Get Mystery Box with random crypto!

Ұлытау облысында белгісіз індеттен 70-ке жуық ірі қара арам өл | ХАЛЫҚ ҮНІ

Ұлытау облысында белгісіз індеттен 70-ке жуық ірі қара арам өлді

Ауру 200-ге жуық шаруа қожалығы бар Ұлытау ауданына қарасты Мибұлақ ауылында тараған. Олар індетпен 3 жылдан бері күресіп келеді.

Ауру жұқтырған мал күйіс қайырмайды, сауын сиырдың сүті тоқтап, әбден әлсіреген соң өледі.

Ветеринарлар патологиялық сынамалар алып, Нұр-Сұлтан мен Қарағандыға жіберді. Алайда екі жақтан екі түрлі диагноз келді. Бірінде мал ринотраxеит инфекциялық ауруынан қырылды десе, екіншісі кенеден тейлериоз жұққан деген қорытынды шығарған.

Шаруалар мал өлексесін өздері өртеп, көміп жатыр. Алайда қорым айналасы қоршалмаған. Залалсыздандыру жұмыстары да жүргізілмеген.

https://t.me/halyqunimedia