Get Mystery Box with random crypto!

Essizdik is the new black!

Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black! E
Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black!
Арна мекенжайы: @essizdick
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.81K
Арнадан сипаттама

Әлдеқашан ілгері Essizdik жобасына қош келдіңіз!
Essizdik – арна иесінің әлеуметтік, әдеби алаңы.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-08-30 09:40:15 шутки шутками, а я только что пересмотрел интервью Гордона с Чичваркиным от 2015 года.
оставлю ссылку здесь, можете ознакомиться қол тиген кезде, очень интересная личность.
ес чё, он сооснователь “Евросети”, либертарианец и бізше айтқанда немного “аблязнутый”.

- Что вы продавали?
- Всё, кроме Родины.

Идеальный ответ.
260 views06:40
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 09:38:46 Әлібековтардың партиясы жайлы жазуға ұмытып кетіппін.

Көбісі Тоқаевтың қолдауымен құрылып жатқан партия дейді. Өз басым бұған сенбеймін. Керісінше, Тоқаевтың атын жамылып құрылып жатқан партияға ұқсайды.

Осыдан шамамен жиырма шақты жыл бұрын біздің сүйікті [емес] Әбіләзов ҚДТ құрған кезең есіме түсіп кетті. Жайдан жай есіме түскен жоқ. Сол кезде Тоқаевтың "киндер сюрприз" жайлы айтқаны бар еді.

Бұл жолы да солай. Амбициясы мен ақшасы бар адамдар саяси күшке жұмылып жатыр. Олардың бастарында не бары бір Құдайға аян. Жалпы, саясаттанушылар тұрақталған саяси мәдениеті жоқ мемлекеттердің саяси элитасына бизнесмендердің кіруі қауіпті деп айтады. Мен де солай ойлайм'.

Бұл кәсіпкерлердің баю жолы мен байығандағы мақсаттары мен үшін беймәлім. Ол байғұстар өздерін, тіпті, ұлттық буржуазия деп те санайтын шығар. Алайда, олардың ондай емес екенін бәріміз білеміз.

Баяғыда Чичваркиннің айтқан сөзі есіме түсіп кетті. Қазір арна жазбаларынан іздеп, бөлісе қоярмын.
265 viewsedited  06:38
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 05:41:53 Конституция күні құтты болсын!

Құдай мен Атазаңнан келген қасиетті құқықтарымызға берік болайық!
291 views02:41
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 03:30:33 Тілге келгенде бәріміз миссионер сезінуіміз керек. Өзіңді қазақтың, ұлттвң айнасындай сезін. Себебі, қазақ тілі сенен басқа ешкімге керек емес.

Орыстың да, испанның да, басқасының да сенің қазақ тіліңе түкіргені бар. Жоқ боп кетсе одан әрі дер.

Білдің бе, ол сенікі. Ол ұлттың ағып жатқан қаны. Ол сенің қаның, ол болмысың. Тіл ол - ұлт ретіндегі сен.

Орысша білу керек. Үйрен. Кітабын оқы. Біл. Ол керек.

Бірақ, орысша сөйлеу тренд емес екенін ұқ. Ол кез өтіп кетті. Енді бәрі басқаша. Қазақша әдемі сөйлей алу тренд.

Олар неге қазақша түсінбейді? Неге үйренгісі келмейді?

Себебі, қажеттілік жоқ. Қазақша білмегені үшін тым құрығанда бір жерде жетімдік көрмейді. Осыдан кейін олар не деп үйренеді?! Қай керегіме жарайды, қай жыртығымды жамар деп талпынады?

Сен барып қажетіңді қазақша сұра, інің барып қазақша сұрасын. Сосын барып көршің қазақша сұрасын. Тек мәдениетті түрде.


Қажеттілік деген осы. Клиент қазақша сөйлесе, ол өз наны үшін тырысады.

Ал сен неге қазақша сөйлеуің керек? Орысша да өмір сүре беруге болады ғой? Несіне қадіріңді кетіресің, орысша сұрай салған жеңіл ғой?

Өйткені, сен ұлтсың.

Солай, Джони
228 views00:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 07:43:41 Енді Сәбіз деген арнамен не істесем екен деп ойлап отырмын. Вариант бар ма, ағайын?
512 views04:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 07:40:30 Айтпақшы, бұл арнаға өлеңнен басқа ештеңе салмаймын деп сөз беріп едім. Онымен, ресми түрде бүгіннен бастап ақын деген асқақ [емес] есімнен бас тартамын.

Өзімді жаман ақын демеймін, кейбір ұйқас теріп жүргендерден тәуірмін. Бірақ, ақын болу үшін "тәуір" болу жеткіліксіз екен. Бұл туралы кеше түс көріп, аян алдым. Ол туралы айтқым келмейді.

Өлеңді тастамаймын. Шабыт келсе жазып тұрам, келмесе жазбаймын. Бөліскім келсе осында салып, бөліскім келмесе өшіріп тастаймын. Бәрбір өзімді үлкен қаламгер ретінде елестеткем емес. Сондықтан, бұл бір жағынан баяғыда қабылданған шешім десек те болады.

Болашақта кім боларым Құдайға ғана аян. Саясаттану, халықаралық қатынастар, поэзия мен тарих менің тұлғамның бөлігі ғана. Бұл мен қызығып қана қоймай, ізденетін салалар. Алайда, бұл салалардың біреуі де маған шынайы бақыт әкелмейді екен. Ащы болса да шындық.

Сол себепті бұл арнаға өзімнің кішкентай ғана қара басыма түскен дүниенің барлығын салып отырам. Әзірше басқа вариант болмай тұр. Бәлкім, басқа вариант керек те емес шығар. Көре жатармыз.

Негізі, адам баласының бір саланы тастап, басқа нәрселерге назар аударуы қалыпты нәрсе. Бұл – заңдылық. Сондықтан, өзгелер сияқты "Шабыт мені тастап кетті!", "Өлеңнің киесін көтере алмадым!" деп Шанель Оберлин стиліндегі драма-квин болғым келмейді. Ізденіс кез келген адамның басынан өтіп, өте қызық жерлерге апарады.

Осылай, қысқасы.

#essizdikonvacation
532 viewsedited  04:40
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 07:24:26 "Қалқатай, қалың қалай?"
– қалтырап саусақтарым –
пернетақта жүзінде қала берді.
Тәңірім, маған жауап бермес үшін
Саған терең парасат, сана берді.

2022.
875 views04:24
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 01:03:17 Құдай-ау, 2000-шы жылдардағы Жеңіс Ысқақова секс-символ болған екен ғой.
592 views22:03
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 01:15:07 Қысқасы, Бекболат Тілеухан жақсы кітапқа жақсы жарнама жасады. Әйтеуір, бір пайдасы тиді-ау!
689 views22:15
Ашу / Түсініктеме