қайраттың інісінің,
Тойлағаннан көңілі толмағанын.
"Қара бауыр қасқалдақ" әнін тыңдап,
Жыламаған қазақтың қалмағанын.
Лесбек атам шығарған бұл өлеңге,
Би билеген адамның оңбағанын.
Бұл бабалар жаңа жыл тойламаған,
Тойлады дегендерге таң қаламын.
Сенің бабаң білмеймін орыс шығар,
Жетпіс жыл отарында орнағанын.
Білеміз дінім, тілім дегендерді,
Атып тастап сүргінге жолдағанын.
Солақай саясаттың кесірінен,
Қазақтардың орысша сайрағанын.
Осы ма айтып отқан ата-бабаң?
Дәстүр түгіл, тіл білмей сорлағаның.
Шала қазақ дегенді көп естідім,
Шала орыс дегенді тыңдамадым.
Қазақтарды орыс боп кетуінен,
Білесің бе, дәстүрді қорғағаның.
Сол дәстүрде жаңа жыл тойлауы жоқ,
Білеміз ғой онсыз да болмағанын.
Не бар дейсің, тойлауда жаңа жылды,
Бұл сөзіңе қарағым сын қарадым.
Дәстүріңде болмаған істі істеп,
Өзге ұлттың дәстүрін қолдағаның.
Қолдай ,қолдай бұзылды саналары,
Тойлай ,тойлай ішкі ішіп домалады.
Қанша ананың шешілді орамалы,
Қанша жұрттың жыртылды жағалары?!
Қанша адамның шашылды қора малы,
Қанша отбасы бұзылды аралары?!
Қанша адамның келмеді балалары,
Қанша жесір көздері соралады?!
Кеше шыққан беліңнен қаршадай қыз,
Түнгі клуб ,кафеде қоралады.
Құрбы үйіне кетем деп қаншама қыз,
Құбыжықтың астында домалады.
Әке-шеше намыссыз болса егер,
Өзге үйде қыздар да қона алады.
40 миллион кетті ғой безендеуге,
Павлодардай даңқыған бір қаланы.
Пәтер таппай қиналған отбасыға,
Сол ақшаны берсеңіз қуанады.
Қалаларды безендей бергенінше,
Безендейік отбасы, шағаларды!
Тіл, дәстүрін жоғалтса бір ұлт егер,
Ұлттың өзі сол құсап жоғалады!
Біз оралсақ дәстүрге алдыменен,
Тіл, дәстүр де біздерге оралады!

Байлепесов Жаңаберген.
@ilimizden
18 views05:18
Ашу / Түсініктеме