Get Mystery Box with random crypto!

Essizdik is the new black!

Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black! E
Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black!
Арна мекенжайы: @essizdick
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.81K
Арнадан сипаттама

Әлдеқашан ілгері Essizdik жобасына қош келдіңіз!
Essizdik – арна иесінің әлеуметтік, әдеби алаңы.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-07-12 23:27:28 – Қош бол деп айттың,
Тағы да бірдеңе дедің.

(с)
180 viewsedited  20:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 11:40:01 Барлық өлең жазатын жасөспірімдерге kind reminder!

Сені дарынсыз ақын деп идеяларыңды сынға алатын барлық старперларды боқтай бер. Мен рұқсат бердім. Себебі, олардың ақындық шыңы Құдайға да қажеті жоқ Жазушылар одағы мен үкімет төлеп берген сапасыз, ешкім оқымайтын кітап басып шығару ғана.

Өтінем, бұдан биік бол!
905 views08:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 21:10:55 «Келдiм қайдан? Қайтсе пайдам?
Өлгеннен соң не болам?
«Мен» деген – жан, ақыл – айнам,
Жоғала ма сол шын-ақ».

Шәкәрім
213 views18:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 21:10:23 Таза ақылмен таппаған дін -
Шын дін емес, жындылық.
Қармалаған бір соқырсың,
Өлген ой мен көз, құлақ.

-Шәкәрім Құдайберді ұлы
207 views18:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 20:36:12 "Өзгелерге қарағанда, білгенім, Біз оқырман ақындарға берікпіз!" – деген ару бүгін түнде тағы да, құлай кетті төсегіме еріксіз.
189 viewsedited  17:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 20:33:25 Vera Wang көйлегіңді лақтырып еденге шаң,
Сен мені сүйгеніне тұрмын ғой әлі де таң.

2021
203 views17:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 16:13:03 Мені шайыр дейтін әзірше жалғыз адам бар. Ол – Нұрзат, яки Тыңдарман. Бүгін кәсіби өңделген әні шықты. Шын жүректен құттықтап, өз арнама салуды жөн көрдім. Себебі ән тым жақсы, одан бұрын осы әнмен байланысты естелік қандай!

Жатақханада өткен сансыз түндерде Нұрзат бөлмеме келіп ән айтып беретін. Жартылай жарық бөлмеде әндері жүрегімді емдеп, сұмдық тыныштық ұялататын. Кейде ақындығым ұстап қалып, сөзін өңдеп кететінім де жоқ емес.

Эх, ыстық кездер ғой.
367 views13:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 16:02:39 https://t.me/Tyngdarman
381 views13:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 19:20:26 №72 / Part II

Өмірді босқа өткізбе, қалқам,
Өткен мен кеткен сазы үшін,
Жауапсыз сезім назы үшін,
Көпшілік үшін, аз үшін.
Қамшының сабы қысқалау (!)
Өмірдің басты мақсаты —
басқаларға ұқсамау.

Тәңірдің әрбір пендесі жалғыз,
Даралық біздің қасиет.
Сондықтан, жаным,
Тобырға еніп,
Адамға сеніп,
Жүрудің өзі қасірет...

Көк аспан – жалғыз,
Тәңір де дара,
Адам да солай, қарағым.
Жалқылық көлін кешпеу де күнә:
"Былғанар" – деп балағым.


2022. Атырау.
543 views16:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 13:21:38 Барлығы да еңбегімнің жемісі:
Киген көйлек, мінген көлік, баспанам.
Отан маған не беріпті қарызға,
Кейде осыны сұрауға да жасқанам.
488 viewsedited  10:21
Ашу / Түсініктеме