Get Mystery Box with random crypto!

Құдай бәрімізге керек. (Менің ойымша). Сенімсіз өмір сүру өте | Essizdik is the new black!

Құдай бәрімізге керек. (Менің ойымша). Сенімсіз өмір сүру өте қиын. Оны басына іс түскен адам түсінеді.

Қиналып, жәрдемді тек тылсымнан сұрайтын кезде Құдайды шын іздей бастайсың. Сол ғана жәрдем берерін түсінесің.

Бірақ... Сократ айтпақшы "Құдай бар және жоқ. Біреу және көп".

Құдай ол сенім. Сенген, тілеген адамға ол бар. Сенбейтін адамға ол жоқ.

Сенім деген ол тым әлсіз әрі сондай алып күш.

Сол үшін өз сеніміңді біреуге "пихатьтау" әсе дұрыс емес. Ақиқат жалғыз. Шындықтың өзі ауыспалы.

Біреудің сеніміне әсер ету оның өміріне әсер ету. Сол үшін абай болмақ керек.

Бәлки, сен шындық деп жүрген дүние шын емес. Сен сенетін Құдай басқа болса ше. Өзіңмен бірге өзгені де адастырмақсың.

Әркімнің Құдайы өз жүрегінде. Әрі оны өзі іздеп таппақ керек.( менің ойымша).

Бесіктен белі шықпай уағыз айту, пәтуа беру ол жақсы іс емес.

Сенің шындығыңды. Сенің сеніміңді басқалар қабылдауы міндет емес. Өз ішіңде болсын.

#иванғалия