Get Mystery Box with random crypto!

ILIM IZDEN

Telegram арнасының логотипі ilimizden — ILIM IZDEN I
Telegram арнасының логотипі ilimizden — ILIM IZDEN
Арна мекенжайы: @ilimizden
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 185
Арнадан сипаттама

🔷️Қош келдіңіз!
🔷️Бізбен кітап оқуға ниет етіңіз, іліміңізді арттырыңыз.
🔷️Кітаптан күнделікті 10-15 бет оқылып,тест сұрақтары беріліп отырады
🔷️Әбу Ханифа мәзһабы бойынша

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-02-14 16:57:02 Түс көру – сыры әлі толық ашылып бітпеген ерекше құбылыс. Түстің кейбірі адам есінде анық қалса, енді біреуі мүлде есте сақталмайды.

Түстің Рахмани түс, шайтани түс және қияли түс болып үш түрі болатыны туралы хадистерде айтылған. Ендеше, жаман түс көрсек қандай амалдар жасаймыз деген сұраққа пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистеріне сүйеніп амалдар жасаймыз. Әбу Қатададан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:

«Игі түс (немесе басқа бір риуаятта «жақсы түс» делінген) – Алладан, ал жаман түс – шайтаннан. Кімде-кім жаман түс көрсе, сол жағына ақырын түкіріп, шайтанның кесірінен Алладан пана тілесін. Осылай істесе, көрген түсінен оған ешқандай зиян келмейді»[1], – деп айтты. Басқа бір хадисте:

«Сендер жағымды түс көрсеңдер, ол Алла Тағаладан. Алла Тағалаға шүкіршілік айтып, көрген түстеріңді әңгімелеп беріңдер. Ал, ұнамайтын түс көрсеңдер, ол шайтаннан, көргеннің жамандығынан сақта деп Алла Тағалаға жалбарыныңдар. Жаман түсті ешкімге айтпаңдар, өйткені сендерге оның ешбір зияны тимейді»[2], - деп айтылған. Тағы бір хадисте «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:

«Жаман түс көрген адам оянған соң сол жағына үш рет түкіріп, шайтанның жамандығынан сақтану үшін Аллаға сиынсын. Сонда түс оған зиян келтірмейді»[3]- деген.

Жаман түс көрген адам пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінде келген «Фатиха», «Ықылас», «Фәлақ», «Нәс» және «Аятул-Курсиді» оқып оң жақпен жатқан жөн.

Айтуған Тойбазар, «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы
[1] Бұхари, №3292
[2] Бұхари, №7045
[3] Муслим, № 2262
4 views13:57
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 16:41:25
«Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер бір-біріне ........Олар жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарады, намаз оқиды, зекет береді және Аллаһ пен Оның елшісіне бағынады».
Тәубе» сүресі, 71-аят.
Anonymous Quiz
0%
Дос
0%
қамқоршы
33%
Адал
67%
Сай
3 voters6 views13:41
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 16:39:26
1586-жылы бұл елде «Әйел адам ба, жоқ әлде басқа бір мақлұқ па?» деген тақырыпта конференция өткізілген болатын
Anonymous Quiz
0%
Англия
0%
Греция
100%
Ресей
0%
Франция
1 voter6 views13:39
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 16:37:41
Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Мен дінде, еңбекқорлықта ...... қайырлы ешбір әйелді көрген емеспін.Ол өз қолымен тапқанын садақа етіп, Аллаһқа жақындайтын», – деп айтқан.
Anonymous Quiz
100%
Хадишадан
0%
Хафсадан
0%
Зәйнәбтан
0%
Сәудадан
1 voter6 views13:37
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 16:36:16
Пайғамбарлықтың 13-жылы қажылыққа келген мәдиналық
мұсылмандардың Пайғамбарымызға ﷺ бойсұнуға, мұсылмандарға қаржылай көмек көрсетуге, Пайғамбарымыз ﷺ Мәдинаға келсе, жәрдем көрсетуге ант берген келісім
Anonymous Quiz
0%
Худайбия келісімі
0%
Ақаба келісімі
0%
Арафат келісімі
0%
Сафа келісімі
0 voter6 views13:36
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 12:32:47
17 views09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 09:34:09 Сені біздің амалдармыз әкелді

