Get Mystery Box with random crypto!

ILIM IZDEN

Telegram арнасының логотипі ilimizden — ILIM IZDEN I
Telegram арнасының логотипі ilimizden — ILIM IZDEN
Арна мекенжайы: @ilimizden
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 185
Арнадан сипаттама

🔷️Қош келдіңіз!
🔷️Бізбен кітап оқуға ниет етіңіз, іліміңізді арттырыңыз.
🔷️Кітаптан күнделікті 10-15 бет оқылып,тест сұрақтары беріліп отырады
🔷️Әбу Ханифа мәзһабы бойынша

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-02-09 09:33:45 Кағб әл-Ахбар: «Егер де біреуіңізге екі рәкат намазыңыздың биіктігін бір зат бейнесінде көру бақыты бұйырса, оның «Сира» тауынан да биік болғанын көретін еді.Ал, парыз намаздарының сауабын сөзбен жеткізу мүмкін емес».

Әбу Лайс Самарқанди, Танбиһул - ғафилин, 528 б.
@ilimizden
10 viewsedited  06:33
Ашу / Түсініктеме
2022-02-08 07:52:01 Абдуссамад ибн Мақал жеткізген өсиетнамада: «Уаһб ибн Мунаббиһтен: «Ей, Абдуллаһтың әкесі! Намаз оқитын екі адамның біреуі құныт дұғасын оқығанда өте ұзақ оқиды.Ал, екіншісі сәждеде ұзағынан тұрады.Осылардың қайсысының деңгейі жоғары? – деп сұралғанда: «Аллаһ алдында шынайы ықыласпен тұрғанның деңгейі биік болмақ» – деп жауап қайтарған екен.

Әбу Нуғаим- ибн Жаузи, Аллаһ достлары, 2 т.111,112 б.

@ilimizden
15 views04:52
Ашу / Түсініктеме
2022-02-08 07:51:03
15 views04:51
Ашу / Түсініктеме
2022-02-08 04:50:22                  Салауат айту

Салат” - дұға деген сөз. Ал “салауат” дегеніміз “салат” сөзінің көпше түрі, дұғалар дегенді білдіреді. Салауат қысқаша: “Аллаһумма салли 'ала Мухаммәд уә 'ала али Мухаммәд "деп айту. Пайғамбарымыздың аты айылғанда “алейһиссалам”, “алейһиссалату уәссәләм” немесе "саллаллаһу алейһи уәсәлләм" деп айтумен де пайғамбарымызға дұға етілген, яғни салауат етілген болады. Құран кәрімде: «Аллаһ және періштелері расулуллаһқа салат етеді. Ей иман келтіргендер! Сендер де шын көңілден беріліп оған салат етіңдер, салауат айтыңдар» деінген. (Ахзаб 56) “ Аллаһтың салат етуі рахметін жаудыруы, періштелердікі дұға етуі, мұсылмандардікі болса оның шапағатын сұрауы деген сөз. Көргеніміздей расулуллаһқа салат, яғни салалат айтуымызды Аллаһу тағала тікелей өзі Құран кәрімде әмір етуде. Сондықтан Расууллаһ алейһиссаламға өмірде бір рет салауат айту парыз. Есімі аталған кезде яғни оқығанда, жазғанда, естігенде ең алғашында  бір рет салауат айту уәжіп, кейінгілерде айту мұстаһаб болады. Хадис шәрифтерде былай делінді:

«Шапағатыма ең лайықты болғандарың маған ең көп салауат айтатындарың.» (Тирмизи)

«Маған көп салауат айтқан адамның дерттері кетеді, күнәлары жойылады".(Тирмизи)

@ilimizden
3 viewsedited  01:50
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 14:16:59 Нәпсінің азығы харамдар

