Get Mystery Box with random crypto!

Essizdik is the new black!

Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black! E
Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black!
Арна мекенжайы: @essizdick
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.81K
Арнадан сипаттама

Әлдеқашан ілгері Essizdik жобасына қош келдіңіз!
Essizdik – арна иесінің әлеуметтік, әдеби алаңы.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-07-19 22:58:55 Қатынастың барлығы төсекпенен,
Әңгіменің барлығы өсекпенен,
Бітетіні әлбетте қызық, бірақ
Бұл күндері әлдебір арулардан,
Кітаптар әлдеқайда қызықтырақ.


Үзінді. "Қуанышқа". 2022.
225 views19:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 20:53:54 тұрғанымен жас емес жанарда қан,
қиын кезең кетпейді күнде келіп.
ұстасам болды өзімді морально аман
қалғанынан өтемін бірдеңе қып...
183 views17:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 22:35:27 Құдай бәрімізге керек. (Менің ойымша). Сенімсіз өмір сүру өте қиын. Оны басына іс түскен адам түсінеді.

Қиналып, жәрдемді тек тылсымнан сұрайтын кезде Құдайды шын іздей бастайсың. Сол ғана жәрдем берерін түсінесің.

Бірақ... Сократ айтпақшы "Құдай бар және жоқ. Біреу және көп".

Құдай ол сенім. Сенген, тілеген адамға ол бар. Сенбейтін адамға ол жоқ.

Сенім деген ол тым әлсіз әрі сондай алып күш.

Сол үшін өз сеніміңді біреуге "пихатьтау" әсе дұрыс емес. Ақиқат жалғыз. Шындықтың өзі ауыспалы.

Біреудің сеніміне әсер ету оның өміріне әсер ету. Сол үшін абай болмақ керек.

Бәлки, сен шындық деп жүрген дүние шын емес. Сен сенетін Құдай басқа болса ше. Өзіңмен бірге өзгені де адастырмақсың.

Әркімнің Құдайы өз жүрегінде. Әрі оны өзі іздеп таппақ керек.( менің ойымша).

Бесіктен белі шықпай уағыз айту, пәтуа беру ол жақсы іс емес.

Сенің шындығыңды. Сенің сеніміңді басқалар қабылдауы міндет емес. Өз ішіңде болсын.

#иванғалия
77 views19:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 16:36:09 Қазақстан исламизациясын тоқтату мүмкін емес.

Басты тезис осы. Бұл жетпіс жылға ұласқан дінсіздіктен кейінгі тарихи құбылыс және белгілі бір топтардың тікелей әсері. Сонымен қатар, қазақ халқының ислам мәдениетінен тым ерте ажырап қалуы да өз ізін қалдырса керек. Әйтеуір, отанымыз осы жолға түсті. Әрине, бұл құбылысқа оң немесе сол баға беру әлі де ерте. Бірақ, мен айтуға, Сіз қорытынды жасауға тырысыңыз.

Біріншеден, Нұртас Адамбайдың діншілдігі, Айнұр Тұрсынбаеваның Түркия мен Дубайдағы демалысы, парламент қабырғасындағы "сақалдылар" мен сіздің инстаграм сторисіңіздегі "ұстаздар" мен "молдалардың" қаптап кетуі бір үйдің әртүрлі бөлмесі ғана. Бұл үйді салушылар бар. Бірақ, ең маңыздысы сол үйде тұрғысы келетін халық та аз емес.

Өзіңіз білетіндей үй салу оңай нәрсе емес. Көп қаражат қажет. Демек, біреулер қаражат беріп жатыр. Бұны ұғыну қажет.

Екіншіден, (менің дінге қарсылығым деп ойлап қалмаңыздар) халық кедей болған сайын көзсіз діншіл келеді. Былай айтсақ, фанатизмге шалдығады. Бұның себебі көп. Мысалы, оқу орнын аяқтай сала жұмысқа кіру үшін пара беруге мәжбүр орташа азаматтың миына: "эх, біздің қоғам шариат бойынша өмір сүрсе мұндай иттік ғұмыр кешпес едім" деген әбден орынды ой келеді. Ол азаматқа бұл идея ертегі екенін түсіндіруге мемлекеттің уақыты да, ынтасы да жоқ.

Үшіншіден, біздің мемлекетті әлем картасының ешкімге де қызықты емес бір бөлігі деп санау өрескел қате. Құпия саясат пен ықпал ету шараларының көкесі біздің аймақта болып жатыр. Оған тойтарыс беріп жатырмыз ба? Бұл басқа әңгіме. Алайда, Қазақстандағы бұрынғы КТЛ жүйесі де, Ердоғанды мадақтайтын қазақша инстаграм парақшалар да, соңғы кезде қайтадан белсенділік танытып жүрген сопылар да белгілі бір мүддені көздеп жүр. Бұл айдан анық зат. Сіздің оқып жүрген кейбір телеграм арналарыңыз да ықпал ету құралы болуы әбден мүмкін. Бұны қаңтар оқиғасы кезінде көрдік.

