Get Mystery Box with random crypto!

Essizdik is the new black!

Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black! E
Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black!
Арна мекенжайы: @essizdick
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.81K
Арнадан сипаттама

Әлдеқашан ілгері Essizdik жобасына қош келдіңіз!
Essizdik – арна иесінің әлеуметтік, әдеби алаңы.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-08-25 01:14:01 Сонымен қатар, менің ойымша, Мойзес Наим шектен тыс демократияның зияны туралы жақсы ойлар айтты. Оның пікірінше демократиялық қоғам ерікті түрде билікке көбірік еркіндік беруі қажет. Олай болмаған жағдайда мемлекет кез келген мәселені "демократиялық түрмен, талқылау арқылы, пікірталастырып" шешем дегенше жағдай насырға шабуы мүмкін.
684 views22:14
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 01:09:37 Бекболат Тілеухан айтып жүрген кітаптың басты ойы – билік инновациясы.

Адамзат баласы Грек демократиясы мен Ұлы Француз Революциясынан бері іліп алуға болатын жаңа дүние ойлап тапқан жоқ. Алайда, саясаттан басқа сфералардың барлығы дерлік жаңа технологиялардың әсерінен үлкен өзгерістерге ұшырады. Кітап ауторы бұл ерте ме, кеш пе мемлекеттік билікке де әсер етпей қоймайды дейді.
575 views22:09
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 20:59:01 Бүгін тиктоктан "Піссімілә!" деп "крещенские морозы" кезінде мұздай суға былш еткен қазақты көрдім. Жаһандану деген осы ма еді?!
613 views17:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 00:44:36 Ақынға махаббат жайлы жазу үшін ғашық болу міндетті емес екен, осыны түсіндім. Түсінгенім бойынша, біз қатты қалаған, бірақ қолымызда жоқ нәрсені жақсы сипаттап, керісінше уысымызға түскен нәрсе жайлы ештеңе жаза алмайды екенбіз.

В.Г. Белинский — М.В. Орловаға
Қыркүйек, 1843 жыл
178 views21:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 00:15:30 Әлдебір ақынның есіңізде қалған өлең жолдары бар ма? Төменге жаза кетіңіз, оқып жүрейік.
191 views21:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 14:32:01 Қалқатай-ау, ақындардың сезімі,
Тұрақсыздау бағытындай теңгенің.
Маған сеніп сергелдеңге түскенше,
Тоқаевқа абзал еді сенгенің.
498 viewsedited  11:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 23:19:06 Досқа хат | Part II


Бәрі де баяғыдай, абзал досым,
Қолжетімсіз өзгеріс көкжиегі.
Бәрі "Жаңа" дегім-ақ келед', бірақ,
Көз тиеді.

Бәрі де өзгеріссіз.
Білесің ғой,
Бұл елде жаңашылдық құпталмайды.
Бізге келіп жаны ашып, бізді ешкім
Құтқармайды.

Біз, бәлкім, жұрт айтатын "Отан" үшін,
Жеткіліксіз жас төгіп, мұң кештік пе?!
Әйтеуір теңей бердік теңсіздікті
Сәйкестікке.

Осылай, дос, осылай жағдай қазір,
Көз жеткізбес бостандық көкжиегі.
Бәрі "Жақсы" дегім-ақ келед', бірақ,
Көз тиеді.


28 июль, 2022
00:13

Сілтеме:
Part I
263 viewsedited  20:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 11:14:24 Бұл қазақ мол байлықты текке іздейді,
Ақшаңды миллионға жеткіз мейлі,
Сенімен қырсық Құдай о дүниеге,
Сом түгіл соқыр тиын өткізбейді.

Табылды
311 views08:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 00:48:18 Өмір заңы екен ғой кездесу мен қоштасу.
363 viewsedited  21:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 00:43:43 Жапырақ жайрап жатқанда,
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың.
367 views21:43
Ашу / Түсініктеме