Get Mystery Box with random crypto!

Essizdik is the new black!

Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black! E
Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black!
Арна мекенжайы: @essizdick
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.81K
Арнадан сипаттама

Әлдеқашан ілгері Essizdik жобасына қош келдіңіз!
Essizdik – арна иесінің әлеуметтік, әдеби алаңы.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2022-07-05 13:03:01 Неге, қалай, қанша екенін білмеймін,
Бәрі әйтеуір барлығына борыштар.
Өзім үшін күн кешкенім жетпей ме,
Ұлт алдында тағы қандай борыш бар?
655 viewsedited  10:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 12:52:45 Біздің данагөйлеріміз елдің мұңы ердің мұңы деп жатады. Дұрыс та шығар бірақ, барлық азамат ұлт тағдыры жайлы құса болса, біз бақыттырақ боламыз ба? Бұл, жалпы, мүмкін бе?

Менің пікірімше әр азамат қара басы мен жанұясы жайлы ойласа жеткілікті. Өзі байып, өзі ғана толса да айып жоқ. Бар мұңы жұбайы пісіретін дәмді тамақ пен қызы ертең балабақшаға киіп баратын көйлегі болса ер азамат ез болмайды.

Қайта ұлт көркейіп, баю үшін әрбір жанұя жекедара байып, көркею қажет. Бұны, қателеспесем, Адам Смит атамыз айтып кеткен-мыс.

Біздің қазекең бәрін мұңшыл, қайғықұмар қылғысы келеді. "Қазақ!" – десе атқа қонатын адамды көргісі келеді. Бірақ, бес саусақ бірдей емес. Ең бастысы бірдей болмаса да, бес саусақ жұмылса жұдырық болады. Сол да жеткілікті сияқты.

Ер адам ұлтжанды болу үшін бақытты болу қажет. Егер қазақтың азаматы бай болса, бақытты болса ол Отан үшін бәріне барады. Себебі, кез келген дұрыс әрекеттің қайнар көзі дұрыс мотивация. Ер азамат үшін ең мықты мотивация – үйіндегі әйелі, анасы, баласы.

Сондықтан, қазақтың басына күн туса ұлтым деп у ішіп жүрген азамат емес, осы мекенде бақытты күн кешіп жүрген азамат күреседі деп ойлаймын.
513 views09:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 20:06:51 Жай ғана сыбырлап бір әннің мәтінін,
Көшеде келемін шомылып сезімге.
...Қосарға ешқандай сөзім жоқ, себебі,
Aluan барлығын "Ait"-ты ғой кезінде.
700 views17:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 18:13:07 "Өзгелерге ашпай жүрген сырыңды,
Өтінемін, ақын жігіт, маған аш!
" –
деген ару бүгін түнде тағы да,
құлай кетті төсегіме жалаңаш.
820 views15:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 18:12:02 "Өзгелерге қарағанда, білгенім,
Біз оқырман ақындарға берікпіз!
" –
деген ару бүгін түнде тағы да,
құлай кетті төсегіме еріксіз.
890 views15:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 20:49:24 Мен сені
келмейді алдағым
әлдебір саясат шебімен.
Барлығы айдан да анық-ақ,
Барлығы ебімен.

Қалқатай,
Уақыттың ең ұлы күшімен
ең ұлы арналар
толады, тасиды, кетеді.
Барлығы бәріне жетеді.
Барлығы азшылық етеді.

Бұл өмір.

Қынжылып жылаудың керегі
жоқ шығар, қарағым, себебі,
заңдылық аспаннан биіктеу.
Тағдырға көңілдің толмауын,
сондықтан қате ғой күйік деу.

адамдар ұға ма осыны?

Мұңымен бақыты қосылып,
әйтеуір өлместің ісімен,
Тәңірдің күшімен,
келеді асырып жылдарды.
Құмдарға толады теңіздер,
теңіздер басады құмдарды.

Сондықтан,
мен сені алдамай,
әлдебір пәлсапа жібіне байламай,
Жетектеп мәңгілік
ұғымы шебіне,
келемін бір қадам басқанда,
қос қадам шегіне.

2022
804 views17:49
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 20:26:38 Жыр жазғанның бәрін ақын демесек,
Сәл жарқындау болар ма еді келешек?!

2022
659 views17:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 20:25:25 Қараңғы түн.
Отырмын.
Жалғыздықтың шамын үрлеп түтінмен.
Өмір – қиын. Білемін.
Бірақ та,
Биік не бар үкімнен?

2022
651 views17:25
Ашу / Түсініктеме