Тарихта залымдығымен танымал моңғол билеушісі  Хулагу 1258 ж Бағдатты жаулап, қырғынға ұшыратты. 400 000 нан астам мұсылманды қырып салды. Мешіттер, медреселер жермен жексен етілді. Миллиондаған діни және ғылыми кітаптар Диджлә өзеніне тасталды. Өзен қаншама күн бойы қан және сия болып ақты. Сол күндері Хулагу, Бағдаттың ең үлкен ғалымымен кездескісі келетінін жариялайды. Бірақ ешкім келе қоймайды. Өйткені кездесудің нәтижесінде бастан айырылу жағдайы да бар еді. Бұл хабар сол заманның ең жас ғалымы Кадыханға жеткенде «Онымен мен кездесейін» дейді. Адамдар «Бір құрбан табылды-ау» деген оймен демдерін басты. Кадыхан әлі жап-жас болатын. Сақалы да бірен-саран еді.Хулагумен кездесуге барарда өзіне бір түйе, бір ешкі және бір қораз берілуін сұрайды. Сұрағаны дереу әкеліп беріледі. Кадыхан осы жануарлармен Хулагудың шатырына келгенінде жануарларды сыртта қалдырып, өзі ішке кіреді. Оны алып кірген жауынгерлер «Сіз сұраған ғалым осы» деп көрсетеді. Хулагу жас баланы басынан аяғына дейін шолып шығып: «Басқа адам таппадыңдар ма?» деп сұрайды. Кадыхан мұндай жағдайға дайын келгеніктен Хулагудың сұрағына былай жауап береді: «Сен кездесу үшін ірі денелі біреуді күткен болсаң түйемді алып келдім, жоқ әлде кәрі, ақ сақалды біреуді күткен болсаң ешкімді алып келдім, жоқ әлде жуан дауысты біреуді күткен болсаң қоразымды алып келдім. Үшеуі де шатырдың алдында тұр. Солармен кездессең болады» дейді.

Хулагу алдындағы баланың жәй адам емес екенін көріп, «Сен бері жақындап отыр», деп орын көрсетеді. "Айтшы қане мені бұл жерге әкелген себеп ?",-не деп сұрады. Кадыхан былай деп жауап береді: «Сені бұл жерге біздің амалдарымыз алып келді. Біз ниғметтерді қадірін біле алмадық. Негізгі мақсатымызды
ұмытып, лауазым, байлық, мансап қуып нәпсімізге еріп сауық сайран қудық. Хақ тағала бұл ниғметтерді бізден алу үшін сені жіберді.» Хулагу екінші сұрағын сұрайды: «Мені бұл жерден кім шығаруы мүмкін?» Кадыхан: «Бұл да
біздің өзімізге байланысты, тәубемізге келіп қаншалықты қысқа уақытта есімізді жиып нығметтердің қадірін біліп, азғындықтан, ысыраптан, зұлымдықтан, бір-бірімізді күндеуден, аңдудан бас тартсақ, сол кезде сен бұл жерде тұра алмассың» дейді.

@ilimizden
21 viewsedited  06:34
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 04:36:54 Ибн Хармала жеткізген өсиетнамада былай делінген: Сайд ибн Мусаййабтың күндізгі құлшылығын біз білетінбіз.Бірде оның түнгі құлшылығы жайлы сұрадық.Ол әр түні «Сад» сүресін оқитынын айтты.Себебін сұрағанымызда: «Ансарлықтардың біреуі бір ағаштың түбінде намаз оқығанда «Сад» сүресін оқиды екен.Сәжде жасағанда ол ағаш та сәжде жасағанын көреді.Сонда ол ағаш: «Аллаһ тағалам! Бұл сәждем арқылы менің ауыртпалығымды жеңілдете гөр! Саған деген шүкіршілігімді арттыр! Дәуіттің (а.с.) сәждесін қабылдағаның секілді менің де сәждемді қабыл қыла гөр!» – деп дұға қылған екен» – делінген.

Әбу Нуғаим- ибн Жаузи, «Аллаһ достлары», 2т.181 б.
@ilimizden
25 viewsedited  01:36
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 04:34:29
1-КҮН

"АСЫЛ АНАЛАР"кітабы

Бүгінгі оқылатын тақырыптар:

Пікір

Алғы сөз

Кіріспе

Тапсырмалар:

Суреттегі хадисті жазу

Кітап ішіндегі өзіңізге керектіні хадиске арнаған дәптерге жазу
25 views01:34
Ашу / Түсініктеме
2022-02-13 13:18:44 ILIM IZDEN pinned a file
10:18
Ашу / Түсініктеме