Get Mystery Box with random crypto!

Essizdik is the new black!

Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black! E
Telegram арнасының логотипі essizdick — Essizdik is the new black!
Арна мекенжайы: @essizdick
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.81K
Арнадан сипаттама

Әлдеқашан ілгері Essizdik жобасына қош келдіңіз!
Essizdik – арна иесінің әлеуметтік, әдеби алаңы.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-09-01 10:43:02 Негізі, бір ғана президенттік мерзім деген жақсы дүние, алайда бұл жай ғана Тоқаев крашымыздың өз реформаларына шамалы ұзақтау уақыт алғысы келгеннен пайда болған өзгеріс сияқты.
296 views07:43
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 10:40:54 Президенттік мерзімін 7 жылға ұзартып, қайта сайлауға қатысуға тыйым салу деген жерін қолдамаймын. Өз мерзімін тып-тыныш 2024 жылға дейін өткізіп, қайта сайлауға түссе бір жеріміз түсіп қалар ма еді?!



324 viewsedited  07:40
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 05:12:23 «Жанның құштарлығы достыққа, ақылдың құштарлығы құрметке, тәннің құштарлығы құмарлыққа айналады. Үшеуі түйіскенде махаббатқа айналады».

Конфуций
340 views02:12
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 12:46:28 Сол туралы айтып отырып: "В**зду, брат, прокурордың күйеу баласы болғанша, иттің күшігі болғаным артық!" – дегені әлі есімде. Қатты күлдім. Дұрыс-ақ.
234 views09:46
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 12:43:53 Баяғыда дос балам бір қызбен сөйлесіп жүрді. Қысқасы махаббат, сағыз, көк аспан. Кезекті кездесуде әңгімеден әңгіме шығып жаңағы қыз: "Әкем прокурор" – демесі бар ма?!

Махаббат таусылып, сағыз шайналып, көк аспанға бұлт түсті. Отбасылық жағдайға байланысты дос баламның ҚР Прокуратурасымен қарым-қатынасы онша емес еді. Өзі әбден соттағы әділеттен көңілі қалған оппозиционер жігіт болатын.

Сөйтіп жаңағы қызбен сөйлеспей қалды. Ол ару себебін әлі күнге дейін білмейтін болар.
244 views09:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 12:35:28 Бірақ, былай қарасам олардың жүріс-тұрысындағы "минустар" маған ғана орынсыз көрініп, олардың негізгі "клиенттері" үшін әбден орынды болуы мүмкін. Мысалы, орган қызметкері көшедегі гоп-стоппен салиқалы әңгіме айтатын болса нәтижесіз қалуы ықтимал.
237 viewsedited  09:35
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 12:32:30 Бір күні Қазақстанға Құдайдың нұры жауып Грузиядағыдай реформа орын алатын болса, қазір жүрген қызметкерлердің көбісі жұмыссыз қалары анық.
220 viewsedited  09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 12:30:54 Бұл бір жағынан ҚҚҰ орын алған аморализацияның белгісі. Екінші жағынан, халықтың көбісі орган қызметкерлерін жақтырта бермейді, оларды "по умолчанию" парақор санайды.
229 views09:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 12:28:25 Елудің жартысына келген шағымда полиция қызметкерлерімен он шақты рет қана кездестім. Тіпті, сотта куәгер болдым. Есі дұрыс біреуін ғана көрдім. Қалғандары үстеріне форма киіп алған гопник сияқты көрінді.
231 viewsedited  09:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 12:25:11 Мүмкін біреуіңіз қосыларсыз, біреуіңіз айыптарсыз, бірақ құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін адамдар өте дөрекі келеді. Бәлкім, әртүрлі қылмыстық элементтермен көп араласқандықтан шығар, білмеймін, әйтеуір кейбір қылықтары өзім үшін жағымсыз.

#жекепікір #сөзбостандығы
245 viewsedited  09:25
Ашу / Түсініктеме