Get Mystery Box with random crypto!

Елордада бір топ ресейлік жас жалдамалы жендеттер туралы ән ор | ХАЛЫҚ ҮНІ

Елордада бір топ ресейлік жас жалдамалы жендеттер туралы ән орындады

24 шілдеде қоғамдық орында
ресейлік жастар «Вагнер» жеке әскери компаниясы деген атпен танымал жалдамалы жендеттер туралы әнді орындады.

Есілдің жағасында көше караокесі жұмыс істейді. Демалушылар қалаған әніне тапсырыс беріп, тегін орындай алады.

«Вагнер» жеке әскери компаниясы - ресми мойындалмаған қарулы құрылым. 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін бірқатар мемлекет «Вагнер» тобына санкция салды. Қазір олардың Украина жерінде соғысқа қатысып жатқаны туралы ақпарат бар.

https://t.me/halyqunimedia