Қорытындылай келе, Қазақстандағы ислам ықпалын жоққа шығара алмаймыз. Тіпті, бұл ықпал уақыт өте келе ұлғая беретін болады. Бұдан қорқудың да қажеті шамалы. Жай ғана қабылдау қажет.

Алайда, егер Сіз өзіңізді толерантты либерал сезініп, "Базз Лайтер"-ді қатты көргіңіз келіп бара жатса, болашақта бұл мемлекет Сіз үшін қолайлы бола қоймас деп қауіптенемін.
692 viewsedited  13:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 16:14:01 Бұл парақша тек қана өлең туралы болады деп сөз беріп едім. Алайда, баяғыдан бері айтқым келіп жүрген мәселе бар. Үлкен мәселе.

"Базз Лайтер" мультфильмі аясындағы әңгіме Қазақстан қоғамының көңіл-күйін ашық көрсетті. Біздің ел үлкен өзгерістерді бастан кешіп жатыр. Келесі жазба сол туралы болмақ.
276 views13:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 12:04:18 Қазақ едім дегенше, құсалықпын десеңші,
Тұзағына талайдың тұсалыппын десеңші.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет – үш арысты бір түнде,
Арамыздан ап кеткен «Үш әріппін» десеңші.

Қазақ едім дегенше, бастық едім десеңші,
Самара асқан составпен астық едім десеңші.
Өзіме өзім, дүние-ай, қас қып едім десеңші,
Қырып салған халқымды аштық едім десеңші.

Қазақ едім дегенше, нар едім ғой десеңші,
Бақ дәулетті шашуға бар едім ғой десеңші.
«Кемелденген кездерде» елу миллион болып,
Құла түзде мыңғырған мал едім ғой десеңші.

Қазақ едім дегенше, дарын едім десеңші,
Әуелетіп «Айдайға» салып едім десеңші.
Бойдан қуат кеткенде, ұл қызыммен қоштасып,
Қарттар үйі алдында қалып едім десеңші…

Қазақ едім дегенше, өліп едім десеңші,
Басындағы әркімнің бөрігі едім десеңші.
Шәкәрімдей шыңырау тектілерді шыңғыртып,
Алпыс жылдай архивке көміп едім десеңші.

Қазақ едім дегенше, бөлтірік ем десеңші,
Талай дарын дүниеге келтіріп ем десеңші.
Мың жылда бір туатын Мұқағали секілді,
Алыбымды «абайсыз» өлтіріп ем десеңші.

Қазақ едім дегенше, нағыз едім десеңші,
Шаш-етектен талайға қарыз едім десеңші.
Қолым «қышып» кеткенде, ер азамат үстінен,
Астанаға жазылған арыз едім десеңші.

Қазақ едім дегенше, дінсіз едім десеңші,
Қазақ едім дегенше, құнсыз едім десеңші.
Өзбегіңе мал сатып, шашлығын сыраға,
Қосып жеген дүние ай, мұңсыз едім десеңші.
Қазақ едім дегенше…

Табылды Досымов. Қазақ едім дегенше.

@kitapuzindisi
301 views09:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 21:44:30 Өте қызық мақала. Оқып шығуға кеңес беремін.
174 views18:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 22:10:45 Бір күні
адасып арамза адамдар тобында,
Шырпыны
асықпай тұтатып шылымның
шоғында
жоғалған сенімді іздеймін.

(Әлдебір үмітті үзбеймін).

Үмітсіз шайтан деп айтады,
Көндіріп жалғанға пендені.
Құдай мен билікке, ұққаным,
Жақсы ғой пенденің сенгені.

(Әйтеуір қолымнан ештеңе келмеді).

Мазасыз түндердің,
Талайын өткізіп үлгердім,
Ойланып мәңгілік жайында.
Дем жетпей күйбелең тірліктен,
Тұншығып уайымға.

О, ғажап ғұмыр-ай!

2022
115 viewsedited  19:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 20:19:20 Көңіл сенді, жүрек сезді, көз көрді,
Екендігін бұл өмірге кім Ие...
Дүниеге көзқарасым өзгерді,
Одан бірақ өзгерген жоқ дүние!

Түбі бәрі өлім дәмін татады,
Жаны бардың бірі ертең жай қалмас.
Тар қабірге қалай сыйып жатады,
Кең дүниеге сыймай жүрген қайран бас?!.

(С) Арман Бердалин
258 views17:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 09:54:55 Қазақша контентті қолдау қажет. Ол нашар болсын, түсініксіз болсын, ұят болсын, мейлі. Себебі, ол "біздің нашар" мен "біздің ұят". Бұл маңызды.

Сондықтан, бір қазақ келіп тіл үйреніп қазақша ән шырқап, қазақша порно түсірем десе де оның айыбы жоқ. Бұл оның қанмен дарыған асыл құқығы. Оны мен де, сіз де тартып ала алмаймыз.

Қазақтың болашағы – қазақша контент.
65 views06:54
Ашу / Түсініктеме