Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyqunimedia — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyqunimedia
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.44K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберіңіз: @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2022-07-20 13:20:07
СҚО-да орманда қайтыс болған әйелдің күйеуі: «Оны аңшы өлтірген жоқ»

Марқұмның туыстары оқ атқан аңшы емес, учаскелік полиция қызметкері екендігін айтты. Олар тергеуді Нұр-Сұлтан қаласының мамандары жүргізуін талап етіп отыр.

«Біз істің әділ тергелгенін қалаймыз. Әйелімді Лосеня өлтірген жоқ. Оған учаскелік полиция қызметкері оқ атты», - дейді марқұмның күйеуі Ғалымжан Мұздақбаев. 

Айтуынша, күдікті деп қамауға алынған Сергей Лосеняға бар қылмысты іле салған. Егер учаскелік инспектордың бұл іске қатысы бар екені анықталса, полиция басшылары да жауапқа тартылуы мүмкін. Сондықтан тергеушілер  ақиқатты жасырып отырған көрінеді.

11 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында жидек теруге шыққан 51 жастағы әйелге оқ тиіп, қаза тапты. Артынша күдікті ретінде 65 жастағы ер адам ұсталды.

https://t.me/halyqunimedia
1.1K viewsedited  10:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 11:22:34
Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылды

https://t.me/halyqunimedia
977 viewsedited  08:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 10:25:19 Елордада эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады

«Омикрон» штамының таралуына байланысты қаладағы эпидемиологиялық ахуал күрделі. Қазір Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа жақындады.

Соңғы екі аптада (6 шілдеден 19 шілдеге дейін) 3970 жағдай тіркелді. Өткен тәулікте 586 адам коронавирус жұқтырған.

Елордада мекемелер мен қоғамдық көліктерде маска тағып жүру ұсынылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

https://t.me/halyqunimedia
1.9K viewsedited  07:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 08:28:37 Түркістан облысынан қайғылы хабар жетті. Жүкті әйел өз үйінің ауласында асылып қалған

25 жастағы әйел жүктіліктің жетінші айында өзіне қол жұмсаған. Артында екі баласы қалды. Оқиға Түркістан облысының Келес ауданында болған.

Қоғам белсенділерінің болжауынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен әйел осындай қадамға барған.

“Суицидке жеткізу” бабы бойынша тергеу басталды.

https://t.me/halyqunimedia
3.0K viewsedited  05:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 06:58:32 «Әйелдерді зейнетке ерте шығарып еңбек нарығын шешеміз дей алмаймын» - Тамара Дүйсенова

Еңбек министрі Тамара Дүйсенова Атырауға барды. Министрдің мәліметінше, Қазақстанның еңбек нарығында 50 жастан 60 жасқа дейінгі 967 мың әйел бар, оның ішінде 325 мыңы жұмыс істемейді.

Толығырақ сілтемеде....
2.3K views03:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 06:43:16 Коронавирус жұқтырғандар саны 2 мыңға жуықтады

Елімізде соңғы тәулікте 1959 жағдай тіркелген.

Нұр-Сұлтанда 586 адам

Алматыда 597 адам

Қазақстанның барлық өңірі «жасыл» аймақта.

https://t.me/halyqunimedia
1.9K viewsedited  03:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 15:02:38 ​​Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловтың қамауда ұстау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды.

Екінші орынбасары Дәулет Ерғожиннің де қамау мерзімі 13 тамызға дейін ұзартылды.

Мәсімовтің қамауда отырғанына 6 ай болды.

https://t.me/halyqunimedia
1.3K viewsedited  12:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 14:33:31 Алматы облысында тұрғындар арасындағы қақтығыстан бір адам көз жұмды

Оқиға 18 шілдеде Алматы облысы Талғар ауданында болған. 8 тұрғынның арасында кикілжің туындап, соңы атысқа ұласқан. Олар суық қаруды қолданған.

34 жастағы ер адам пышақ жарақатынан ауруханада қайтыс болды. 33 жастағы оқ тиген тұрғын жансақтау бөлімінде жатыр.

Қылмыстық істі облыстық Полиция департаменті ерекше бақылауға алды.

https://t.me/halyqunimedia
1.6K viewsedited  11:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 12:24:55
Президенттен сөгіс алған министр еңбек демалысына шықпайтын болды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев еңбек демалысына шықпайтынын айтты.

“Еңбек демалысына шықпайтын болдым. Бірақ ондай жоспар болды. Қазір жұмыс істеуіміз керек. Сондықтан еңбек демалысынан бас тарттым. Жоспарға сәйкес 2 апта демалуым керек болған. Бірақ келесі жылы қарастырамын”, - деді Серікқали Брекешев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында

https://t.me/halyqunimedia
259 viewsedited  09:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 12:17:44
80 мың киікті ату мәселесі қарастырылып жатқан жоқ – министр

Бүгінде 80 мың киікті ату мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.

https://t.me/halyqunimedia
310 viewsedited  09:17
Ашу / Түсініктеме