Күнәлар нәпсіні азықтандырады, қуаттандырады. Қуаттандырылған нәпсі Ислам дініне қарсы шабуылдайды. Нәпсіміз шахуәтына жағымды келетін нәрселерге беріліп кеткен. Бұлардың жақсы-жаманын, пайдалы-зиянын ойламайды. Қалауларының бәрі Ислам дініне қайшы болады. Ислам діні тыйым салған нәрселерді істеу - нәпсіні қуаттандырады.Жаман және зиянды нәрселерді жақсы қылып көрсетіп, жүректі алдайды. Жүрекке осыларды жасатқызып, ләззатарына қол жеткізуге тырысады. Жүректің нәпсіге алданып, жаман мінезді болмауы үшін дініміздің бұйрықтарына мойынсұнып, жүректі қуаттандыру керек және нәпсіні әлсірету керек. Ақылды қуаттандыру - Ислам білімдерін оқып, үйрену арқылы іске асқанындай, жүректің тазаланып, қуаттануы да дінімізге мойынсұну арқылы іске асады. Күнә істейтін адамның жүрегі таза болмайды.
Дененің өмір сүруі, азықтануы бар болғанынай, рухтың да бір өмірі және азығы бар. Рухтың азығы -Аллаһу тағаладан басқа барлық нәрсені ұмытып, Аллаһу тағаланы зікір ету. Оның разылығына қол жеткізу үшін нәпсінің қалауларын істемеу арқылы әлсірету және рухты Оның есімін зікір ету (айту) арқылы қуаттандырудан басқа шара жоқ. Бір адамның басқа біреуге деген махаббаты сол адамды көп еске алуынан аңғарылады. Өйткені адамның сүйіктісін көп ойлауы табиғи жағдай. Басын жоғалтардай қатты ғашық болып қалған адам өзін ұмытып, әр сәтте, барық жағдайда, әрдайым сүйіктісінің есімін айтып жүреді, оны ойынан шығармайды. Мұсылман да  Аллаһ тағланы ұмытпауға тырысуы керек.

@ilimizden
23 viewsedited  11:16
Ашу / Түсініктеме
2022-02-06 04:42:36                 Сөз тасу

Сөз тасу - басқа адамдардың естімеуі керек болған сөздерді өзгелерге жеткізу деген сөз. Мысалы, бір жерде (Ахмет керең) деп айтылса, Ахмет керең болса да, болмаса да ол сөзді Ахметке барып айту, сөз тасу болып табылады.Сөз тасу - өте жаман мінез.Қабір азабыны үштен бірі сөз тасу себебінен болады.Басқалардан бізге сөз жеткізген адам, бізден де басқаларға сөз жеткізеді. Сондықтан сөз таситын адамнан сенімді болмау керек.

1)《Адамдардың арасында сөз таситын кісі адал адам емес.»

2) «Ең жаман адам - араларыңда сөз таситын, араларыңды бұзатын және адамдарды бір-бірімен шағыстыратын адам» .

Сөз тасу --тек қана адамның айтқан сөзін басқаға жеткізу емес. Сонымен қатар, адамның естігенде ренжитін ісін айту да сөз тасуға жатады. Тек айтылуы діни тұрғыдан пайдалы болса немесе бір күнә істелуінің алды алынатын болса оны айтудың зияны жоқ.

Бір адам Омар бин Абдулазиз хазреттеріне біреудің сөзін жеткізеді. Сонда хазреті Омар бин Абдулазиз оған: «Абай бол, егер өтірік айтсаң, Құран кәрімде "Бұзық адамдардың сөзіне сенбеңдер” деген аятындағы бұзық адамдар қатарынан боласың, егер дұрыс айтсаң тағы Құран кәрімде “Сөз тасыған адамдардың сөзін тыңдамаңдар!" деп бұйырылғанындай өсекшілер қатарынан боласың деген екен.
@ilimizden
24 views01:42
Ашу / Түсініктеме
2022-02-05 06:53:11
39 views03:53
Ашу / Түсініктеме
2022-02-05 06:51:25 Қайырлы таң!Алланың қалауымен кезекті "Намаз діннің діңгегі " кітабын оқып аяқтадық.
33 views03:51
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 15:50:58
«Әркімнің істегеніне қарай ......... бар».
(Әнғам сүресі, 132аят)
Anonymous Quiz
0%
Жаннаты
19%
Кітабы
44%
Дәрежелері
38%
Сауабы
16 voters41 views12:50
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 15:49:12
Әбу Дәрда (р.а.) :«Білімді кісі намазды бастағанда, жан дүниесін басқа нәрсе мазаламауы үшін намаздан бұрын ......... алуы керек»
Имам Ғазали, Ихия улумиддин, 152 б.
Anonymous Quiz
46%
Қажеттіліктерін өтеп
38%
Жақсылап дәрет
15%
Құран оқып
0%
Мызғып
13 voters37 views12:49
Ашу / Түсініктеме