Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 11

2022-07-23 12:29:25
Тоқаев пен Зеленский сөйлесті: Қазақстан президенті ұстанымын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Украина тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтады. Бұл атаулы күн 23 шілдеде атап өтіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы кезең ішінде экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды әрі оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

Қазақстан президенті БҰҰ-ның көмек көрсетуімен Украина астығын экспорттау жөніндегі Түркияда қол жеткізілген үшжақты келісімге оң баға берді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге қатысты Қазақстанның түбегейлі ұстанымын растады.
925 viewsedited  09:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 13:29:45
1.4K views10:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 12:38:06
Өзіңіз тұратын ауданның әкімін жиі көресіз бе?
Anonymous Poll
11%
Иә
53%
Жоқ
3%
Жиі көремін
18%
Мүлде көрген емеспін
15%
Аты-жөнін де білмеймін
338 voters1.2K views09:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 12:24:53
Әкімдік қамаудағы Хаменованың штаты неге қысқартылмағанын түсіндірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздағы жолдауында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппаратында мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру туралы тапсырма берді. Осы тапсырма аясында Атырау облысы әкімі орынбасарларының шекті саны екі адамға (С.Айдарбеков пен Н.Таушовтың) қысқартылды.

Алайда Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қазір қамауда отырған Бақытгүл Хаменованың әкімдіктегі штаттық орны сақталғанын хабарлады.

«Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз жазған жоқ», - деп жауап берді әкімдіктегілер.

https://t.me/halyqunimedia
1.1K viewsedited  09:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 11:15:00
Кеше ғана Тоқаев барған Ыстықкөлдегі Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды

Қырғызстанның Ыстықкөл аймағында Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған ескерткіш алынып тасталды. Мұны Қырғызстан президенті әкімшілігі жариялаған фотодан көруге болады.

Ескерткіш «Рух Ордо» мәдени орталығында Нұрсұлтан Назарбаевтың 65 жасқа толуына орай 2005 жылы қойылған.

2022 жылдың 21 шілдесінде Ыстықкөл облысы Шолпан-Ата қаласындағы «Рух Ордо» мәдени орталығында Орталық Азия елдері басшылары кездесті. Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенті қатысты

https://t.me/halyqunimedia
1.2K viewsedited  08:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 09:03:04 Мешітке қондырмаған имам, күйеуінен айырған үкімет. Көпбалалы әйелдің үміті тек Тоқаевта.
Қолдау білдірейік.
1.2K viewsedited  06:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 08:28:12
Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 тамызға дейін ұзартылды

Кеше кәсіпкердің коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.

https://t.me/halyqunimedia
1.2K viewsedited  05:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 07:20:46
БАҚ-та Болат Назарбаевтың ауыр халде жатқаны айтылып жатыр

Желіде оның ауруханада жатқан видеосы мен суреттері тарады.

Дереккөздер Тұңғыш Президенттің інісіне пневмония мен тромбозбен асқынған көмей ісігі диагнозы қойылғанын хабарлады. Оның қазір Қазақстанда екені де айтылды.

Дәрігерлердің айтуынша, Болат Назарбаевтың жағдайы өте ауыр. Оған қоса науқастың қант диабеті бар, ол инсулинге тәуелді.

Видео: Экспресс К

https://t.me/halyqunimedia
1.3K viewsedited  04:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 18:07:57 Бүгінде әлемдегі ең танымал спорт түрі – футбол екендігі сөзсіз. Ал кез келген ойынды жандандыра түсетін ол – стадиондағы жанкүйерлер. Олар нешеге бөлінеді және түрлері қандай? «Хулигандар» деген кім және олар не үшін төбелеседі? «Ақтөбе» футболын кім құртты? Жанкүйерлері неге қызу қанды? Осы және футбол айналасындағы өзге тақырыпта «13 сектор» қозғалысының негізін қалаушылары Аршат және Рымбекпен әңгімелестік.

Лайк басып, коммент жазып, арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
461 views15:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 16:06:06 Нұр-Сұлтан “сары аймақта”. 23 шілдеден бастап жаңа шектеулер енгізіледі

Бас санитар дәрігердің қаулысы шықты:

қоғамдық орындарда бетперде тағу және антисептиктерді қолдану;

жүкті әйелдерді, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарды (дистанциялық форматта міндеттерін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуді;

тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуді болдырмау (топтарда іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген);

адамдар көп жиналатын объектілерде, көліктерде дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу қажет.

https://t.me/halyqunimedia
434 viewsedited  13:06
Ашу / Түсініктеме